Құмнан жасалған қалашық (ОМЖ бойынша 4-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-тарау «Сәулет өнері» Күні:

Сынып: 3

Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құмнан жасалған қалашық (ОМЖ бойынша 4-сабақ)

Оқу мақсаттары

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру;

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, диалогке қатысады.

Оқушылардың кейбірі:

Суреттерді қолданып, «Дисней қамалын» сипаттап айтады.

Бағалау критерийлері

«Дисней қамалын» сипаттап айту барысында жаңа сөздерді орынды қолданады.

Лексикалық минимум

құм, тас, қамал, мүсін, орналас

Грамматикалық минимум

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Кірпіштен не жасалады? – Кірпіштен үй жасалады.

Не кірпіштен жасалады? – Үй кірпіштен жасалады.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану

Бастапқы білім

Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

9 минут

«Кір жайғыш жіп» тәсілі арқылы үй тапсырмасын тексеру – 5 минут

Оқушылар үйде салған суреттерін «кір жайғыш жіпке» іледі. Ең үздік суреттерді таңдап, суреттеп айту тапсырылады.

Сұрақтарға жауап беру – 2 минут

Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді.

Бұл не? Ол қандай? Кірпіштен/ шыныдан / тастан / құмнан не жасалады?

Суреттер арқылы топтарға бірігу

Тақырыпты жариялау

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру2 минут

№1 слайд, жіп, қысқыштар

№2 слайд

№3 слайд

Сабақтың ортасы 26 минут

7 минут

10 минут

9 минут

1-тапсырма. Суреттер арқылы сөздердің мағынасын түсініп, олармен сөйлемдер құрастырып айту

құм

тас

қамал

мүсін

Жаңа сөздер: құм, тас, қамал, мүсін, орналас

Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, кесте бойынша диалог құрастырыңдар.

Дисней қамалы

Бұл – құмнан жасалған қалашық. Қалашықта 14 композиция бар. Бірінші композиция – «Дисней қамалы». Қамалдың биіктігі – 7 метр. «Дисней қамалы» құмнан және тастан жасалған. Қамалдың жанында миньондардың, трансформерлердің, Кинг-Конгтың мүсіндері бар. Мүсіндер құмнан жасалған. «Дисней қамалы» Алматыда орналасқан.

(сілтеме:inform.kz https://www.inform.kz/ru/almatyda-kumnan-salyngan-disney-kamaly-payda-boldy-foto_a2896134)

Не?

Қандай?

Неден?

Нелер?

Қайда?

Бағалау «Тосын сұрақ» әдісі арқылы жүзеге асады.

3-тапсырма. Жағдаят бойынша ауылдан келген Аянға суреттерді қолданып, «Дисней қамалын» таныстыру

Дескриптор:

  • «Дисней қамалын» сипаттап айтты.
  • Барлық суреттерді қолданды.

№4 слайд // суретті сөздік

үлестірмелі қағаздар (мәтін + кесте)

№5 слайд // суреттер

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

(Ө) «Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі

Үй тапсырмасы:

Сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап, сөйлемдерді толықтырып жаз.

Керекті сөздер: тас, құм, темір, ағаш, кірпіш, шыны

Үйдің қабырғасы ............. жасалған. Үйдің терезесі ................ жасалған. Ғимараттың есігі ............... жасалған. Үйдің шатыры ............. жасалған. «Дисней қамалы» .............. және ............ жасалған.

 №6 слайд

 //

 «Тазалық» плакаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 №7 слайд + үлестірмелі қағаздар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу