Мынау қай жануардың мүсіні? (1). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (оқулық: «Қазақ тілі», «Көкжиек» баспасы)
4-тарау
Сәулет өнері
6-сабақ
Мынау қай жануардың мүсіні?
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым дағдысын шыңдау көзделеді.
Оқушылардың барлығы: Үлгі бойынша әр мүсінді сипаттап айтады.
Оқушылардың көпшілігі: Шеңбер бойымен әңгімелеу барысында маған/саған/сізге/оған септелген есімдіктерді орынды қолданады.
Оқушылардың кейбірі: Тірек сөздерді қолданып, «Шығыс күнтізбесі» субұрқағын сипаттап айтады.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар/топтар санына қарай көбейтіп алыңыз:
- «Мозаика» әдісін қолданып, топтарға бөлу үшін және оқушылар назарын сабаққа шоғырландыру үшін берілген 3 суретті А4 формтты қағаздарға шығарып алыңыз (бір данадан 3 парақ). Әр суретті бірнеше қиындыларға бөліп қиыңыз. Қиындыларды жақсылап араластырып алыңыз. АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда №1 слайдты қолданыңыз;
- №2 слайдта берілген суретті кластерді әр топқа 1 дана болатындай етіп шығарып алыңыз;
- Грамматикалық кестені әр топқа 2-3-тен таратуға болатындай етіп шығарып алыңыз;
- Тақтаға №5 слайдта берілген кестені іліңіз немесе интербелсенді тақта мүмкіндіктерін пайдаланыңыз;
- «Шығыс күнтізбесі» субұрқағының суреті мен тірек сөздер және дескриптор жазылған қағаздарды дидактикалық материалдар жинағынан шығарып алаыңыз;
- «Стикерлі вагондар» плакаты мен стикерлерді дайындап алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
- Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң шеңбер бойымен тұрғызып, «Мозаика» тәсілі арқылы топтарға біріктіріңіз. Әр топқа өз суреті бойынша 1-2 сөйлем айтуды тапсырыңыз (№1 слайд).
- №2 слайдты ашып, қысқа мерзімді жоспарда берілген сұрақтарға жауап алыңыз. Сабақтың тақырыбын болжатып көріңіз және тақырыпты жариялаңыз.
- Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірлесе отырып құрыңыз (№3 слайд).
Грамматикалық терминдерді қолданбай, жіктеу есімдіктерінің барыс септігіндегі қолданысын меңгертіңіз (№4 слайд). Үлгіні көрсетіп, өзін тексеруді тапсырыңыз.
(1-тапсырма - №5 слайд) Тақтада алдын ала дайындаған кесте мен үлгі тұрады. Мұғалім оқушылар назарын оқулықта берілген мүсіндерге (суреттерге) аударады.
Тақтадағы үлгімен танысады:
ҮЛГІ: Маған жылқының мүсіні ұнайды. Жылқының мүсінінің түсі – қоңыр.
- Әр оқушы өз атын және өзіне ұнайтын мүсіннің атауын кестеге жазады да, үлгі бойынша сипаттап айтады.
- Бағалау «Шапалақ» тәсілі арқылы жүзеге асырылады.
2-тапсырманы орындау барысында тақтадағы (1-тапсырма барысында толтырған кестесін) кестеге назарын аударыңыз. Тапсырманың орындалу ретімен таныстырыңыз. №6 слайдты қолданыңыз.
№7 слайдта берілген сурет пен тірек сөздермен таныстырыңыз және тапсырманы орындау жолымен, регламентпен таныстырыңыз. Топтарға мәтінді дайындауға 5 минут, топтық жұмысты қорғауға 2 минуттан берілетінін ескертіңіз. Топтық жұмыстарды қорғау кезінде дескриптор арқылы өзін өзі бағалау немесе топаралық бағалауды қолданыңыз.
Рефлексия жүргізу үшін №8 слайдты ашыңыз немесе «Стикерлі вагондар» плакатын қолданыңыз. Оқушылар таратып берген стикерлерге өз атын жазып, сәйкес вагонға жапсырады. 2-3-вагондарға жапсырылған стикер иелерінен осылай бағалау себебін сұраңыз, мәселені шешудің жолын сыныптастарымен бірге қарастырыңыз.
Үй тапсырмасын орындаудың жолдарын түсіндіріңіз (№9 слайд).
Құрметті әріптес! Сіздің оқушыларыңыздың тілді меңгеруін қызықты әрі жеңіл ету үшін, сізге әріптестік көмек көрсету үшін әрқашан СМК порталынан қажетті ресурстарды ала алатыныңызға сенімдімін! Іске сәт!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?