file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Үйдің қабырғасы неден жасалған? (ОМЖ бойынша 3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-тарау «Сәулет өнері» Күні:

Сынып: 3

Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үйдің қабырғасы неден жасалған? (ОМЖ бойынша 3-сабақ)

Оқу мақсаттары

4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту

3.​4.​5.​1 Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу;

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.​2.​1.​1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп, олармен сөйлемдер құрастырып айтады.

Оқушылардың көпшілігі:

Жаңа сөздерді қолданып, сұрақтарға жауап жазады және сурет бойынша үйді сипаттап айтады.

Оқушылардың кейбірі:

Ғимараттың түрін анықтап, сипаттап айтады.

Бағалау критерийлері

Ғимараттың түрін анықтап, сипаттап айту барысында жаңа сөздерді орынды қолданады.

Лексикалық минимум

кірпіш, темір, шыны

Грамматикалық минимум

  • Үйдің қабырғасы / есігі / терезесі
  • кірпіштен / темірден / шыныдан жасалған

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану

Бастапқы білім

Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

«Адасқан буындар» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру – 3 минут

Сөздерді қалпына келтіріп, оларға ортақ атауды табу

  • сайар – ............
  • үйқонақ – ............
  • бақшабала – ............
  • тепмек – ............
  • кендү – ............
  • кешені сауда – .......
  • жаймұра – ............
  • йү – ............

Ортақ атау: .....................................

Сұрақтарға жауап беру – 2 минут

  • Ғимараттар қандай?
  • Олар неден жасалады?

Сандар арқылы топтарға бірігу

Тақырыпты жариялау

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру2 минут

№1 слайд

//

үлестірмелі қағаздар

№2 слайд

Сабақтың ортасы 28 минут

8 минут

2 минут

10 минут

9 минут

Жаңа сөздермен жұмыс

1-тапсырма. Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп, олармен сөйлемдер құрастырып айтыңдар.

... – шатыр

... – терезе

... – қабырға

... – есік

... – мұржа

... – ағаш

... – темір

... – кірпіш

... – шыны

Бағалау «Мадақ сөздер» арқылы орындалады.

Есте сақта!

Үйдің

есігі

қабырғасы

терезесі

темірден

шыныдан

ағаштан

жасалған

шатыры

кірпіштен

2-тапсырма. Жаңа сөздерді қолданып, сұрақтарға жауап жазыңдар. Сурет бойынша үйді сипаттап айтыңдар.

Бұл не? Ол қандай үй?

Үйдің неше терезесі бар? Олар неден жасалған?

Үйдің неше есігі бар? Ол неден жасалған?

Үйдің шатыры неден жасалған? Шатырдың түсі қандай?

Үйдің қабырғасы неден жасалған? Қабырғаның түсі қандай? Бұл ескі үй ме?

Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы орындалады.

3-тапсырма. Суреттерді бояңдар. Ғимараттың түрін анықтап, сипаттап айтыңдар.

Бағалау дескриптор арқылы жүргізіледі.

Дескриптор:

  • Ғимараттың түрін анықтады.
  • Суретті бояп, сипаттап айтуда жаңа сөздерді орынды қолданды.

№3 слайд

//

суретті сөздік

№4 слайд

№5 слайд

//

үлестірмелі қағаздар

№6 слайд

//

бояма суреттер, түрлі-түсті қарындаштар

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия

(Ө) «Жетістік баспалдағы»

«Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы өз жұмысына баға береді.

4 – Жақсы түсіндім

3 – Түсіндім

2 – Сұрағым бар

1 – Мүлдем түсінбедім

Үй тапсырмасы:

1 ғимараттың суретін салып, сипаттап айт.

 №7 слайд

 //

 «Жетістік баспалдағы» плакаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 №8 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 25 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу