Қай ғимарат ұнайды? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (оқулық: «Қазақ тілі», «Көкжиек» баспасы)

4-тарау

Сәулет өнері

10-сабақ

Қай ғимарат ұнайды?

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және жазылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарды қалпына келтіріп, жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі: Суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастырып, мазмұнын айтады.

Оқушылардың кейбірі: Иллюстрациялар бойынша сипаттау мәтінін құрастырып, топтық жұмыстарды бағалайды.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ескерту: кейбір көрнекіліктерді АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда қағазға шығарудың қажеті жоқ.

Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар/топтар санына қарай көбейтіп алыңыз:

  • Өлеңнің әр жолын жеке қағаз қиындыларына шығарып алыңыз; №1 слайдпен танысыңыз;
  • №2 слайдпен танысыңыз; берілген суреттерді АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана қағаздарға шығарып алыңыз (әр топқа 1 парақтан);
  • №4 слайдпен танысыңыз; АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда берілген материалдарды (116-беттегі 1-тапсырмада берілген әр сұрақты жеке-жеке) қағаздарға шығарыңыз; жасыл, сары, қызыл түсті фишкалар дайындаңыз (әр оқушыда 3 түс те болуы керек);
  • №5 слайдпен танысыңыз; АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда берілген суреттерді жеке-жек топтар санына қарай көбейтіп, шығарып алыңыз;
  • №6 слайдпен танысыңыз; «Құпия хаттар» ойынына керекті құралдарды дайындаңыз (ватман – әр топқа 1 ватманнан, түрлі-түсті қарындаштар, әр топқа 5 суреттен – дидактикалық материалдарда қараңыз);
  • Рефлексия жүргізу үшін сізге әр оқушыға 1 парақтан дайындап алу керек (ескі дәптер парақтары да жарайды). Түрлі-түсті қарындаштар, маркерлер дайындаңыз немесе оқушыларға оларды әкелуді ескертіңіз. №7 слайдпен танысып, дидактикалық материалдардан «Алақан» әдісімен рефлексия жасауға қажетті нұсқауларды әр топқа 1 дана етіп шығарып алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң шеңбер бойымен тұрғызып, өлең жолдарын әр оқушыға таратыңыз. Оқушыларға өлең жолдарын біріктіруге уақыт беріңіз. Бұл – оқушыларға өткен материалдарды қайталауына, үй тапсырмасын тапсыруға және топтарға бірігуіне арналған оңтайлы тапсырма (№1 слайд).
  • №2 слайдты ашып, берілген сұрақтарды қойыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындап алған үлестірмелі материалдарды таратыңыз. Сұрақтарды қойып, жауаптарды тыңдай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын жариялаңыз.
  • Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірлесе отырып құрыңыз (№3 слайд).

(сөздікпен жұмыс) Оқулықтың 116-бетінде берілген бескі, тұрғын сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстарын жүргізіңіз. 116-беттегі суретті сөздікті қолданыңыз.

(1-тапсырма) Үнтаспадан аудиомәтінді тыңдатыңыз. Осыдан кейін әр топқа толықтыруды қажет ететін 1 сұрақ жазылған парақты таратыңыз. Сонымен қатар әр оқушыға жасыл, сары, қызыл фишкаларды таратыңыз. Осыдан кейін тапсырманың орындалу жолын түсіндіріңіз: 1-топ өздері толықтырған сұрақты 2-топқа, 2-топ 3-топқа, 3-топ 1-топқа қояды. Әр топ өздеріне қойылған сұраққа жауап береді де, бірден фишкалар арқылы әр топтың сұрақтары мен жауаптары бағаланады. Сары, қызыл фишкалармен бағаланған жұмыстар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

(2-тапсырма) Оқушыларға тапсырманы орындау ретін түсіндіріңіз. Оқулықтың 117-бетіндегі 2-тапсырмада берілген суреттерді тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша реттеуі және мазмұндауы тиіс. Оқушылар топтарда суреттерді мәтін мазмұнына сәйкес реттейді де, мазмұнын топта 1 рет айтып шығады. Осы дайындыққа 4 минут, әр топтың мазмұндауына 1 минут, жалпы бағалауға 1 минут берілетіні ескертіледі. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.

(3-тапсырма) (оқулықтың 117-бетіндегі 5-тапсырманы сәл өзгертіп, мына жолмен жүзеге асыру ұсынылады:)

  • Барлық топтарға бірдей Көктөбенің, «Шығыс күнтізбесі» субұрқақғының, «Бәйтерек» кешенінің, «Президент» саябағының, Райымбек батыр кесенесінің суреттері конверттерге салынып беріледі.
  • Әр топтың мүшелері суреттерді партаға жайып қарайды да, 1 ғимаратты таңдайды, бірақ басқа топтарға қай ғимаратты таңдағанын білдірмейді. Сол ғимаратты ватманға сипаттап жазады да, конвертке салып, келесі топқа береді. Келесі топ 1-топтың мәтінін оқып, мәтінге сәйкес суретті жапсырады да, 3-топқа жібереді. 3-топ хаттағы сурет жапсырылған мәтінді оқып, дұрыстығын талқылайды және тақтаға іліп, 1-топтың мәтінін, 2-топтың суретті дұрыс/бұрыс тапқандығын бағалайды. Барлық топтардың жұмыстары осылайша бір-біріне алмаса отырып, қорғалады әрі бағаланады.

(рефлексия) Оқушылардың әрқайсысына 1-1 парақтан таратыңыз. Оқушылар алақанның суретін салып, әр саусаққа нұсқаулықта (№7 слайдта) көрсетілген сұрақтар бойынша жауап жазып тапсырады. Бұл жұмысты ауызша да орындауға болады. Ол үшін оқушыларға алақанның суретін парақтарға салып, қажетті сөздерді жазуына (ойлануына) уақыт беріңіз (2-3 минут). Осыдан кейін сұрақ түрлерін қолдана отырып, оқушылардың жазбалары негізінде ауызша рефлексия жүргізуге болады. Мысалы: Әсем, саған не ұнады? Дима, саған ше? Кім не білді? Сабақта не оңай болды? Не қызықты болды? Саша, сенің көңіл-күйің сабақта қалай болды? Дима, сенің ше? Келесі сабақтарда нені білгілерің (қайталағыларың) келеді?

Үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.

Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстарды ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу