Өнер деген не? 1-сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)
5-бөлім
Өнер
1-сабақ
Өнер деген не?
Бұл сабақта да оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым дағдысы дамытылады. Сонымен қатар айтылым дағдысы бағаланады. Грамматикалық минимум ретінде сөйлемдегі сөздердің ретін сақтап сөйлеу және жазу дағдылары тексеріледі.
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөздердің мағынасын түсінеді, тақырып бойынша сөйлемдер құрайды
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырады,тақырып бойынша сөздерді қолданады
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді, құрылымын сақтай отырып, мәтін құрастырады, тақырып бойынша сөздерді еркін қолданады
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
Өнер тақырыбына қатысты сөздер мен суреттерді сәйкестендіру арқылы бөлімнің атауын болжайды. Төмендегі сұрақтарды қойыңыз.
Бұларды бір сөзбен қалай атайды?
Жаңа бөлімнің атауы қандай деп ойлайсыңдар?
Сөздердің мағынасын анықтама беру арқылы, суреттер көрсету арқылы меңгертіңіз, сөз тіркестерін және сөйлемдер құрғызыңыз..
Өнер - ән, музыка, би
Би өнері, өнер үйрену, қызық өнер
Өнерлі - өнері бар адам, ән айтатын, би билейтін, заттар жасайтын адам
«Сөздермен теннис ойнау» әдісін қолдануыңызға болады. Ол төмендегі үлгіде жүргізіледі. Тапсырманы жұпта орындайды.
- өнер
- ән өнері
- Ән өнері ұнайды.
- Маған ән өнері ұнайды.
- Маған қазақтың ән өнері ұнайды.
Тіл дамыту сұрақтарын қойып, толық сөйлем түрінде жауап берулерін қадағалаңыз.
Мүмкіндік болған жағдайда өнер туралы мультфильмді көрсетіңіз. «Стоп-кадр» әдісін қолдануыңызға болады. Кадрларды тоқтатып, сол кадрға қатысты сұрақ қойып немесе болжату оқушылардың қызығушылықтарын арттырады. https://www.youtube.com/watch?v=WCUUT4oHAlI.
Мультфильм мазмұны бойынша сұрақтарды кеспе қағаз түрінде беріп, қаншалықты түсінгендіктерін тексеруіңізге болады. Орындап болған соң, оқушылар жұмыстарын қатар отырған көршілеріне береді. Мұғалім дұрыс жауапты оқып тұрады, оқушылар көршісінің жұмысын тексеріп бағалайды. «Өте жақсы»,«Жақсы», «Талпын»,«Ойлан» сияқты қысқа мадақтау сөздерін айту арқылы бағалайды.
Бұдан кейін оқушыларға келесі сұрақтарды қойыңыз. Қолдау қажет болған жағдайда, жетелеуші сұрақтар қойыңыз.
- Мультфильм не туралы?
- Балаға өнері қалай көмектесті?
- Қалай ойлайсың, өнерді үйрену үшін адамға қандай қасиеттер керек?
Жазылым тапсырмасында көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазады. Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. 1-2 оқушының жауаптарын сынып болып тыңдап, дұрыс/бұрыстығын тексеріңіз.
Соңғы тапсырмада топтар қанатты сөз бен мақалдың мағынасын ашып, өз сөздерімен ойларын айтады. Бұл жерде «Ортақ пікірге келу» әдісін қолдануыңызға болады. Әрбір оқушы өз идеясын ешкімге көрсетпей, қағаздың бұрышына жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, топ жазған барлық идеялардың ішінен бес ең маңызды идеяны таңдайды. Бұл бүкіл топпен келісіп шешіліп, шеңбердің ортасына жазады. Топта талқылап болған соң, жұмыстарын сыныпқа ұсынады. Топтардың жауаптарына өзіңіз кері байланыс беріңіз. Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданғандарын, сөйлемдерді дұрыс алғандарын, ұсыныс болып жатқан жағдайда, ұсынысыңызды айтып кетіңіз
- Адамның сәні – өнер, білім, ақылы. (Жетес шешен)
- Білім көкке жеткізерӨнер көпке жеткізер.
Адам өнер, білім, ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім, ақыл арқылы табысқа, қуанышқа, бақытқа жетуге болады. Өнерлі, білімді, ақылды адмның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады.
Үй тапсырмасын түрде түсіндіріңіз. Мәтінді түсініп оқиды, сұрақтар құрастырады.
Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?