Мынау қай жануардың мүсіні? (1). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (6-сабақ) Күні: Сынып: 3 | Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ. Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мынау қай жануардың мүсіні? (1) | ||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу 3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем); Грамматикалық нормаларды сақтау 3.5.1.4* мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін ауызша тілде қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Берілген тірек сөздерді қолданып сөйлеу барысында септелген жіктеу есімдіктерін (маған/саған/сізге/оған) орынды қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | сұр | ||||||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | жіктеу есімдіктерінің барыс септігіндегі формасын қолдану: мен → маған, сен → саған, сіз → сізге, ол → оған | ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | «Жануарлар» тақырыбы бойынша 1-2-сыныптарда өткен сөздерін еске түсіреді (жылқы, қой, тауық, маймыл, қоян, жылан, доңыз, тышқан, сиыр, ит, барыс, ұлу). | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 6 минут | Қызығушылықты ояту – 2 минут «Мозаика» ойыны Оқушыларға суреттер қиындылары таратылады. Қиындылардан суреттер жинау барысында оқушылар 3 топқа бірігеді. «Мағынаны таны» стратегиясы – 2 минут Суреттерге қараңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 2 минут | №1 слайд // суреттер №2 слайд // суреттер №3 слайд | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут 5 минут 8 минут 6 минут 11 минут | Есте сақта!
Үлгі бойынша айтып, өзіңді тексер: Мен (тауықтың мүсіні) Мынау – тауықтың мүсіні. Маған тауықтың мүсіні ұнайды. Сен (барыстың мүсіні) Сіз (маймылдың мүсіні) Ол (жыланның мүсіні) 1-тапсырма (оқулықтың 109-бетіндегі 3-тапсырма). Үлгі бойынша әр мүсінді сипаттап айту
ҮЛГІ: Маған жылқының мүсіні ұнайды. Жылқының мүсінінің түсі – қоңыр.
«Шеңбер бойымен әңгімелеу» әдісі 2-тапсырма (оқулықтың 109-бетіндегі 4-тапсырма). Кімге ненің мүсіні ұнайды? Маған // саған // сізге // оған 1-тапсырмада толтырылған кестені басшылыққа ала отырып, әр топтан тақтаға шыққан 1 оқушы өз тобы мүшелеріне қай мүсіннің ұнайтыны туралы айтады. Мысалы: Маған жыланның мүсіні ұнайды. Арай, саған қоянның және барыстың мүсіні ұнайды. Апай, сізге ұлудың мүсіні ұнайды. Сашаға (оған) жылқының мүсіні ұнайды. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады. 3-тапсырма (оқулықтың 110-бетіндегі 5-тапсырма үлгісімен). Тірек сөздер бойынша «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы туралы мәтін құрастырып айту ТІРЕК СӨЗДЕР: «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы, 12 мүсін, олар, жылқының мүсіні, жыланның мүсінінің түсі – сұр, мәрмәр тастан, әдемі Бағалау дескриптор арқылы жүзеге асады. Дескриптор:
| №4 слайд // кесте (үлестірмелі қағаздар) №5 слайд // кесте + үлгі №6 слайд + кесте (1-тапсырмада қолданған/ толтырылған) кесте №7 слайд // сурет + тірек сөздер + дескриптор | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 4 минут | Рефлексия «Стикерлі вагондар»
Үйге тапсырма: 108-бет, 1-тапсырма (оқу, мазмұнын айту) | №8 слайд // «Стикерлі вагондар» плакаты + стикерлер
№9 слайд | |||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?