Мен де сәулетші боламын (1). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (оқулық: «Қазақ тілі», «Көкжиек» баспасы)
4-тарау
Сәулет өнері
2-сабақ
Мен де сәулетші боламын (1)
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру көзделеді. Сондай-ақ оқушылар төбе, сырт көмекші сөздерінің мағынасы мен қолданысын меңгереді.
Оқушылардың барлығы: Райымбек батыр кесенесін сипаттап айту барысында жаңа сөздерді орынды қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: Оқыған мәтін мазмұны бойынша жаңа сөздерді қолданып сұрақтар құрастырады және жауап береді.
Оқушылардың кейбірі: Жаңа сөздерді қолданып, Әлібектің үй тапсырмасын толықтырып оқиды және мазмұнын айтады.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз:
- «4 картина – 1 сөз» суретті қағазды 3 топқа 3 дана етіп шығарып алыңыз (АКТ қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда);
- Грамматикалық кестені әр топқа 2 дана болатындай етіп шығарып алыңыз (АКТ қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда);
- Жаңа сөздерді меңгертуге арналған суретті сөздікті әр топқа 2 данадан болатындай етіп шығарып алыңыз;
- «Даналық ағашы» ойыны үшін сізге 1 қорап немесе сандық (файл қалташа немесе кез келген дорба), жол дәптердің 3 жолы көлемінде қиылған қағаз қиындыларын (оқушылар сұрақтар жазуы үшін) дайындап алыңыз;
- Оқулықтағы 5-тапсырманы орындату үшін құрастырылған мәтінді және керекті сөздер тізбегін дидактикалық материалдардан алып, топ санына қарай шығарыңыз;
- «Блоб ағашы» суретін оқушы санына сәйкес шығарып алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
- Сыныптағы парталарды 2 немесе 3 топқа арнап біріктіріп қойыңыз. Көңілді музыка немесе мультфильм қойып қою оқушылардың көңіл-күйін көтереді.
- Оқушылармен бірге «Шаттық шеңберін» құрыңыз. Тілек пен амандасудан кейін «Сандар» арқылы оқушыларды 2 немесе 3 топқа біріктіріңіз.
- №1 слайдты ашып, оқушыларды «4 картина – 1 сөз» ойыынына шақырыңыз. Интербелсенді тақта болмаған жағдайда алдын ала дайыындап алған суреттерді әр топқа бір-бірден таратып беріңіз. Жауаптар негізінде ой шақыру сұрақтарын қойыңыз (№2 слайд).
- Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірлесіп құрыңыз (оқушылар оларды өте жақсы есте сақтап қалуы тиіс – №3, 4 слайдтар).
- Оқушылар назарын 100-беттегі жаңа сөздерге аударыңыз. Жаңа сөздерді дауыстап оқып, оқушыларға өзіңізден кейін қайталауын тапсырыңыз.
1-тапсырма оқушылардың жаңа лексикалық минимумды меңгеруіне арналған. Интербелсенді тақтадан №5 слайдты ашыңыз (немесе АКТ болмаған жағдайда алдын ала дайындап алған Райымбек батыр кесенесі суретін (суретті сөздікті) топтарға таратыңыз. Бұл не? Оның сырты қандай? Оның қабырғасы қандай? Оның төбесінде не бар? Оның мұнарасы қандай? сұрақтарын қойыңыз. Жауаптарды бірлесіп «Мадақ сөздер» арқылы бағалауды ұмытпаңыз (№6 слайд).
(2-тапсырма) Оқулықтағы 3-тапсырмада берілген мәтінді топтарда оқуды тапсырыңыз. Мәтінді оқып болған соң, оқулықты жауып, алдын ала дайындап қойған қағаз қиындыларын таратыңыз. Бұл қиындыларға әр оқушы мәтін мазмұны бойынша 1 сұраулы сөйлем жазады және қорапқа салады. Қораптағы (сандықтағы) сұрақтарды жақсылап араастыруды тапсырыңыз. Осыдан кейін 1 оқушы 1 қағазды алып, сұрақты оқиды және жауап береді. Сұрақтардың қайталанып келуі мәтін мазмұнын меңгеруге және жауаптың анағұрлым толық болуына септігін тигізеді (№7 слайд).
(3-тапсырма) Оқулықтағы 5-тапсырманы сабақ мақсатына сәйкес оқылым дағдысына қарай түрлендірдік, сондықтан оқушылар назарын оқулықтағыы 5-тапсырмада берілген суретке аударыңыз да, тапсырманың шартымен таныстырыңыз. Оқушылар сурет бойынша құрылған дайын мәтінді керекті сөздермен толықтырып оқуы керек (Дескриптормен таныстыруды ұмытпаңыз). Бұл мәтінді сіз дидактикалық материалдардан ала аласыз (№8 слайд).
Рефлексия кезеңінде оқушыларға Блоб ағашы суретін таратыңыз және мына сұрақтарды қойыңыз: Өзіңді сабақта қалай сезіндің? Сәйкес суретті боя. Неге бұл суретті таңдадың? Жауаптар негізінде проблеманы анықтап, «кері байланыс» жүргізіңіз.
Үй тапсырмасын орындаудың жолдарын түсіндіріңіз.
Құрметті әріптес! Сіздің оқушыларыңыздың оқылым/айтылым дағдылары мен көмекші сөздерге қатысты (төбе, сырт) біліктілігін жоғарыдағы нұсқаулық бойынша жақсарта алатыныңызға сенім білдіремін! Іске сәт!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды