Қазақтың ұлттық музыкасы №2 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
№2 сабақ. Қазақтың ұлттық музыкасы
№1
Оқылым мәтіні
Домбыра - қазақтың ежелгі музыкалық аспабы. Домбырада күй ойнайды, әнді сүйемелдейді. Домбыра екі ішекті және үш ішекті болады.
Домбыра ағаштан жасалады. Домбыраның негізгі мынадай бөліктері: басы, құлағы, шанағы, ілгегі, тиегі, ішегі бар. Домбырамен күйшілер күй шығарған.
Мәтіннің мазмұны бойынша кестені толтыр. Белгі қой.
Сөйлемдер | Шын | Жалған | Айтылмаған | |
1 | Домбыра ежелгі аспап. | |||
2 | Домбыраның жеті ішегі болады. | |||
3 | Домбыра ағаштан жасалады. | |||
4 | Домбыра әрбір қазақтың үйінде бар. | |||
5 | Домбырада күй орындайды. | |||
6 | Күйшілер би билейді. | |||
8 | Домбыраны қайың ағашынан жасайды. | |||
9 | Домбырада тиек болады. | |||
10 | 3 ішекті домбыра да болады. |
№2
Қос ішекті | өнер |
музыкалық | шығару |
Ұлттық | домбыра |
Домбыраның | аспап |
Күй | құлағы |
№3
Үй тапсырмасы:
Мәтінді оқып, мазмұнын айту
Құрманғазы Сағырбаев –ұлы күйшi, сазгер. Ол Астрахань облысында дүниеге келген. Сазгердiң аты әлемге әйгiлi. Алматыда Құрманғазы атында ұлт аспаптар оркестрi бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?