Қазақтың ұлттық музыкасы №2 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)

5-бөлім

Өнер

2-сабақ

Қазақтың ұлттық музыкасы

Бұл сабақта да оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым дағдысымен қатар оқиғаның жалғасын, кейіпкерлердің сөздерін болжай білуге үйрету көзделеді. Оқыған мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап берулері бағаланады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Грамматикалық минимум ретінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөз тіркестерін құру қарастырылады.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіндегі оқиғаның жалғасын, кейіпкердің сөзін болжайды, сұрақтарға жауап береді

Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтіндегі кейіпкерлердің әрекетіне қатысты пікірін айтады

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаңыз. «Балмұздақ таяқшалары» тәсілінің тиімділігі: барлық оқушыдан үй тапсырмасын сұрауға уақыт кетірмейсіз, бірнеше оқушыдан сұрап, бағаласаңыз жеткілікті. Ол үшін сыныптағы(өз тобыңыздағы) оқушылардың есімдерін қағаздарға жазып, жеке-жеке қиып алыңыз. Балмұздақ таяқшалары сияқты ұзындау жасаңыз да стаканға салыңыз. Кез келген қағазды алып шығасыз, сол кезде кімнің есімі шығады сол оқушы үй тапсырмасын айтады. Тек қол көтерген оқушылар ғана айтпайды, кез келген оқушы жауап беретіндіктен, оқушылар үй тапсырмасын орындап келуге тырысады. Бұл тәсілді жалпы сабақ барысында қолдануыңызға болады. «Бас бармақ» әдісі немесе пікір айту арқылы сыныптастары бағалайды.

Үй тапсырмасын сұрап болғаннан кейін, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.

Жаңа сөзді сурет арқылы және анықтама, түсінік беру арқылы меңгертіп, сабақ барысында бірнеше рет қолдануларын қадағалаңыз.

Күй- домбырада, қобызда орындалатын әуен, музыка

Күйші – күйді орындайтын адам

Сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз.

«Стоп-кадр» әдісі. Бейнематериалдан «Көне домбыра» мультфильмін көрсетіңіз (5 минут).https://www.youtube.com/watch?v=yMhRYhTsQxU

Мультфильмді көру барысында кадрды тоқтатып, жалғасын, кейіпкердің сөзін болжатыңыз. Төмендегідей сұрақтар қойыңыз. Бұл әдіс оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

  • Ары қарай не болуы мүмкін?
  • Алдар қалай алдайды деп ойлайсың?
  • Бай не айтуы мүмкін?
  • Немен аяқталады деп ойлайсың?

Оқушылардың жылдамдығына қарай , уақытыңыз болып жатса, көне домбыра мен қазіргі домбыраны салыстырып, айырмашылықтарын айттырыңыз (суреттерін слайдтан көрсету).

Пікір айту арқылы оқушылардың жауаптарын бағалаңыз.

Бұдан кейін әр оқушы өздігінен домбыра туралы мәтінмен танысады. Мәтіндегі ақпаратты түсінгендіктерін тексеру үшін, кестені толтыруды тапсырыңыз (дидактикадан алыңыз). Орындап болған соң, тақтадан дұрыс нұсқаны көріп, тексереді, өздерін бағалайды.

Өзін-өзі бағалау

  • Мен толық түсіндім (9-10 балл).
  • Мен жақсы түсіндім(7-8 балл).
  • Мен орташа түсіндім (5-6 балл).
  • Мен дұрыс түсінбедім(3-4 балл).
  • Мен түсінбедім(0-2 балл)..

Келесі тапсырмада Н.Тлендиевтің «Баламишка» күйін мектепте күй орындай алатын оқушы немесе мұғалімге орындатсаңыз жақсы болады. Міндетті түрде бұл күйді орындау керек емес. Орындаушыға сұрақтар қоя алады, орындаушы «ең қызықты сұрақ қойған оқушыны» анықтайды. Егер ондай адам табылмаса, бейнематериалдан тыңдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=2ajsqdz83K0 (2.30 минут)

  • Күй сендерге ұнады ма?
  • Күйді орындаған адамды білесіңдер ме? (Н.Тлендиев кім екенін айтып кету)
  • Сазгерге қандай сұрақ қояр едіңдер?

Әр оқушы сазгерге бір сұрақ жазады. Оқушылар «Ең қызықты сұрақты» анықтайды.

Жазылым тапсырмасында мақсатқа сай сөздердің сыңарын тауып, дәптерлеріне жазады.

Қабілеті жоғары оқушы сөйлем құрып жазады. Қалаулары бойынша бірнеше оқушы сөйлемдерін оқиды. Сыныптастар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Құрманғазы күйші туралы мәтінді оқып, мазмұнын айтуды немесе сұрақтар құрастыруды тапсырыңыз.

Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу