Әкем – сәулетші. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (оқулық: «Қазақ тілі», «Көкжиек» баспасы)

4-тарау

Сәулет өнері

1-сабақ

Әкем – сәулетші

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Сөйлеу барысында берілген тақырыпқа қатысты сөздерді қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: Суреттер мен сөздерді сәйкестендіру барысында «Кім не істейді?» сұрағына жауап береді.

Оқушылардың кейбірі: Берілген сөздерді мағынасына қарай тіркестіріп, сөйлемдер құрастырады және «Сәулетші» / «Құрылысшы» мәтінін құрап айтады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

  • «Мозаика» әдісі арқылы топтарға біріктіріп, сабақтың тақырыбын жариялау үшін таңдап алынған үш суретті жеке-жеке А4 форматты қағазға 1 данадан шығарып алыңыз.
  • Суреттердің әрқайсысын сыныптағы оқушылардың бәріне жететіндей бөліктерге бөліп, қиыңыз.
  • Қиындыларды жақсылап араластырыңыз.

1-тапсырманы орындату үшін келесі кестені алдын ала дайндап, А4 форматты қағазға әр топқа 1 дана болатындай етіп шығарыңыз.

құрылыс

құрылысшы

ғимарат

көпқабатты

жаңа

2-тапсырма үшін мұғалімге орамал (көзді байлау үшін), 12 «мина» дайындау керек. Оқулықтағы 5-тапсырмада берілген әр сөйлем бойынша сұраулы сөйлем жазыңыз. Әр сұрақты А4 форматты қағазға немесе дәптердің парағына жазып, жұмырлап қойыңыз.

3-тапсырманы орындату үшін мұғалімге оқулықтағы 6-тапсырмада берілген әр сөзді жеке-жеке А4 форматты қағазға немесе дәптердің 1 бетіне үлкен етіп жазып қоюы керек.

Дескрипторды тақтаға (интербелсенді тақтаға) жазып/шығарып қоюды ұмытпаңыз.

Рефлексия үшін «Стикерлі вагондар» плакатын алдын ала жасағаныңыз дұрыс. Бұл плакатты басқа сабақтарда да ұтымды қолдана аласыз. Стикерлерді де алдын ала дайындап қою керек.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Сыныптағы парталарды 3 топқа арнап біріктіріп қойыңыз. Көңілді музыка немесе мультфильм қойып қою оқушылардың көңіл-күйін көтереді.
  • Сыныпқа кірген оқушыларды бірден тақта алдына шақырыңыз. Үстеліңіздегі сурет қиындыларын алып, мозаиканы жинауды тапсырыңыз (№2 слайдты қараңыз). Оқушылар 1 партада 1 ғана суретті жинауы тиіс. Осылай топтарға біріктіріп алыңыз.
  • Оқушылар назарын суреттерге аударыңыз (№3 слайд). Бұл кім? Ол не істейді? // Бұл не? Ол қандай? сұрақтарын әр топқа қайта-қайта баяу әрі нақты етіп қойыңыз.
  • Оқушылардан сабақтың кім/не туралы екенін болжауын сұраңыз. Сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірлесіп құрыңыз (№4 слайд).

Оқушыларға 96-бетті ашуы керектігін ескертіңіз. Жаңа сөздерді өзіңіз оқыңыз, оқушылар қайталасын. Таныстырылымда берілген 5-слайдты интербелсенді тақтадан көрсетіп, жаңа сөздерді айтқызыңыз. Ол үшін мұғалім суреттегі әр объектіні қолмен көрсетеді, ал оқушылар оның атауын айтады. Әр объектіні бастапқыда баяу нұсқап көрсетіңіз, біртіндеп объектілерді тез-тез көрсете бастаңыз. Жылдам әрі әр кезде әр ретпен көрсету барысында оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сөздікті жаттатып та үлгеруге болады.

1-тапсырманы орындаудың І жолы:

А4 форматты үлестірмелі 3 қағазды әр топқа таратыңыз. Тапсырманы орындау ретімен, регламентпен таныстырыңыз. Оқушылар суреттер мен сөздерді стрелка арқылы біріктіруі тиіс. 4 минуттан соң топтық жұмыстарды топ мүшелерін тақтаға толық шақырып қабылдаңыз (№6 слайд).

1-тапсырманы орындаудың ІІ жолы:

Бұл тапсырманы орындау барысында интербелсенді тақтаны қолдану уақытты үнемдеуге ықпал етеді. Таныстырылымдағы №6 слайдты интербелсенді тақтаға көшіріп алыңыз. Әр топтан 1 оқушы шығып, 1 суретке сәйкес нөмірді жазады және сұрақ қояды, ал сол топтың 2-оқушысы сол сұраққа жауап береді. 5 жаңа сөзбен осы жұмысты қай топ тез орындаса, сол топ жеңімпаз болады. Сыныптастары әр жұмыстан соң «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

2-тапсырма (№№7,8 слайдтар)

Топтарға оқулықтағы 5-тапсырмада берілген кестені таратыңыз. Тапсырманы орындау реті мен регламентті ескертіңіз. 5 минуттан соң оқушыларды тақта алдына шақырыңыз. №8 слайд арқылы ойын ережесімен таныстырыңыз. Оқушылар шеңбер құрып тұрады, ортада «миналар» жатады. 6+6꞊12 «мина» тастауға болады. Тапсырмада бары – 6 сөйлем, яғни әр сөйлем бойынша 2 сұрақ дайындауға болады. Ортаға 1 оқушы щақырылып, оның көзі орамалмен байланады. Оқушы «мина алқабында» жүруі керек. Аяғы тиген «минаны» алып, сұраққа жауап береді. Жауап болмаған жағдайда өз тобы мүшелерінен көмек ала алады. Әр жауаптан соң «Шапалақ» әдісімен бағалауды ұмытпауын оқушыларға ескертіңіз.

3-тапсырма

  • Оқушылар тақта алдында шеңбер құрып тұр (2-тапсырмадан кейін оқушыларды орындарына отырғызудың қажеті жоқ).
  • Алдын ала дайындап алған А4 форматты қағаздарды оқушыларға таратыңыз.
  • №9 слайд арқылы оқушыларға жұмыс барысын түсіндіріңіз: шеңбер бойымен тұрған оқушылар бір-бірінің сөздерін және өз қолындағы сөзді оқып, өзара жұптасуы керек. Жаңадан құрылған жұп сөздерін тіркестіріп, сөйлем құрайды. Дескриптор арқылы бағаланатынын ескертіңіз.
  • Барлық жұптарға 2 топты қалай құруы керектігін айтыңыз және өзіңіз оқушылар әрекетін бақылаңыз. Дұрыс шешім тапқанға дейін араласпаңыз. Оқушылар бағалауын да бақылаңыз.

Оқу бөлмесіне алдын ала ілінген «Стикерлі вагондар» плакатының мазмұнымен таныстырыңыз және оқушыларға өз атын жазып, сәйкес вагонға жапсыруын тапсырыңыз. 2-3-вагондарға стикерін жапсырған оқушылармен кері байланыс жүргізіңіз (№10 слайд).

Үй тапсырмасын орындау жолымен таныстырыңыз (№11 слайд).

Құрметті әріптес! Сіздің оқушыларыңыздың айтылым дағдысын жоғарыдағы нұсқаулық бойынша жақсарта алатыныңызға сенім білдіремін! Іске сәт!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу