Көктөбеге шығамыз (2). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (оқулық: «Қазақ тілі», «Көкжиек» баспасы)
4-тарау
Сәулет өнері
8-сабақ
Көктөбеге шығамыз (2)
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым және тыңдалым дағдыларын шыңдау көзделеді.
Оқушылардың барлығы: Жаңа сөздерді қатыстырып ауыспалы осы шақ формасында сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі: Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың кейбірі: Тірек сөздерге сүйеніп, тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтады.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар/топтар санына қарай көбейтіп алыңыз:
- А, С, П, А, Ж, О, Л, Е, К, І, Ң, Ш, Ы, Н, Ы, Т, М, Р әріптерін А4 форматты қағаздарға шығарып алыңыз (18 әріпті 18 параққа); есскі және жаңа аспа жолдың суреттерін 1 данадан етіп шығарып алыңыз; №1слайдпен танысыңыз;
- Жаңа сөздерді меңгертуге арналған суретті сөздікті дидактикалық материалдардан шығарыңыз (1 дана); №4 слайдпен танысыңыз;
- 111-беттегі грамматикалық үлгіні әр топқа 1 данадан жететіндей етіп шығарыңыз; №5 слайдпен танысыңыз;
- Оқулыққа қосымша аудиодискіден қажетті мәтінді тауып, сабаққа дайындап қойыңыз;
- Микрофон дайындап алыңыз; таза парақтарды топтар санына сәйкес дайындаңыз;
- Дескрипторды жеке параққа шығарып алыңыз;
- «Бағдаршам» рефлексивтік плакатын дайындаңыз. Сондай-ақ оқушылар санына қарай жасыл, қызыл, сары түсті стикерлер немесе фишкалар дайындап қойыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
- Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң шеңбер бойымен тұрғызып, әр оқушыға 1 немесе 2 әріптен үлестіріңіз. «Жүйрік әріптер» ойынын ұйымдастырыңыз. Сұрақтарды оқып, сөз жасырыңыз. Оқушылар қолдарындағы әріптерден жасырылған сөздерді құрастыруы тиіс. Ойын соңында «Молекулалар» әдісін қолданып, топтарға біріктіріңіз (№1 слайд).
- Тақырыпты жариялаңыз (№2 слайд).
- Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірлесе отырып құрыңыз (№3 слайд).
Оқулықтың 111-бетінде берілген кір, құм, кешен сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстары жүргізіңіз (№4 слайд). Алдын ала дайындап алған (дидактикалық материалдардан шығарып алған 1 дана суретті сөздікті) суретті сөздікті пайдаланыңыз.
№5 слайдты қолданып, грамматикалық терминдерді атамастан, үлгімен таныстырыңыз. Үлгі бойынша сөйлемдер құрастырып айтуды топтарға тапсырыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дидактикалық материалдардан шығарып алған үлестірмелі қағаздардың көмегімен тапсырманы орындатыңыз.
Оқушылар назарын оқулықтың 112-бетіндегі 1-тапсырмада берілген сұрақтарға аударыңыз. Мәтін тыңдайтынын, содан кейін осы сұрақтарға жауап беретінін ескертіңіз. Аудиодискіден мәтінді тыңдатыңыз. Жауаптарды бағалауды мадақ сөздер арқылы жүргізіңіз (Сыныптастарының пікірі (комментарийлері) анағұрлым жақсы әсер етеді).
Алдын ала дайындап алған микрофон, үлестірмелі қағаздар мен №6 слайдты қолданыңыз. Тапсырманы орындау барысында оқушылар тірек сөздерді қолданып, сипаттау мәтінін және сыныптасына (Көктөбеге келушілерге) сұрақ қоя алуы керек. Мысалы:
Сіз Көктөбеге немен шықтыңыз? Қайырлы күн! Демалыс сәтті болсын! Сіз «Демалыс және спорт» кешеніне кірдіңіз бе?
Топтық жұмыстар дескриптор арқылы бағаланады.
Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратыңыз. Оқушылардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұраңыз. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағын қосымша қойыңыз. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіңіз. Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады (№7 слайд).
Үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз (№8 слайд).
Құрметті әріптес! Сіздің оқушыларыңыздың тілді меңгеруін қызықты әрі жеңіл ету үшін, сізге әріптестік көмек көрсету үшін әрқашан СМК порталынан қажетті ресурстарды ала алатыныңызға сенімдімін! Іске сәт!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?