Көктөбеге шығамыз (1). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-тарау «Сәулет өнері» (7-сабақ)

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көктөбеге шығамыз (1)

Оқу мақсаттары

Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1* мәтін мазмұны бойынша сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру;

Оқыған мәтін бойынша пайымдама жасау

3.​2.​6.​1 мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Жазылуы мен айтылуындағы айырмашылықтарды сақтап, жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырып айтады.

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтінді оқу барысында жазылуы мен айтылуында айырмашылықтар бар сөздерді дұрыс айтады/оқиды.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап беру барысында айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар сөздерді дұрыс айтады.

Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар мен жауаптар құрастыру барысында айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар сөздерді дұрыс айтады.

Лексикалық минимум

аспа жол, ескі, темір, шыны

Грамматикалық минимум

Неден жасалған? – темірден // шыныдан

Қандай? – ескі // жаңа

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану. Өлкетану

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану

Бастапқы білім

Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Қызығушылықты ояту – 4 минут

«Сөзжұмбақшылар» сайысы

6

4

5

3

1

2

  • Ол ғимараттың жобасын жасайды. (сәулетші)
  • Ол әдемі ғимараттар жасайды. (құрылысшы)
  • «Шығыс күнтізбесі» бұл – ....... . (субұрқақ)
  • «Шығыс күнтізбесі» субұрқағында 12 ...... бар. (мүсін)
  • Жас сәулетшілер қайда барады? (үйірме)
  • Сәулетшілер жоспарлайды, құрылысшылар салады. Бұл не? (ғимарат)

Сайыс соңында оқушылар «Сандар» әдісі бойынша 2 немесе 3 топқа бірігеді.

Үй тапсырмасын тексеру – 4 минут

«Қар кесегі» ойыны

Мұғалім үй тапсырмасы бойынша алдын ала дайындап қойған сұрақтар жазылған парақтарды оқушыларға таратады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, парақтардан кесектер жасайды және бір-біріне лақтырады. Шеңбер бойындағы реті бойынша оқушылар 1 сұрақтан алып, сұрақты дауыстап оқиды және жауап береді.

СҰРАҚТАР:

Алматы қандай қала? Қалада нелер көп? Олардың сәулеті қандай? Мен жазда қайда барамын? Мен жазда кімдермен субұрқаққа барамын? Жазда қайдан салқын жел соғады? Жазда субұрқақтан қандай жел соғады? Балалар субұрқақта не істейді?

Алматыда қандай әдемі орындар бар? Сен Көктөбені білесің бе?

Сабақтың тақырыбын жариялау

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру2 минут

сөзжұмбақ

№1 слайд

сұрақтар жазылған «қар кесектері» (8 парақша)

№2 слайд

№3 слайд

№4 слайд

Сабақтың ортасы 25 минут

5 минут

6 минут

7 минут

7 минут

Жаңа сөздермен жұмыс

1-тапсырма. Жазылуы мен айтылуындағы айырмашылықтарды сақтап, жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырып айту

жазылуы

айтылуы

Көктөбе

Көктөбө

көтеріледі

көтөрүлөдү

ескі аспа жол

еск(і)аспажол

жаңа аспа жол

жаң(а)аспажол

Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.

2-тапсырма. Жазылуы мен айтылуындағы айырмашылықтарды сақтап, мәтінді оқу

Бұл – жаңа аспа жол. Аспа жолмен адамдар Көктөбеге көтеріледі. Аспа жолдың сырты темірден жасалған. Аспа жолдың терезелері шыныдан жасалған. Мен Көктөбеге ескі аспа жолмен көтерілемін.

Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы орындалады.

3-тапсырма. «Даналық ағашы» ойыны

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру/ жауап беру

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырды.
  • Сұрақтарға жауап беру барысында айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айтты.

№5,6 слайдтар

//

үлестірмелі қағаздар

кесте

№7 слайд

№8 слайд

//

үлестірмелі қағаздар

сандықша немесе қорап + қағаз қиындылары

№9 слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Қосу(+), алу(-), қызықты» әдісі

+

Сабақта не ұнады?

-

Сабақта не ұнамады?

Сабақта ең қызықты болған не?

.........................

.......................

...........................

Үйге тапсырма:

Ескі және жаңа аспа жолдарды сипаттап айту

 №10 слайд

 //

 кесте

 

 

 

 

 

 №11 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу