Кірпіш үй (ОМЖ бойынша 6-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып («Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ құрастырған ОМЖ бойынша)
4-тарау
Сәулет өнері
6-сабақ
Кірпіш үй
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және жазылым дағдыларын шыңдау көзделеді.
Оқушылардың барлығы: Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі: Сурет бойынша құрылған мәтінді керекті сөздермен толықтырып, сипаттап жазады.
Оқушылардың кейбірі: Мәтін мазмұнына сәйкес коллаж жасап, сипаттап айтады.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.
- №1 слайдпен танысыңыз. Дидактикалық материалдардан 5 стикерді қиып алыңыз.
- №2 слайдпен танысыңыз. Дидактикалық материалдардан киіз үйдің, ағаш үйдің, кірпіш үйдің суреттерін жеке-жеке қағаздарға 1 данадан шығарып алыңыз (АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана).
- №4 слайдпен тансыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда суретті сөздікті топтар санына қарай шығарып алыңыз немесе ватманға үлкен етіп дайындап қойыңыз.
- №5 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда кестені топтар санына сәйкес етіп шығарыңыз.
- №6 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда үлестірмелі қағаздарды топтар санына сәйкес етіп шығарып алыңыз.
- 3-тапсырмға қажетті құралдарды дайындаңыз: ватман (топтар санына сәйкес 2 немесе 3), суреттер (дидактикалық материалдардан барлық топтарға бірдей етіп алыңыз), желім.
- «Тазалық» плакатын дайындап, сыныптың 1 қабырғасына (оқушылардың бәріне көрінетін ыңғайлы орынға) іліп қойыңыз.
- Үй тапсырмасына берілетін мәтінді оқушылар санына сәйкес қиып алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
- Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқу құралдарын парталарға қойған соң шеңбер құрып тақта алдында тұрған оқушылардың бірін ортағ шақырыңыз. «10 сұрақ» ойынының ережесімен таныстырыңыз. Ойын ережесі: Маңдайына жапсырылғн стикердегі суретті немесе сөзді оқушы көрмеуі тиіс, ал басқа оқушылар оны атап айтпауы керек. Стикерлі оқушы жасырын сөзді (затты) табу үшін сыныптастарына №1 слайдта көрсетілгендей сұрақтар қоюы, ал сыныпастары «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап беруі тиіс. Бұл ойын арқылы үйге берілген тапсырманы тексеруге болады және сұраулы сөйлемдер құрастырып айтуға машықтанады. Бұл ойынға 7 минут уақыт бөліңіз.
- №2 слайдты ашыңыз. Суреттерді бір-бірден көрсетіп, берілген сұрақтарды қойыңыз. Күшікке қатысты сұраққа оқушылардың жауап бере алмауы мүмкін. Бұл – заңды құбылыс, себебі көмекші сөздердің мағынасы мен қолданысын үйрету – осы сабақтың басты мақсаты. Тақырыпты жариялап, оқушыларды 2 немесе 3 топқа суреттер арқылы біріктіріңіз.
- Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп құрыңыз. Оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе ватманға жазғызып, іліп қою ұсынылады.
(Сөздікпен жұмыс) №4 слайдты ашыңыз. Суретті сөздікті пайдаланып, жаңа сөздердің мағынасын және айтылуын меңгертіңіз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындап қойған суретті сөздікті қолданыңыз.
(1-тапсырма) №5 слайдты ашыңыз. Кесте бойынша сөйлемдер құрастырып айтуға 1 минут уақыт беріңіз. Әр топқа 1 сөйлем құрастыруды тапсыру ұсынылады. Бұл уақытты үнемдеуге және өзара бағалауға ыңғайлы. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындап алған кестені топтарға таратып, жұмысты жалғастырыңыз. «Өте жақсы», «жақсы», «көмек керек» сөздерін қолданып, сыныптастарын бағалауға оқушыларды машықтандырыңыз (әр сабақ сайын қайталай отырып). Ол үшін 1 топтың немесе оқушының жауабынан кейін «Жауап дұрыс па?» сұрағын қойыңыз. Оқушылар «өте жақсы», «жақсы», «көмек керек» мадақ сөздерін жиі қолдану барысына жадында сақтайды әрі осылай бағалау үшін сыныптастарын мұқият тыңдауға дағдыланады.
(2-тапсырма) №6 слайдты ашыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындап қойған үлестірмелі қағазды (сурет пен толықтыруды қажет ететін мәтіні бар) әр топқа таратыңыз. Жазба жұмысына 4 минут, қорғауға 1 минут уақыт берілетінін ескертіңіз. Қорғалған әр топтық жұмысты «Шапалақ» әдісі арқылы бағалауды тапсырыңыз. Бұл әдісті әріптестер әр түрге түрлендіріп қолданып жүр. Солардың бірі: барлық топтар өз жұмысын қорғап болған соң: «Топтық жұмыстарды «Шапалақ» әдісімен бағалайық. 1-топтың жауабын қалай бағалайсыңдар? 2-топтың ше? 3-топтың ше?» деген сұрақтарды қойыңыз. 1-топқа аз шапалақтауы, 3-топқа бәрінің шапалақтауы мүмкін. Себебін сұрап, кері байланыс жүргізіңіз.
(3-тапсырма) №7 слайдты ашып, тапсырманың орындалу жолымен және дескриптормен таныстырыңыз. Барлық топтарға бірдей мына құралдарды таратыңыз: суреттер (барлық топтар үшін бірдей көлемде қиылған), ватман, желім. Коллажды мәтін мазмұнына сәйкес құрастыруға 5 минут, құрастырылған коллажды қорғауға 1 минут уақыт берілетінін ескертіңіз. Топтық жұмыстар дескриптор арқылы бағаланады.
(рефлексия) Оқушылар назарын №8 слайдқа немесе «Тазалық» плакатына аударыңыз. Оқушылар сабақта өтілген ақпараттарды қажеттілік деңгейлері мен түсінгеніне қарай сұрыптайды. Бұл жұмысты ауызша орындау ұсынылады. Ол үшін оқушыларға қағаз қиындылары немесе стикерлер беріледі. Әр оқушы 1 сөзді жазып, қажетті суреттің тұсына жапсыру барысында өз пікірін айтады.
Әр оқушыға үй тапсырмасы материалдарын үлестіріңіз. №9 слайдты ашып, үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.
Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстар кешенін ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?