Мен де сәулетші боламын (1). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-тарау «Сәулет өнері» (2-сабақ)

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мен де сәулетші боламын (1)

Оқу мақсаттары

3.​3.​4.​1* мәтін мазмұнын нақтылау үшін сұрақтар (не? қандай? қайда?) құрастыру және оған жауап беру;

3.​5.​1.​1* мұғалімнің қолдауымен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызекі сөйлеуде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: Райымбек батыр кесенесін сипаттап айту барысында жаңа сөздерді орынды қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: Оқыған мәтін мазмұны бойынша жаңа сөздерді қолданып сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Оқушылардың кейбірі: Жаңа сөздерді қолданып, Әлібектің үй тапсырмасын толықтырып оқиды және мазмұнын айтады.

Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар мен жауаптар құрастыру барысында көмекші сөздерді қолданады.

Лексикалық минимум

Мұнара, сырт, төбе, қабырға, орналасқан

Кесененің сырт-ы, кесененің төбе-сінде, мұнараның қабырға-сы, Райымбек батыр көшесінде орналасқан.

Грамматикалық минимум

  • кесене+нің сырт+ы, кесене+нің төбе+сі
  • кесене+нің төбе+сінде, кесене+нің алд+ында

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану

Бастапқы білім

«Әкем – сәулетші» тақырыбындағы сабақта меңгерген сөздерді қолданады (Сәулетші не істейді? Сәулетшінің құралдары нелер?).

1-2-сыныпта меңгерген сөздерін (сызғыш, қарындаш, өшіргіш, циркуль, т.с.с.) еске түсіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут

«Мағынаны таны» стратегиясы

«4 картина – 1 сөз» ойыны – 2 минут

Ой шақыру сұрақтары: (1 минут)

Сәулетші не істейді? Сәулетшінің құралдары нелер? Сәулетші қандай ғимараттардың жобасын жасайды?

Мақсаттар мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут

суреттер //

№1 слайд

 

 

 

 

 

 

 

интербелсенді тақта

№2, 3 слайдтар

№4 слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

3 минут

6 минут

9 минут

9 минут

Жаңа сөздермен жұмыс – 3 минут (100-бет)

Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.

Грамматикалық минимум: көмекші сөздер: сырты, төбесі

Есте сақта!

үй+дің

ғимарат+тың

сырт...

төбе...

+сі

Үйдің сырты әдемі.

Кесененің төбесі жаңа.

кесене+нің

Мұғалім кестедегі сөздердің тіркесу жолымен таныстырады.

1-тапсырма. Жаңа сөздерді қолданып, Райымбек батыр кесенесін сипаттап айту

Мұғалім оқушылар назарын оқулықтың 100-бетіндегі 2-суретке аударады. Дәл осы сурет интербесенді тақтада да тұрады. Оқушылар сурет пен жаңа сөздерді қолданып, мұғалім сұрақтарына жауап береді. Бағалау «Мадақ сөздер» тәсілі арқылы жүзеге асады.

Күтілетін нәтиже: оқушылар жаңа сөздердің мағынасы мен қолданысын меңгереді, көмекші сөздерді (сырты, төбесі) орынды қолданады.

Бұл не?

Оның сырты қандай?

Оның қабырғасы қандай?

Оның төбесінде не бар?

Оның мұнарасы қандай?

мұнара꞊төбесі

қабырғасы꞊сырты

2-тапсырма (оқулықтағы 3-тапсырма). Оқыған мәтін мазмұны бойынша жаңа сөздерді қолданып сұрақтар құрастыру және жауап беру

Тапсырманы орындау «Даналық ағашы» ойыны арқылы жүзеге асады.

  • Оқушылар мәтінді оқиды.
  • Мұғалім таратып берген қағаз қиындысына әр оқушы 1 сұраулы сөйлем құрастырып жазады және сандыққа (қорапқа) салады.
  • Сандықтағы (қораптағы) сұрақтар жақсылап араластырылады.
  • Әр оқушы 1 сұрақты алып оқиды және жауап береді. (Сұрақтардың қайталануы мүмкін. Бұл ақпаратты бекітуге көмектеседі.)
  • Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асады.

3-тапсырма (оқулықтағы 5-тапсырма). Әлібекке үй тапсырмасы берілді. Ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы мәтінді толықтыруы керек. Жаңа сөздерді қолданып, Әлібекке үй тапсырмасын жасауға көмектесіңдер (толықтырып оқыңдар).

Бұл – Қожа Ахмет Яссауи ................ . Ол Түркістан қаласында ....................... . Кесененің қабырғалары ................. . Кесененің .................... 2 мұнара бар. Мұнараның ............... көк. Кесененің ............... ою-өрнектер бар. Кесененің ................... әдемі.

Керекті сөздер: қабырғалары, қабырғасында, төбесінде, сырты, қоңыр, орналасқан, кесенесі.

Дескриптор:

  • Мәтінді қажетті сөздермен толықтырып оқыды.
  • Мәтіннің мазмұнын айтты.

Бағалау

 оқулық

 

 

 

 интербелсенді тақта

 №5 слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 интербелсенді тақта

 +

  үлестірмелі қағаздар

 // №6 слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 №7 слайд

 +

қорап (сандық), қағаз қиындылары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 №8 слайд

 //

үлестірмелі қағаздар (сурет + мәтін+керекті сөздер)

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия

«Блоб ағашы» әдісі

Өзіңді сабақта қалай сезіндің? Сәйкес суретті боя. Неге бұл суретті таңдадың?

Үй тапсырмасы:

Оқулық, 101-бет, 4-тапсырма: толықтырып жазу, мазмұнын айту

 «Блоб ағашы» суреті (әр оқушыға таратылады)

 //

 №9 слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 №10 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу