Ең биік ғимарат (ОМЖ бойынша 7-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып («Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ құрастырған ОМЖ бойынша)

4-тарау

Сәулет өнері

7-сабақ

Ең биік ғимарат

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Кластерге сүйеніп, Эйфель мұнарасы туралы айтады.

Оқушылардың көпшілігі: Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Оқушылардың кейбірі: Кесте бойынша диалогке қатысады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.

  • №1 слайдпен танысыңыз. Дидактикалық материалдардан берілген суреттерді оқушылар санына сәйкес алып, қиып дайындаңыз.
  • №3 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана кластерді топтарға тарату үшін шығарып алыңыз.
  • №4 слайдпен тансыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана берілген сурет пен мәтінді топтар санына сәйкес шығарып алыңыз.
  • №5 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда суретті кестені топтар санына сәйкес етіп шығарыңыз.
  • «Бағдаршам» әдісі арқылы топтық жұмыстарды бағалау үшін сізге қызыл, сары, жасыл түсті фишкалар керек. Бұл фишкалар әр оқушыда болуы керек. Фишкалар немесе стикерлерді алдын ала оқушылар санына сәйкес дайындап, көрнекіліктер қоржынына жинақтау ұсынылады.
  • Дәптердің таза парақтарын немесе А4 форматты қағаздарды оқушылар санына сәйкес дайындап алыңыз. Сонымен қатар түрлі-түсті қарындаштар дайындаңыз. Бұлар – рефлексия жасауға арналған құралдар.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқушыларға үй тапсырмасы бойынша салған суреттерін алып, шеңбер құрып тұруын сұраңыз. Үй тапсырмасының мұқият орындалғаны үшін оқушыларға алғыс білдіріңіз. 1 оқушыдан оң жағында тұрған оқушының суреті бойынша 1 сөйлем айтуын сұраңыз. 2-оқушы да оң жағындағы сурет бойынша 1 сөйлем құрастырып айтады. Осылайша үй тапсырмасы шеңбер бойымен әңгімелей отырып, тексеріледі. Бұл ойынға 7 минут уақыт бөліңіз.
  • №1 слайдты ашыңыз. Суреттер бойынша сұрақтар қойып, жауаптар негізінде жаңа сабақтың тақырыбын болжап айтуды тапсырыңыз. Жаңа сабақтың тақырыбы жарияланған соң әр оқушыға алдын ала өзіңіз қиып дайындаған суреттерді үлестіріңіз. Әр түрлі ғимараттардың суреттері арқылы оқушылар екі немесе үш топқа бірігеді.
  • Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп құрыңыз. Оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе ватманға жазғызып, іліп қою ұсынылады.

(Сөздікпен жұмыс) Бұл сабақтағы жаңа сөз: мұнара. Сондай-ақ әлемдегі, ең биік сөздерінің де мағынасы мен қолданысын еске түсіру ұсынылады.

(1-тапсырма) №3 слайдты ашыңыз. Кластер бойынша «Эйфель» мұнарасы туралы айтуды тапсырыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындап алған кластерді топтарға таратып, жұмысты жалғастырыңыз.

Қорғалған әр топтық жұмысты «Шапалақ» әдісі арқылы бағалауды тапсырыңыз. Бұл әдісті әріптестер әр түрге түрлендіріп қолданып жүр. Солардың бірі: барлық топтар өз жұмысын қорғап болған соң: «Топтық жұмыстарды «Шапалақ» әдісімен бағалайық. 1-топтың жауабын қалай бағалайсыңдар? 2-топтың ше? 3-топтың ше?» деген сұрақтарды қойыңыз. 1-топқа аз шапалақтауы, 3-топқа бәрінің шапалақтауы мүмкін. Себебін сұрап, кері байланыс жүргізіңіз.

(2-тапсырма) №4 слайдты ашыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда алдын ала дайындап қойған үлестірмелі қағазды (сурет пен мәтіні бар) әр топқа таратыңыз. Тапсырманың орындалу және бағалану жолдарын түсіндіріңіз. 1) Оқушылар мәтінді оқуы керек. 2) Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар жазып алуы керек. 3) 1-топ 2-топқа сұрақтарын кезекпен қоюя керек, ал 2-топ мүшелері қойылған сұрақтарға жауап беруі керек. 3-топ мүшелері 1-топтың сұрақтары мен 2-топтың жауаптарын «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. 4) 2-топ 3-топқа сұрақтарын қояды, 3-топ жауап береді, 1-топ 2-топтың сұрақтары мен 3-топтың жауаптарын бағалайды. 5) 3-топ 1-топқа сұрақтарын қояды, ал 1-топ жауап береді, 2-топ 3-топтың сұрақтары мен 1-топтың жауаптарын бағалайды. Қызыл фишка – «толық емес», сары фишка – «жақсы», жасыл фишка – «өте жақсы» деген баға. Бағалау барысында орташа немесе төмен бағаланған топтық жұмыстар бойынша кері байланыс жасалады.

(3-тапсырма) №5 слайдты ашып, тапсырманың орындалу жолымен және дескриптормен таныстырыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда барлық топтарға кестені таратыңыз. Уақытты үнемдеу үшін берілген 6 сұрақты 3 топқа екі-екіден бөліп беру ұсынылады. Топтық жұмыстар дескриптор арқылы бағаланады.

(рефлексия) Оқушылар назарын №6 слайдқа аударыңыз немесе әр оқушыға 1 парақтан таратып, алақанын параққа қойып, сызуды тапсырыңыз. Бас бармаққа «ең қызық ақпаратты» жазуды; сұқ саусаққа «ең қиын тапсырманы», ортаншы саусаққа «нені түсінбегенін», төртінші саусаққа «көңіл-күйін», бесінші саусаққа «нені білгісі келетінін» жазуды тапсырыңыз. Оқушылардың жазбаларын жинап алып, сабақтан кейінгі уақытта өз жұмысыңызға есеп беріңіз.

Әр оқушыға үй тапсырмасы материалдарын үлестіріңіз. №7 слайдты ашып, үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.

Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстар кешенін ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу