Мен де сәулетші боламын (2). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (оқулық: «Қазақ тілі», «Көкжиек» баспасы)
4-тарау
Сәулет өнері
3-сабақ
Мен де сәулетші боламын (2)
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Оқушылардың барлығы: Сұрақтар қою арқылы жасырылған сөзді анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі: Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың кейбірі: Тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз:
- «Пазлдарды жинау» әдісін қолданып, оқушыларды топтарға біріктіру үшін дидактикалық материалдардағы өлеңдердің әр жолын жеке-жеке қиып алыңыз;
- Дидактикалық материалдарда үй тапсырмасын тексеруге арналған сөйлемдер 3 топқа бөлінген. Осы сөйлемдерді әр топқа арнап шығарып алыңыз;
- сәулетші, құрылысшы, күмбез, кесене, төбесі, сырты, мұнара сөздері жазылған 6 стикерді дайындап алыңыз және оларды оқушылардың көрмеуін қадағалаңыз;
- Оқу-әдістемелік кешендегі үнтаспаны алдын ала дайындап қойыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда аудиомәтінді 1 қағазға жазып алыңыз (өзіңіз оқып беру үшін);
- 3 дана А4 форматты қағазын дайындап қойыңыз (дәптердің таза парақтары да жарайды);
- Дидактикалық материалдардан тірек сөздер жазылған парақтарды, бағалау парақтарын, «7 пікір» рефлексиясы парағын (әр оқушыға бір рефлексифті парақ) шығарып алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
- Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Мұғалім үстелінде жатқан өлең жолдары жазылған қиындыларды бір-бірден алуын тапсырыңыз. №1 слайдты ашып, өлеңдерді құрастыруын тапсырыңыз (АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала жазып алған өлең шумақтарын тақтаға іліп қойыңыз). Құрастырған өлеңді бірге мәнерлеп оқуын қадағалаңыз. Осы құраммен 3 топтың құрылғанын жариялаңыз.
- Үй тапсырмасын тексеру үшін 3 топқа сабақалды дайындық барысында әзірлеп қойған парақтарды (толықтыруды қажет ететін сөйлемдер жазылған парақтар) таратыңыз. (№2 слайд)
- Топтардың үй тапсырмасын орындау деңгейіне кері байланыс орната отырып, жаңа тақырыпты жариялаңыз (№3 слайд). Мақсаттар мен бағалау критерийлерін бірлесе отырып құрыңыз (№4 слайд).
1-тапсырма оқушылардың өткен сабақта меңгерген лексикалық минимумдарды қайталауына мүмкіндік береді. Интербелсенді тақтадан №5 слайдты ашыңыз (немесе АКТ болмаған жағдайда 1 стикерді өз маңдайыңызға жапсырыңыз) және ойын шартын түсіндіріңіз. Тақтаға 1-топтан 1 оқушы шығады. Мұғалім өткен сабақта танысқан 1 сөз жазылған стикерді оқушының маңдайына жапсырады. Бұл сөзді 1-оқушыдан басқалары көреді, бірақ айтпайды. 1-оқушы жасырылған сөзді табу үшін сыныптастарына сұрақтар қояды, сыныптастары «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап беруі тиіс. Мысалы: стикерде «сәулетші» сөзі жазылған. 1-оқушы бұл сөзді көрмейді, бірақ оны табу үшін оқушыларға: Бұл адам ба? Бұл құрал ма? Оның сызғышы мен қарындашы бар ма? т.с.с. сұрақтар қоюы керек.
Жасырылатын сөздер: сәулетші, құрылысшы, күмбез, кесене, төбесі, сырты, мұнара
Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асады.
2-тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға арналған. Үнтаспадан осы сабаққа дайындалған аудиомәтінді тыңдатыыңыз (АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала жазып алған мәтінді өзіңіз оқып беріңіз). Осыдан кейін оқушылар назарын оқулықтың 100-бетіндегі 1-тапсырмаға аударыңыз. Әр топ тыңдалым материалы бойынша диалог құрастырып айтады: 1-оқушы сұрақты оқиды, 2-оқушы сұраққа жауап береді. Бағалау «Мадақ сөздер» әдісі арқылы орындалады.
3-тапсырма оқулықтың 101-бетіндегі 2-тапсырмада берілген тірек сөздерді қолданып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын жазуға бағытталған. №6 слайдты ашып, тірек сөздерді көрсетіңіз немесе алдын ала дайындап алған парақтарды (тірек сөздер жазылған парақтарды) топтарға таратыңыз. Дескриптормен таныстырған соң оқушыларға тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп жазуына мүмкіндік (4 минут уақыт) беріңіз. Топтар тапсырманы жазып болған соң 1-топтың жазбасын 2-топқа, 2-топтың жұмысын 3-топқа, 3-топтың жұмысын 1-топқа беріңіз. Әр топқа 1 бағалау парағын беріп, бағалау тәртібімен таныстырыңыз. Әр топ мүшелері басқа топтардың жұмыстарын дескриптор арқылы бағалайды. Өз пікірін түсіндіреді.
«7 пікір» рефлексия парағын әр оқушыға таратыңыз. Оқушыларға қажетті сөздердің астын сызуын тапсырыңыз (№8 слайд).
Үй тапсырмасын орындаудың жолдарын түсіндіріңіз (№9 слайд).
Құрметті әріптес! Сіздің оқушыларыңыздың тыңдалым/жазылым дағдыларын жоғарыдағы нұсқаулық бойынша жақсарта алатыныңызға сенім білдіремін! Іске сәт!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?