"«Нұр әлем» қандай ғимарат? (ОМЖ бойынша 10-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып («Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ құрастырған ОМЖ бойынша)

4-тарау

Сәулет өнері

10-сабақ

«Нұр Әлем» - қандай ғимарат?

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және жазылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

Оқушылардың барлығы: Сурет бойынша жаңа сөздерді қолданып, «Нұр Әлем» ғимараты туралы айтады.

Оқушылардың көпшілігі: Оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауаптарды бағалайды.

Оқушылардың кейбірі: Суреттер мен тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жазады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.

  • Үлкен 3 шар дайындаңыз.
  • №1 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда дидактикалық материалдардан суретті (1 дана) шығарып алыңыз.
  • №3 слайдпен тансыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана берілген суретті сөздікті топтар санына қарай шығарып алыңыз.
  • №5 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда тірек сөздер мен суреттер бар үлестірмелі қағаздарды дидактикалық материалдардан топтар санына сәйкес етіп шығарып алыңыз. №6 слайдпен танысыңыз. 3-тапсырманы бағалау парағын (нәтижелер кестесін) әр топқа 1 дана етіп шығарып алыңыз.
  • «Жетістік баспалдағы» плакатын дайындап алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  • Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Көңілді музыка қойыңыз. «Сандар» тәсілімен сіз «3» дегенде (музыканы тоқтатып), оқушылар үш-үштен біріге қалулары керек. Музыканы қайта қойып, 10-12 секундтан кейін тағы «4» («5», «6», т.с.с.) сандарды атаңыз. Оқушыларды осылайша үш топқа біріктіріңіз. Осыдан кейін барлық топтарға алақандарын ашып, қолдарын жоғары көтеруін, өздерінің шеңбер бойымен тұруын тапсырыңыз. Үш топ үш шеңбер құрып тұрады. Әр топтың көтерілген қолдарының ортасына бір-бір шардан беріңіз. Осылайша үш топ үш «Бәйтерек» монументіне ұқсап тұрады. Қысқа мерзімді жоспарда берілген сұрақтарды қойып, «Бәйтерек» монументі туралы айтуын тапсырыңыз.
  • №1 слайдты ашыңыз. Суретпен жұмыстың 1-тәсілі (АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда): Суретті көрсетіп, сұрақтар қойыңыз. Жауаптар негізінде жаңа сабақтың тақырыбын болжап айтуды тапсырыңыз. Жаңа сабақтың тақырыбын жариялаңыз. Суретпен жұмыстың 2-тәсілі: АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда берілген суретті (1 дана ғана) оқушыларға көрсетіп, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз. Оқушылардың жауаптары негізінде тақырыпты жариялаңыз.
  • Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп құрыңыз. Оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе ватманға жазғызып, іліп қою ұсынылады.

(Сөздікпен жұмыс) №3 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда суретті сөздікті әр топқа таратып, жаңа сөздерді меңгерту жұмыстарын жүргізіңіз.

(1-тапсырма) Жаңа сөздерді тақтаға жазып қойыңыз (көрме, шар, желдеткіш, ұқсайды, «Нұр Әлем» ғимараты). Жаңа сөздердің астына «Нұр Әлем» ғимаратының суретін іліңіз. Тапсырманы орындау жолын түсіндіріңіз. Әр жауап «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

(2-тапсырма) Әр топқа мәтінді таратыңыз. Оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысып жатқан уақытта сіз әр топқа 1 сұраулы сөйлем сиятын көлемдегі қағаз қиындыларынан үшеуін қойып шығыңыз. Мәтін оқылып болған соң, әр топ мәтін мазмұны бойынша 3 сұраулы сөйлем жазады да, қорапқа салады. Сұрақтар жақсылап араластырылады. Әр топтан 1 оқушы шығып, қораптан 1 сұрақты алады да, дауыстап оқиды және оған жауап береді. Осылайша барлық сұрақтарға жауап алынады. Мәтін жазылған парақтарды қайта жинап алыңыз. Осыдан кейін «Бағдаршам» әдісі арқылы жауаптар бағаланады.

(3-тапсырма) №5 және №6 слайдтарды қолданып, тапсырманы орындау жолдары түсіндіріледі. Ескерту: топтық жұмыстар «Нәтижелер кестесіне» сәйкес бағаланатыны алдын ала ескертіледі. Күтілетін нәтиже: оқушылар тірек сөздер мен суреттерге сүйеніп, ғимарат туралы ақпарат береді. Топтардың жауаптары «Нәтижелер кестесі» арқылы бағаланады.

(рефлексия) Оқушылар назарын №8 слайдқа немесе «Жетістік баспалдағы» плакатына аударыңыз. Әр оқушыдан (жекелеген оқушылардан) бүгінгі сабақтағы үлгерімін бағалап айтуын сұраңыз. «Кері байланыс» орнатыңыз.

Оқушыларды үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырып, тапсырма жазылған парақтарды үлестіріңіз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.

Құрметті әріптес! Сізге әдістемелік көмек көрсету үшін СМК порталы қажетті ресурстар кешенін ұсынады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу