Қай ғимарат ұнайды? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (10-сабақ) Күні: Сынып: 3 | Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ. Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Қай ғимарат ұнайды? | ||||||||
Оқу мақсаттары | Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1* тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырып, мазмұндау; Каллиграфиялық дағдыларды дамыту 3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу (каллиграфиялық дағдыларын дамыту) | ||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтар құрастырады және иллюстрацияларды ретімен орналастыра отырып мазмұндайды. | ||||||||
Лексикалық минимум | Осы тарауда өтілген жаңа сөздерді қолдану | ||||||||
Грамматикалық минимум | кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану | ||||||||
Бастапқы білім | Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді. | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 7 минут | Қызығушылықты ояту – 3 минут Өлеңдерді қалпына келтіру Оқушыларға төмендегі өлеңнің әр жолы жеке-жеке қиылып, таратылады. Берілген өлең жолдарын біріктіру барысында оқушылар 3 топқа бірігеді әрі тарау бойы өтілген жаңа сөздерді еске түсіреді. Сондай-ақ үй тапсырмасын да қамтиды. «Бәйтерек» - сәні қаланың. Түрлеген оның алаңын. Аялайды «ағашты» Сарыарқаның самалы. Көктөбе – көркем, көрікті, Табиғатына тамсанам. Ол жерден түгел көрінер Алматы шамы самсаған. Бұл – үлкен сарай. Қызығады талай. Мұнарасы биік Тұр аспанға тиіп. Суреттермен жұмыс – 2 минут Бұл не? Ал мынау қай ғимарат? Саған қай ғимарат ұнайды? Саған ше? Неге? Сұрақтарға жауап береді. Сабақтың тақырыбы жарияланады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 2 минут | №1 слайд + өлең жолдары жек-жеке жазылған қағаз қиындылары №2 слайд // суреттер №3 слайд | |||||||
Сабақтың ортасы 28 минут 2 минут 8 минут 8 минут 10 минут | Жаңа сөздермен жұмыс Оқулықтың 116-бетінде берілген ескі, тұрғын сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстары жүргізіледі: мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды. 116-беттегі суретті сөздікпен жұмыс жүргізіледі. 1-тапсырма (116-беттегі 1-тапсырма). Мәтінді тыңдап, сұрақтарды қалпына келтіру Оқушылар үнтаспадан мәтінді тыңдайды. Әрі қарай:
2-тапсырма (117-беттегі 2-тапсырма). Берілген суреттерді тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша орналастырып, мазмұндау Оқушылар назары оқулықтағы суреттерге (117-бет, 2-тапсырма) аударылады. Тапсырманы орындау жолы түсіндіріледі. Оқушылар топтарда суреттерді мәтін мазмұнына сәйкес реттейді де, мазмұнын топта 1 рет айтып шығады. Осы дайындыққа 4 минут, әр топтың мазмұндауына 1 минут, жалпы бағалауға 1 минут берілетіні ескертіледі. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады. 3-тапсырма. «Құпия хаттар» ойыны (оқулықтың 117-бетіндегі 5-тапсырманы сәл өзгертіп, мына жолмен жүзеге асыру ұсынылады:)
Дескриптор:
| оқулық №4 слайд // оқулық + үнтаспа // үлестірмелі қағаздар + жасыл/ сары/ қызыл фишкалар №5 слайд // суреттер №6 слайд + ватман, түрлі-түсті қарындаштар, маркерлер + әр топқа 5 суреттен үлестіру | |||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «Алақан» әдісі
Үйге тапсырма: 117-бет, 3-тапсырма (оқу, мазмұндау) | үлестірмелі қағаздар, түрлі-түсті қарындаштар №7 слайд
оқулық №8 слайд | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?