Әнші болғым келеді №4 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Әнші болғым келеді №4 сабақ | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау 3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану | |||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: тыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін мазмұнын айтады, заттың санын, ретін білдіретін сөздерді ажыратады Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған/оқыған мәтіндердің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді және мазмұндайды, заттың санын, ретін білдіретін сөздерді дұрыс қолданады. Оқушылардың кейбірі: тірек сөздерді орынды қолданып, мәтін мазмұнын айтады, .тақырыпқақатысты білетін қосымша ақпарат айтады. | |||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Мәтіннің мазмұнын жоспар және тірек сөздер арқылы мазмұндайды. Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді қолданады. | |||||
Лексикалық минимум | Әнші, белгілі, сахна | |||||
Грамматикалық минимум | Заттың санын, ретін білдіретін сөздер 1975- бір мың тоғыз жүз жетпіс бесінші, 28- жиырма сегіз | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өнер адамын құрметтеуге үйрену. Мақсатқа жету жолында еңбек етудің, талпыныс жасаудың, білім алудың қажеттілігін түсінеді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану, музыка, өнер | |||||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | |||||
Бастапқы білім | Аспаптар үні | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Үй тапсырмасын тексеру Әр оқушы қасында отырған көршісінің жұмысын тексеріп, пікір айту арқылы бағалайды. Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
| ||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс. Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы, синоним, анықтама беру арқылы меңгерту
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру Әнші- ән айтатын адам белгілі- атақты, танымал, әйгілі сахна – әншілер, бишілер, күйшілер өнер көрсететін орын Тіл дамыту сұрақтары
Оқылым алды тапсырма
(Ө) Оқылым мәтіні «Белгі қойып оқу» әдісі (Әр оқушы өздігінен оқып отырып, таныс емес сөздің астын сызып отырады. Оқып болған соң, астын сызған сөздерді сыныпқа айтады, білетін оқушылар анықтама беру арқылы, синонимдер айту арқылы түсіндіреді). Ән байқауы- ән сайысы, талантты балалар қатысады, 1,2,3 орындар береді, сыйлықтар береді Бас жүлде-
Роза Рымбаева - қазақтың белгілі әншісі. Ол 1957 жылы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 1975 жылы Алматыдағы спорт сарайында республикалық ән байқауы өтті. Осы ән байқауында Роза бірінші рет сахнаға шықты. Ақ көйлек киген кішкентай қыз бас жүлдені жеңіп алды. Роза сахнада «Әлия» әнін орындады. 28 жасында халық әншісі атанды. Роза Рымбаева - халықтың сүйікті әншісі. (Ө) Сұрақтарға жауап береді (толық жауап берудің қажеті жоқ, бір-екі сөзбен жауап берсе болады).
Орындап болған соң, оқушылар көршісімен ауысады да, бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Мұғалім дұрыс жауапты оқиды. Оқушылар көршілерін бағалайды. «Өте жақсы» - 6 балл «Жақсы» «4-5» балл «Талпын» «2-3» балл «Ойлан» « 0-1» балл
(Т) Тыңдалым тапсырмасы.
Дескриптор:
Тыңдалым мәтіні 2015 жылы Стамбул қаласында «Bala Turkvizyon» ән байқауы өтті. Байқауға 13 мемлекеттен әнші балалар келді. Қазақстаннан 12 жасар Тұрсынхан Еркін қатысты. Ол «Самға» әнін орындады. Байқауда Еркін «Алтын дауыс» атағын жеңіп алды. Еркін Жезқазған қаласында тұрады. Оның ұстазы және продюсері- Нұржан Керменбаев. (МК, Ұ) Жоспарды бірлесіп құру.
Топтар бір-бірінің жауаптарын дескриптор бойынша бағалайды. (Ө) Мәтін мазмұны бойынша 3 ақпаратты дәптерлеріне жазады. Қалаулары бойынша бірнеше оқушы өз жұмыстарын оқиды. «Бас бармақ» әдісі бойынша бағаланады. Сабақты бекіту
| http://kaz-tili.kz/text11.htm | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасы: Сөздерден сөйлем құрап жазады. Әнші, Роза Рымбаева, белгілі. Сахнаға, 1975, шықты, жылы, бірінші рет. Қазақстан, шығыс, әнші, туған, облысында. Қазақ, жақсы көреді, әншіні, халқы. Рефлексия |
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?