Жас сәулетшілер үйірмесінде (1). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (оқулық: «Қазақ тілі», «Көкжиек» баспасы)
4-тарау
Сәулет өнері
4-сабақ
Жас сәулетшілер үйірмесінде
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Оқушылардың барлығы: Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп, олармен кесте бойынша сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі: Оқыған мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың кейбірі: Жағдаятқа сәйкес өзара диалог құрастырады.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз:
- «Өз жұбыңды тап» ойынын ұйымдастырып, оқушыларды жұптарға біріктіру үшін берілген сөздер мен суреттерді жеке-жеке қиып алыңыз;
- Дидактикалық материалдарда көрсетілген кестені (суреттер мен олардың атаулары жазылған) А4 форматына әр жұпқа жететіндей етіп шығарып алыңыз, бұл кестенің артқы бетіне грамматикалық кеснеі шығарыңыз;
- «Балық аулау» ойыны үшін магнит, шыбық немесе таяқша, 60-90 см болатын қалыңдау жіп (арқан емес), балық пішінді 8 стикер және 8 канцелярлық бекіткіш (скрепка) керек. Шыбыққа (таяқшаға) жіпті байлап, жіптің ұшына магнитті бекітіңіз. Әр балықтың артына оқулықта берілген 1 сұрақты жазыңыз (оқулықта 4 сұрақ берілген; ойынға қатысушылар санына қарай әр сұрақты 2 немесе 3 балыққа қайталап жазуға болады). Әр балыққа 1 скрепка қыстырыңыз (магнитпен тартып алуға ыңғайлы болуы үшін);
|
|
- «Аквариум» әдісі үшін дидактикалық материалдарда берілген кестені А3 немесе басқа да үлкендеу көлемдегі қағазға шығарып алыңыз;
- Пазлдың, картонның, қағаздың, ағаштың, легоның суреттерін жұптар санына қарай көбейтіп, кішкене қағаздарға шығарып, жеке-жеке қиып алыңыз;
- Оқушыларға тарату үшін смайликтер немесе стикерлер дайындап қойыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
- Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Мұғалім үстелінде жатқан қиындыларды (сөздер мен суреттерді) бір-бірден алуын тапсырыңыз. Оқушылар өзара жұптарға біріккеннен кейін №1 слайдты ашып, жұптардың дұрыс құрылғанына көз жеткізіңіз. (АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда дидактикалық материалдардан немесе ҚМЖ-дан қараңыз). Жұптарға өз тіркестерін қолданып, сөйлем құрастыруды тапсырыңыз. Осы құраммен жұптардың сабақ бойы жұмыс жасайтынын ескертіңіз.
- Оқушылар назарын оқулықтың 103-бетіндегі суретке аударыңыз. Сұрақтарға жауап алып, жаңа сабақтың тақырыбын жариялаңыз. (2 слайд)
- Оқушылармн бірлесе отырып сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтаңыз (№3 слайд).
- Жаңа сөздерді (сарай, қызғылт, қабырға) өзіңіз оқып, оқушыларға қайталатыңыз.
(1-тапсырма - №4 слайд) Жаңа сөздер мен оқушылардың 1-2-сыныптарда өткен лексикалық минимумдарды ұштастыруына мүмкіндік беретін 2 кестені әр жұпқа таратыңыз. Тапсырманы орындау ретімен таныстырыңыз. Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі.
2-тапсырма (оқулықтың 104-бетіндегі 3-тапсырма) оқылым дағдысын дамытуға бағытталған. Жұптарға 3 минут ішінде мәтін мазмұнымен танысуды тапсырыңыз. Осыдан кейін әр жұптан 1 оқушыны кезекпен ортаға шақырыңыз. Ортада (жерде) балықтар жатады. Оқушының қолына құрық беріп, «балық аулатыыңыз». Сұраққа жауап беріп болған оқушы өз балығын тақтадағы «Аквариумдардың» біріне жапсыру арқылы өз жауабын бағалайтынын алдын ала ескертіңіз (№5 слайд).
3-тапсырманы тапсырмас бұрын әр жұпқа алдын ала дидактикалық материалдардан алып, қиып дайындаған суреттерді таратыңыз. Осыдан кейін жағдаятпен таныстырыңыз. Үлгі ретінде 105-беттегі 5-тапсырмада берілген диалогті көрсетуге болады. Оқушыларға диалогті дайындауға 5 минут уақыт беріңіз. Қорғауға берілетін регламент – 1 минут. Әр жұптың жауабынан кейін оқушылардан жұмыстың дескрипторға сәйкестігін сұраңыз.
Рефлексия жүргізу үшін әр оқушыға стикер таратыңыз. Оқушылар тақтадағы «Смайликтер» плакатына өз стикерін жапсырып, пікірін айтады (№6 слайд).
Үй тапсырмасын орындаудың жолдарын түсіндіріңіз (№7 слайд).
Құрметті әріптес! Сіздің оқушыларыңыздың тілді меңгеруін қызықты әрі жеңіл ету үшін, сізге әріптестік көмек үшін әрқашан СМК порталынан қажетті ресурстарды ала алатыныңызға сенімдімін! Іске сәт!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды