Көктөбеге шығамыз (1). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (оқулық: «Қазақ тілі», «Көкжиек» баспасы)

4-тарау

Сәулет өнері

7-сабақ

Көктөбеге шығамыз (1)

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым және оқылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Жазылуы мен айтылуындағы айырмашылықтарды сақтап, жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырып айтады.

Оқушылардың көпшілігі: Мәтінді оқу барысында жазылуы мен айтылуында айырмашылықтар бар сөздерді дұрыс айтады/оқиды.

Оқушылардың кейбірі: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап беру барысында айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар сөздерді дұрыс айтады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар/топтар санына қарай көбейтіп алыңыз:

  • «Сөзжұмбақшылар» сайысына керекті сөзжұмбақ пен сұрақтарын А4 форматты бірнеше қағазға шығарып алыңыз; №1слайдпен танысыңыз;
  • Үй тапсырмасына берілген мәтін мазмұны бойынша 8 сұрақтың әрқайсысын жеке-жеке парақтарға жазып алыңыз; №2 слайдпен танысыңыз;
  • Жаңа сөздермен жұмысқа арналған суретті сөздікті әр топқа 2 данадан берілетіндей етіп шығрып алыңыз;
  • Жазылуы мен айтылуында айырмашылықтары бар сөздер кестесін әр топқа 2 данадан берілетіндей етіп шығарып алыңыз; №6 слайдпен танысыңыз;
  • Оқылымға арналған мәтінді бірнеше дана етіп шығарып алыңыз;
  • Қорап немесе сандық және қағаз қиындыларын (1 сұраулы сөйлем жазуға арналған қағаз қиындысы) дайындап қойыңыз;
  • «Қосу, алу, қызықты» рефлексивтік кестесін оқушылар санына қарай шығарып алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң шеңбер бойымен тұрғызып, интербелсенді тақтаның көмегімен «Сөзжұмбақшылар» сайысын өткізіңіз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда, «Молекулалар» әдісін қолданып, топтарға біріктіріңіз. Осыдан кейін әр топқа сөзжұмбақты үлестіріңіз. «Кім жылдам?» ойыны арқылы «сөзжұмбақшылар» сайысын өткізіңіз (№1 слайд).
  • Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, қолдарына сұрақтар жазылған парақтарды беріңіз. №2 слайдты ашып, «Қар кесегі» ойынының ережесімен таныстырыңыз. Ойын аяқталған соң Алматыда тағы қандай әдемі орындар бар екенін сұраңыз. Тақырыпты жариялаңыз (№3 слайд).
  • Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірлесе отырып құрыңыз (№4 слайд).

№5 және №6 слайдтарды ашып, жаңа сөздердің лексикалық мағынасы мен айтылуын меңгертіңіз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындап қойған үлестірмелі қағаздарды топтарға таратып, жаңа сөздермен жұмыс жүргізіңіз.

№7 слайдта берілген кесте бойынша жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтарға назарын шоғырландырыңыз. 1-тапсырманы «Кім жылдам?» ойыны түрінде өткізуге болады. Оқушылар сөйлемдерді тез әрі дұрыс құрастыруы керек. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.

№8 слайдты ашып, мәтінді әр топқа оқытыңыз. Оқу барысында айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар сөздердің артикуляциясына көңіл бөлулерін тапсырыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дидактикалық материалдардан шығарып алған мәтінді әр топқа таратып, жұмысты жалғастырыңыз. Әр оқушының тапсырманы орындау деңгейін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалауды тапсырыңыз.

Әр оқушыға 1 парақшадан немесе стикерден таратыңыз. Оқушыларға «Даналық ағашы» ойынының ережесін түсіндіріңіз. Әр оқушы оқыған мәтін мазмұны бойынша 1 сұраулы сөйлем жазып, сандыққа салуы тиіс. Сандықтағы сұрақтарды жақсылап араластырған соң, әр оқушы 1 сұрақты алып оқиды және жауап береді. Оқушының жауабын сыныптастары (өзі де) дескриптор арқылы бағалайды (№9 слайд).

Әр оқушыға «Қосу, алу, қызықты» парағын таратуға болады. Әр оқушы өз пайымы бойынша кестені толтырады. «+» бағанына сабақтағы ең жақсы тапсырмаларды, сәттерді, эмоцияларды, т.с.с. жазуына болады. «-» бағанына сабақтағы басы артық ресурстарды немесе ең тиімсіз/қызықсыз тапсырманы көрсете алады. «Қызықты» бағанына сабақта өзіне ұнаған ең қызықты да пайдалы тапсырма түрін немесе көмекші сыныптасының атын, т.с.с. жазады. Уақытты үнемдеу үшін №10 слайдты ашып, жалпы сауалнама, пікіралмасу түрінде өткізуге болады.

Үй тапсырмасы сабақта өткен жаңа сөздердің айтылуы мен мағынасын меңгеруді пысықтауға арналған. Суреттерді көрсетіп, ескі/жаңа аспа жолдарды сипаттап айтуды тапсырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз (№11 слайд).

Құрметті әріптес! Сіздің оқушыларыңыздың тілді меңгеруін қызықты әрі жеңіл ету үшін, сізге әріптестік көмек көрсету үшін әрқашан СМК порталынан қажетті ресурстарды ала алатыныңызға сенімдімін! Іске сәт!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу