file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Құмнан жасалған қалашық (ОМЖ бойынша 4-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып («Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ құрастырған ОМЖ бойынша)

4-тарау

Сәулет өнері

4-сабақ

Құмнан жасалған қалашық

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым дағдысын шыңдау көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, диалогке қатысады.

Оқушылардың кейбірі: Суреттерді қолданып, «Дисней қамалын» сипаттап айтады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.

  • Үй тапсырмасын тексеруді сурет галереясы түрінде ұйымдастыру үшін сізге ұзындығы 1,5 – 2 метрдей қалың жіпті, кір қысқыштар немесе кеңсе қысқыштарын (оқушылар санына сәйкес) алдын ала дайындап алу керек.
  • №2 слайд мазмұнымен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда, дидактикалық материалдардан шынының, кірпіштің, тас пен құмның суреттерін оқушылар санына сәйкес шығарып алыңыз.
  • АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда суретті сөздікті топтар санына сәйкес етіп дайындаңыз.
  • Әр топқа мәтін мен кесте берілген үлестірмелі қағазды 2 дана етіп дайындаңыз.
  • №5 слайдпен танысыңыз. Суретті кестені топтар санына сәйкес дайындаңыз.
  • «Тазалық» плакатын дайындап, сыныптың 1 қабырғасына (оқушылардың бәріне көрінетін ыңғайлы орынға) іліп қойыңыз.
  • Үй тапсырмасы жазылған үлестірмелі қағаздарды барлық оқушыларға жететіндей етіп шығарып алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, «Кір жайғыш жіп» ойынын ұйымдастырыңыз. Ол үшін оқушылармен бірлесе отырып, жіпті тартып байлаңыз. Сурет галереясын жасауды тапсырыңыз. Барлық суреттер ілінген соң үздік суреттерді анықтауды тапсырыңыз. Енді осы суреттерді сипаттап айтуын сұраңыз. Үй тапсырмасын тексеруге 5 минут уақыт бөлінетінін ескертіңіз (Оқушылар шеңбер бойымен тақта алдында тұр).
  • №2 слайдты ашып, қысқа мерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарды қоя отырып, тақырыпты жариялаңыз. Ал АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала шығарып алған суреттерді пайдаланыңыз. Суреттерді оқушыларға таратыңыз. «Денис, сенде ненің суреті бар? Көрсетші. Ол не? Ол қандай? Одан не жасалады?» деген сұрақтарды қойыңыз.
  • Қойылған сұрақтарға жауап ала отырып, жаңа сабақтың тақырыбын жариялағаннан кейін шеңбер бойымен тұрған оқушыларды қолындағы суреттерге қарай 3 топқа біріктіріңіз.
  • Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірлесіп шығарыңыздар. Оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе ватманға жазғызып, іліп қою керек.

(1-тапсырма) Әр топқа 1 суретті сөздіктен таратып, суреттер арқылы жаңа сөздердің мағынасын меңгертіңіз. Қай топ тез және дұрыс сөйлемдер құрастырып айтса, сол топ жеңімпаз болатынын ескертіңіз. Тапсырманы орындау барысында оқушылар жаңа сөздердің мағынасын түсініп, айтылуын меңгереді деп күтіледі. Әр жауаптан кейін сыныптастарынан «Бас бармақ» әдісі арқылы жауапты бағалауды сұраңыз. Төмен бағаланған жауап иесіне қолдау көрсетіңіз.

(2-тапсырма) Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін үлестірмелі қағаздарды әр топқа екі парақтан таратып беріңіз. Оқушылар мәтінді оқып, түсінген соң, кестені пайдаланып, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. Сұрақтар дайындауға 5 минут уақыт беріңіз. Осы кезде сіз әр топқа келіп, жай дауыспен тосын сұрақтар қойыңыз. Мысалы, Саша, сен не істеп жатырсың? Сұрақ қоюға қатыстың ба? т.с.с сұрақтарды қойыңыз. Бұл топ мүшелерінің бәрінің тапсырманы орындау жолын дұрыс түсінуіне, бірлесе жұмыс істеуіне ықпал етеді. Топтардың сұрақтары дайын болғаннан кейін 1-топтың 1 оқушысы мен 2-топтың 1 оқушысын тақта алдына шақырыңыз. 1-топ оқушысы 2-топ оқушысына сұрақтарын қояды, 2-топ оқушысы жауап береді. Осыдан кейін 2-топтың келесі оқушысы 3-топтың 1 оқушысына сұрақтар қояды. Осылайша барлық топтар сұрақтар қояды, жауап та береді.

(3-тапсырма) Жағдаятпен таныстырыңыз. Әр топ Аян мен гид рөлінде болатынын ескертіңіз. Суреттерді таратып беріңіз (барлық топтарға бірдей 4+4+4꞊12 сурет таратылады). Регламентті сақтай отырып, суреттерден коллаж жасап, сипаттау мәтінін топтарда айтады. Топтық жұмыстар тақта алдында қорғалып, дескриптор арқылы бағаланады.

(рефлексия) Оқушылар назарын №6 слайдқа немесе «Тазалық» плакатына аударыңыз. Оқушылар сабақта өтілген ақпараттарды қажеттілік деңгейлері мен түсінгеніне қарай сұрыптайды. Бұл жұмысты ауызша орындау ұсынылады. Ол үшін оқушыларға қағаз қиындылары немесе стикерлер беріледі. Әр оқушы 1 сөзді жазып, қажетті суреттің тұсына жапсыру барысында өз пікірін айтады.

№7 слайдты ашып, үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Үйге берілген материалды әр оқушыға таратып беріңіз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.

Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстар кешенін ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу