Мен де сәулетші боламын (2). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (3-сабақ) Күні: Сынып: 3 | Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ. Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мен де сәулетші боламын (2) | ||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1* тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру; Тыңдаған материалдың мазмұнын жазу 3.4.2.1* тыңдаған аудио материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Тірек сөздерді қолданып, тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. | ||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | мұнара, күмбез, сырты, төбесі | ||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | 1) Мұнараның төбесі, күмбездің сырты 2) Мұнараның төбесі қандай? – Мұнараның төбесі биік. | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады. | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бейнелеу өнері | ||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану | ||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Өткен сабақта танысқан мұнара, күмбез, сыры, төбесі сөздерінің мағынасы мен қолданысын біледі. Тыңдалым материалымен жұмыс дағдысы қалыптасқан. | ||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | Қызығушылықты ояту – 3 минут «Пазл жинау» әдісі Үйлеріне қаланың Мен қызығып қарадым. Мектеп, балабақшаны Әдемі етіп саламын – Мен құрылысшы боламын! Мен сәулетші боламын, Жүйрік менің қаламым. Жоба жасап сан түрлі Ғимараттар саламын, Мен де сәулетші боламын! Көп қабатты жаңа үй Қалада тұр сәулетті. Әкем менің – шебер-ақ, Мен де болам сәулетші! Жеке-жеке таратылған өлең жолдарын құрастыру арқылы оқушыларды топтарға біріктіру Үй тапсырмасын тексеру – 4 минут Әлібекке үй тапсырмасын жасауға көмектесіңдер. Әр топқа үй тапсырмасына берілген сөйлемдерді екі-екіден бөліп береді. 1-топ: Ме... әкем – сәулет.... . Мен де сәулетші бола.... . 2-топ: Маған Райымбек батырдың кесене... ұнайды. Кесене.... сырты аппақ. Оның күмбез... әдемі. 3-топ: Кесененің алдында түйе... мүсін... бар. Кесене жобасын сәулетші.... – Б.Ибраев, Ш.Өтебаев, С.Ағытаев жасаған. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут | №1 слайд №2 слайд №3, 4 слайдтар | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | 1-тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс «10 сұрақ» ойыны – 8 минут Тақтаға 1-топтан 1 оқушы шығады. Мұғалім өткен сабақта танысқан 1 сөз жазылған стикерді оқушының маңдайына жапсырады. Бұл сөзді 1-оқушыдан басқалары көреді, бірақ айтпайды. 1-оқушы жасырылған сөзді табу үшін сыныптастарына сұрақтар қояды, сыныптастары «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап беруі тиіс. Мысалы: стикерде «сәулетші» сөзі жазылған. 1-оқушы бұл сөзді көрмейді, бірақ оны табу үшін оқушыларға: Бұл адам ба? Бұл құрал ма? Оның сызғышы мен қарындашы бар ма? т.с.с. сұрақтар қоюы керек. Жасырылатын сөздер: сәулетші, құрылысшы, күмбез, кесене, төбесі, сырты, мұнара Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асады. 2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беру (оқулықтағы 1-тапсырма) «Ақылды достар» ойыны – 7 минут Аудиодискіден мәтінді тыңдатады. Оқушылар назарын оқулықтағы 1-тапсырмада (100-бет) берілген сұрақтарға аударады. Әр топ тыңдалым материалы бойынша диалог құрастырып айтады: 1-оқушы сұрақты оқиды, 2-оқушы сұраққа жауап береді. Бағалау «Мадақ сөздер» әдісі арқылы орындалады. 3-тапсырма. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп жазу (оқулықтағы 2-тапсырма, 101-бет) – 10 минут Тірек сөздер: сөйлесті, Райымбек батыр кесенесі, сурет салу, кесененің төбесі, кесененің сырты
Дескриптор:
| жаңа сөздер жазылған 6 стикер (№5 слайд) үнтаспа + әр топқа 1 А4 форматты қағаз Тірек сөздер жазылған парақтар (№6 слайд) + Бағалау парақтары (әр топқа 1 бағалау парағы) + №7 слайд | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «7 пікір» әдісі
Үйге тапсырма: 102-бет, 6-тапсырма: суреттер мен сөздерден сөйлемдер құрастырып жазу | «7 пікір» рефлексия парағы (әр оқушыға беріледі (№8 слайд)
№9 слайд | |||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?