Әкем – сәулетші. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (1-сабақ) Күні: Сынып: 3 | Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ. Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Әкем – сәулетші | ||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану; 3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлем құрастыру | ||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||
Бағалау критерийлері | Тақырыпқа қатысты сөйлеу барысында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды. | ||||||||||
Лексикалық минимум | Сәулет, сәулетші, құрылыс, құрылысшы, ғимарат, жаңа, қабат, көпқабатты Құрылысшы үй салады. Сәулетші жаңа үйдің жобасын жасайды. Бұл – жаңа ғимарат. Бұл – көпқабатты үй. | ||||||||||
Грамматикалық минимум | 1) Сәулет – сәулетші, құрылыс – құрылысшы 2) Кім не істейді? – Құрылысшы үй салады. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бейнелеу өнері | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану | ||||||||||
Бастапқы білім | «Мамандық» тақырыбы бойынша 1-2-сыныптарда меңгерген сөздерін естеріне түсіреді. (Әнші не істейді? Мұғалім ше?) | ||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 6 минут | Қызығушылықты ояту «Мозаика» әдісі арқылы топтарға біріктіру – 2 минут Ой шақыру сұрақтары: (1 минут) Бұлар кімдер? Олар не істейді? Бұл не? Ол қандай? Мақсаттар мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут | суреттер
интербелсенді тақта | |||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | Жаңа сөздермен жұмыс – 3 минут (96-бет) Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды. 1-тапсырма. (оқулық, 96-бет) Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп, сұрақтарға жауап беру барысында тірек сөздерді орынды қолданады. (6 минут)
Бұл не? (құрылыс) Бұл кім? (құрылысшы) Неше құрылысшы бар? (3 құрылысшы бар) Бұл не? (ғимарат) Ол қандай? (жаңа, көпқабатты) Мұғалім топтарға сурет пен тірек сөздері бар үлестірмелі қағаздарды таратып береді. Тапсырманы орындау жолын түсіндіреді. Оқушылар әр сөзді сәйкес суретпен бағыттама (стрелка) арқылы қосады және мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Топтардың тапсырманы орындауына 4 минут, топтық жұмысты қорғауына 1 минут беріледі. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады. 2-тапсырма. (оқулықтағы 5-тапсырма) «Мина» ойыны – 10 минут
3-тапсырма – 11 минут (оқулықтағы 6-тапсырма, 99-бет) «Өз жұбыңды тап» ойыны Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 6-тапсырмада берілген сөздерді жеке-жеке А4 форматты қағазға жазып, таратады. Тақта алдында тұрған оқушылар сөздерді тіркестіру үшін шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің сөздерін оқиды және жұптарын анықтайды.
Дескриптор:
Бағалау | оқулық
үлестірмелі қағаздар орамал, «миналар», үлестірмелі қағаздар сөздер жазылған А4 форматты үлестірмелі қағаздар | |||||||||
Сабақтың соңы 4 минут | Рефлексия «Стикерлі вагондар»
Оқушылар өз атын жазған стикерді сәйкес вагонға жапсырады. Үй тапсырмасы: Оқулық, 99-бет, өлеңді жаттау | «Стикерлі вагондар» плакаты + стикерлер | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?