Өнер деген не? 1-сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Өнер деген не? 1-сабақ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау 2.1 Сөздік қорды толықтыру 3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөздердің мағынасын түсінеді, тақырып бойынша сөйлемдер құрайды Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырады,тақырып бойынша сөздерді қолданады Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді, құрылымын сақтай отырып, мәтін құрастырады, тақырып бойынша сөздерді еркін қолданады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Тақырып бойынша сөздерді қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Өнер, өнерлі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, мәтін құрылымы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өнер үйренудің қажеттілігін түсінеді. Өнерлі, еңбекқор, білімді адамдарды құрметтеуге, үлгі алуға үйренеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Бөлім бойынша жиынтық бағалау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылықты ояту Сөздер мен суреттерді сәйкестендіру арқылы бөлімнің атауын болжайды.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | Сөздердің мағынасын меңгерту, сөз тіркестерін және сөйлемдер құру. Өнер - ән, музыка, би Би өнері, өнер үйрену, қызық өнер Өнерлі - өнері бар адам, ән айтатын, би билейтін, заттар жасайтын адам «Сөздермен теннис ойнау»
Тіл дамыту сұрақтары.
(Ө) Тыңдалым https://www.youtube.com/watch?v=WCUUT4oHAlI Өнер туралы мультфильм
Оқушылар жұмыстарын қатар отырған көршілеріне береді. Мұғалім дұрыс жауапты оқып тұрады, оқушылар көршісінің жұмысын тексеріп бағалайды. «Өте жақсы» «Жақсы» «Талпын» «Ойлан» (МК, Ұ) Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәті: «Өнер» Домбырам күмбірлеп, Күй шерте аламын. Бұрала би билеп, Сурет те саламын. (Ө) Жазылым. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазады. Біздің сыныпта ... балалар көп. Жанар ... билейді, Сәуле ... айтады, Қанат .. тартады. Руслан мен Сергей ... салғанды жақсы көреді. Олар – болашақ ... жұлдыздары. Керекті сөздер: өнер, өнерлі, би, күй, сурет, ән 1-2 оқушының жауаптарын тыңдап, дұрыс/бұрыстығын тексеру. (Т) Айтылым. Топтар қанатты сөз бен мақалдың мағынасын ашып, өз сөздерімен ойларын айтады.
Адам өнер, білім, ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім, ақыл арқылы табысқа, қуанышқа, бақытқа жетуге болады. Өнерлі, білімді, ақылды адмның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады. |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқиды, сұрақтар құрастырады. Марат пен Арман А.Жұбанов атындағы музыка мектебінде оқиды. Марат домбыра сыныбына барады. Ол Дәулеткерей, Құрманғазы күйлерін үйреніп жүр. Арман вокал сыныбына барады. Ол халық әндерін үйреніп жүр. Рефлексия |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды