«Ханшатыр» - ерекше ғимарат. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (оқулық: «Қазақ тілі», «Көкжиек» баспасы)
4-тарау
Сәулет өнері
11-сабақ
«Ханшатыр» - ерекше ғимарат
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын шыңдау көзделеді.
Оқушылардың барлығы: Мәтінді рөлдерге бөліп оқиды.
Оқушылардың көпшілігі: Суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастырып, мазмұнын айтады.
Оқушылардың кейбірі: Суреттер мен сөздерді қолданып, «Ханшатыр» - ерекше ғимарат» тақырыбында құрмалас сөйлемдер құрастырып айтады.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.
Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар/топтар санына қарай көбейтіп алыңыз:
- Дидактикалық материалдардан оқушыларға таратуға арналған сөздерді шығарып, алдын ала қиып алыңыз; №1 слайдпен танысыңыз;
- №2 слайдпен танысыңыз; Оқу мақсаттарымен танысып алыңыз;
- «Ханшатырдың» суретін А4 форматты қағазға шығарып алыңыз (1 дана);
- №4 слайдпен танысыңыз; АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда берілген суреттерді жеке-жеке топтар санына қарай көбейтіп, шығарып алыңыз;
- №5 слайдпен танысыңыз; дидактикалық материалдардан 1-2-топтарға арналған суреттер мен дескриптор жазылған парақты дайындап алыңыз;
- №6 слайдпен танысыңыз; АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана «Жетістік баспалдағын» плакатқа шығарып алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
- Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң шеңбер бойымен тұрғызып, жекелеген сөздер жазылған қағаз қиындыларын үлестіріңіз. Оқушыларға берілген сөздерді бәріне көрінетіндей етіп ұстауын сұраңыз. Қолындағы сөздерін өзара тіркестірген жұптар қатар тұрып, сөйлем құрастыруын қадағалаңыз. Осылайша оқушыларды 6-7 жұпқа біріктіріңіз (Ескерту! Егер сыныптағы оқушылар саны 14-тен артық болса, онда жекелеген сөздерді 117-беттегі 3-тапсырмада берілген сөйлемдерден ала аласыз. Ал егер сыныптағы оқушылар саны 14-тен кем болса, онда берілген сөздер санын өз еркіңізбен кеміте аласыз). (№1 слайд).
- Оқушылар тақта алдында шеңбер бойымен тұрған қалпында. Көпірше сұрақтар арқылы біртіндеп үй тапсырмасын тексеруге көшіңіз. Мысалы, 7-жұп «Бейбітшілік пен келісім» сарайы Астанада орналасқан» деген сөйлеммен «Адасқан сөздер» ойыны бітеді. Сіз: «Жақсы. Астана туралы тағы не айта аласыңдар? Үйге берілген мәтіннің мазмұнын шеңбер бойымен әңгімелейік» деп, 1 оқушыға үй тапсырмасын айта бастауын тапсырыңыз. Келесі ақпаратты (сөйлемді) 1-оқушының жанында тұрған оқушы айтады, одан әрі қарай осылай жалғаса береді.
- Жаңа сабақтың тақырыбын жариялаңыз.
- Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірлесе отырып құрыңыз (№2 слайд).
(сөздікпен жұмыс) №3 слайдта берілген сауда орталығы, ойын-сауық кешені тіркестерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстарын жүргізіңіз. 118-беттегі суретті сөздікті қолданыңыз.
(1-тапсырма) Тақтаға «Ханшатырдың» суретін іліңіз. Жұптарды кезекпен тақта алдына шақырып, оқулықтың 119-бетіндегі 2-тапсырмада берілген диалогті рөлдерге бөліп оқуды тапсырыңыз. 1-жұп мәтінді толық оқиды да, тақта алдында тұрады. Тақтаға 2 жұп шақырылады. Олардың бірі мәтіннің 1-жартысын, келесі жұп мәтіннің 2-жартысын оқиды. Осы 3 жұп 1-топты құрап, бірге отырады. Сыныптағы қалған оқушылар берілген диалогті жоғарыдағы ретпен оқи отырып, 2-топты құрайды. Рөлге бөліп оқу «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.
(2-тапсырма) Оқушыларға тапсырманы орындау ретін түсіндіріңіз. Оқулықтың 119-бетіндегі 3-тапсырмада берілген суреттерді оқыған мәтіннің мазмұны бойынша реттеуі және мазмұндауы тиіс. Оқушылар топтарда суреттерді мәтін мазмұнына сәйкес реттейді де, мазмұнын топта 1 рет айтып шығады. Осы дайындыққа 4 минут, әр топтың мазмұндауына 1 минут, жалпы бағалауға 1 минут берілетіні ескертіледі. Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы орындалады. №4 слайдты қолдану ұсынылады.
(3-тапсырма) (оқулықтың 120-беттегі 4-тапсырма бойынша:)
- Оқушылар оқулықтағы суреттерге қарап, балаларға ат қояды.
- Үлгімен танысады (ЕСКЕРТУ! ҚМЖ-да берілген үлгі оқулықтағы үлгіден өзгешелеу).
ҮЛГІ: Сәлем! Мен – Айарумын. Меніңше, «Ханшатыр» - ерекше ғимарат, себебі «Ханшатырда» тропикалық бақтар бар.
- 1-топ бірінші және екінші сурет бойынша, 2-топ үшінші және төртінші сурет бойынша үлгіге сәкес құрмалас сөйлемдер құрастырып айтады.
Бағалау дескриптор арқылы орындалады.
(рефлексия) №6 слайдты ашыңыз. Оқушыларға сабақтағы өз жұмыстарына баға беруін сұраңыз. Төмен баға берген оқушылармен «кері байланыс» жүргізіңіз.
Үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.
Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстарды ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?