«Бәйтерек» неге ұқсайды? (1). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (оқулық: «Қазақ тілі», «Көкжиек» баспасы)
4-тарау
Сәулет өнері
9-сабақ
«Бәйтерек» неге ұқсайды? (1)
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым/жазылым және оқылым дағдыларын шыңдау көзделеді.
Оқушылардың барлығы: Тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп жазады.
Оқушылардың көпшілігі: Диалогті рөлдерге бөліп оқу барысында тірек сөздерді қолданып, диалогті жалғастырады.
Оқушылардың кейбірі: Берілген сұрақтарға ғаламтордан жауап іздеп тауып, ақпараттық мәтін құрастырады.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Ескерту: кейбір көрнекіліктерді АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда қағазға шығарудың қажеті жоқ.
Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар/топтар санына қарай көбейтіп алыңыз:
- Сөзжұмбақты А4 форматты қағазға шығарып алыңыз (2 дана); №1-8 слайдтармен танысыңыз;
- Бәйтерек ағашы мен «Бәйтерек» кешенінің суреттерін 1 данадан етіп шығарыңыз және оларды оқушылар санына қарай бірнеше қиындыларға бөліңіз; қиындыларды жақсылап араластырып қойыңыз; №9 слайдпен танысыңыз;
- №10 слайдпен жақсылап танысыңыз және қысқа мерзімді жоспардағы оқу мақсаттарымен танысыңыз;
- Дидактикалық материалдардан «суретті сөздікті» әр топқа 1-2 дана болатындай етіп шығарып алыңыз;
- «Қазақ тілі» оқулығына қосымша дискіден осы сабаққа арналған аудиожазбаны тауып алыңыз;
- Оқу кабинетін ғаламтормен қамтамасыз етіңіз немесе ғаламторды қолдану мүмкіндігі бар 2-3 смартфонды (әріптестер көмегін қолдануға болады) дайындап қойыңыз (немесе мультимедиялық кабинеттің, интербелсенді тақтаның, т.с.с. мүмкіндіктерін пайдаланыңыз);
- Рефлексия жүргізу үшін сізге әр оқушыға 1 парақтан дайындап алу керек (ескі дәптер парақтары да жарайды). Түрлі-түсті қарындаштар, маркерлер дайындаңыз немесе оқушыларға оларды әкелуді ескертіңіз. №13 слайдпен танысып, дидактикалық материалдардан «Алақан» әдісімен рефлексия жасауға қажетті нұсқауларды әр топқа 1 дана етіп шығарып алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
- Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң шеңбер бойымен тұрғызып, «Тышқаннан жылдам» ойынын ұйымдастырыңыз. Сөзжұмбақ толық шешілген соң оқушылар назарын тірек сөзге аударыңыз. Астана қаласы туралы сұрақтар қойыңыз (№1-8 слайдтар).
- Алдын ала дайындап алған сурет қиындыларын оқушыларға таратыңыз. Қиындылардан сурет құрастыруды тапсырыңыз. Осы бөлініспен 2 топқа бірігетіндерін айтыңыз. Суреттерге назар аудартыңыз. АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда №9 слайдты ашып, жұмысты жалғастырыңыз. Оқушылар жауаптарын тыңдай отырып, тақырыпты жариялаңыз.
- Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірлесе отырып құрыңыз (№10 слайд).
(сөздікпен жұмыс) Оқулықтың 114-бетінде берілген бәйтерек, биіктігі, самұрық құс сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстарын жүргізіңіз (№11 слайд). АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындап алған суретті сөздікті пайдаланыңыз.
(1-тапсырма) Оқушылар назарын оқулықтың 113-бетіндегі 1-2-тапсырмаларға аударыңыз. Аудиодискіден тыңдаған мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап алуды (113-бет, 1-тапсырма) «Кім жылдам?» ойыны арқылы ұйымдастырыңыз. Әр жауап барысында «Бас бармақ» әдісімен бағалауды (өзін өзі бағалау // сыныптасын бағалау // топаралық бағалау) жүргізіңіз. Оқулықтың 113-бетіндегі 2-тапсырмада берілген тірек сөздерді қолданып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын жазуды тапсырыңыз. Ол үшін әр топқа 1 ватман, түрлі-түсті қарындаштар үлестіріңіз. Жазба жұмыстары тақтаға ілініп, дауыстап оқу арқылы қорғалады.
(2-тапсырма) Оқушыларға тапсырманы орындау ретін түсіндіріңіз. Оқулықтың 115-бетіндегі 3-тапсырмада берілген диалогті рөлге бөліп оқу – осы тапсырманың бірінші бөлігі. Тапсырманың ІІ бөлігінде оқушылар ҚМЖ-да көрсетілген тірек сөздерді қолданып, диалогті жалғастыруы керек, яғни тірек сөздер негізінде сұрақтар құрастырып, оларға жауап та бере алуы керек. Тірек сөздер жазылған парақшаларды оқушыларға таратыңыз немесе тақтаға жазып қойыңыз. Топтық/жұптық жұмыстар «Шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.
(3-тапсырма) №12 слайдты ашып, сұрақтармен таныстырыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындаған (сұрақтар мен дескриптор жазылған) парақтарды таратыңыз. Смартфонның, компьютердің, т.с.с. гаджеттер көмегімен берілген сұрақтарға жауап тауып, ватманға ақпараттық мәтін құрастырып жазуын тапсырыңыз. Топтық жұмыстарды дескриптор арқылы бағалау үшін топаралық бағалауды қолдану ұсынылады.
(рефлексия) Оқушылардың әрқайсысына 1-1 парақтан таратыңыз. Оқушылар алақанның суретін салып, әр саусаққа нұсқаулықта (№13 слайдта) көрсетілген сұрақтар бойынша жауап жазып тапсырады. Бұл жұмысты ауызша да орындауға болады. Ол үшін оқушыларға алақанның суретін парақтарға салып, қажетті сөздерді жазуына (ойлануына) уақыт беріңіз (2-3 минут). Осыдан кейін сұрақ түрлерін қолдана отырып, оқушылардың жазбалары негізінде ауызша рефлексия жүргізуге болады. Мысалы: Әсем, саған не ұнады? Дима, саған ше? Кім не білді? Сабақта не оңай болды? Не қызықты болды? Саша, сенің көңіл-күйің сабақта қалай болды? Дима, сенің ше? Келесі сабақтарда нені білгілерің (қайталағыларың) келеді?
Үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.
Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстарды ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?