Көктөбеге шығамыз (2). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (8-сабақ) Күні: Сынып: 3 | Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ. Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Көктөбеге шығамыз (2) | ||||||||
Оқу мақсаттары | Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну 3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну; Грамматикалық нормаларды сақтау 3.5.1.3* мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ формаларын ауызша тілде қолдану | ||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтіннің мазмұнын түсініп, жаңа сөздермен ауыспалы осы шақта сөйлемдер құрастырады. | ||||||||
Лексикалық минимум | құм, кір (етістік), кешен | ||||||||
Грамматикалық минимум | Мен не істеймін? – Мен Көктөбеге көтерілемін. Сен не істейсің? – Сен Көкөтөбеге көтерілесің. Сіз не істейсіз? – Сіз Көктөбеге көтерілесіз. Ол не істейді? – Ол Көктөбеге көтеріледі. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану | ||||||||
Бастапқы білім | Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді. | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 6 минут | Қызығушылықты ояту – 4 минут «Жүйрік әріптер» ойыны Мұғалім оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, әр оқушының қолына 1-2 әріптен береді. Ол үшін мына әріптерді А4 форматты қағаздарға жеке-жеке жазып алу керек: А, С, П, А, Ж, О, Л, Е, К, І, Ң, Ш, Ы, Н, Ы, Т, М, Р Мұғалім жасырған сөзді оқушылар тез арада қолдарындағы әріптерден құрастырулары керек.
Ойын соңында оқушылар «Молекула» әдісі арқылы топтарға бірігеді. Сабақтың тақырыбы жарияланады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 2 минут | әріптер жазылған парақшалар, №1 слайд (жаңа/ескі аспа жолдың суреттері) №2 слайд №3 слайд | |||||||
Сабақтың ортасы 30 минут 3 минут 7 минут 9 минут 11 минут | Жаңа сөздермен жұмыс Оқулықтың 111-бетінде берілген кір, құм, кешен сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстары жүргізіледі: мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды. 1-тапсырма (оқулықтың 111-бетіндегі грамматикалық кесте). Жаңа сөздерді қатыстырып үлгі бойынша сөйлемдер құрастыру ҮЛГІ: аспа жолмен көтерілу → Мен аспа жолмен көтерілді+м. Сен аспа жолмен көтерілді+ң. Сіз аспа жолмен көтерілді+ңіз. Ол аспа жолмен көтерілді.
Бағалау «Смайликтер» арқылы жүргізіледі. 2-тапсырма (оқулықтың 112-бетіндегі 1-тапсырма). Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беру
Бағалау «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі. Мәтін: Көктөбе – сәулеті әдемі демалыс орны. Көктөбеде «Демалыс және спорт» кешені бар. Көктөбеге аспа жолмен барады. Көктөбеден қала кішкентай болып көрінеді, ғимараттар кішкентай қораптарға ұқсайды. 3-тапсырма. Тірек сөздерге сүйеніп, тыңдаған мәтіннің мазмұнын айту «Репортер» тәсілі Тірек сөздер: Көктөбе, «Демалыс және спорт» кешені, сәулет, аспа жол, көтерілу, кіру
Дескриптор:
| №4 слайд №5 слайд // үлестірмелі қағаздар аудиодиск (мәтін) + оқулық микрофон, үлестірмелі қағаздар, №6 слайд | |||||||
Сабақтың соңы 4 минут | Рефлексия «Бағдаршам» әдісі Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады. Үйге тапсырма: 113-бет, 5-тапсырма (өзіңе ұнайтын демалыс орнын сипаттап жаз/айт) | №7 слайд жасыл, қызыл, сары түсті фишкалар (стикерлер) + «Бағдаршам» (плакат)
№8 слайд | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?