«Нұр әлем» қандай ғимарат? (ОМЖ бойынша 10-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: №127 ЖББМ, Алматы қ. Мұғалімнің аты-жөні: Ауганбаева Айжан Мырзахметовна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | «Нұр әлем» қандай ғимарат? (ОМЖ бойынша 10-сабақ) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1* мәтін мазмұнын нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру; 4.2 Оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу 3.4.2.1* оқыған/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу; 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау 3.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқыған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп жазу барысында көмекші сөздерді дұрыс қолданады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | көрме, желдеткіш, ұқсайды | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Көмекші сөздердің қолданысы Ғимараттың алдында, ғимараттың жанында, ғимаратың ішінде, ғимараттың төбесінде | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 9 минут | «Сергіту сәті» - Үй тапсырмасын тексеру – 3 минут Үлкен глобусты бәріміз бірге көтерейік. Саусақтарымызды аспанға қаратып, глобусты алақанымызбен ұстайық. Біз қандай ғимаратқа ұқсап тұрмыз? Бұл ғимарат туралы не білесіңдер? «Мағынаны таны» стратегиясы бойынша жаңа сабақтың тақырыбын жариялау – 3 минут Астанада тағы қандай әдемі ғимараттар бар? Мына суреттегі ғимарат қандай? Бұл ғимаратты білесіңдер ме? Тақырыпты жариялау Шарлар (глобустар) арқылы топтарға бірігу Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут | 3 түсті шарлар (көлемі үлкен шарлар) сурет // №1 слайд №2 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 26 минут 3 минут 5 минут 8 минут 10 минут | Жаңа сөздермен жұмыс Жаңа сөздер: көрме, ұқсайды, желдеткіш
1-тапсырма. Сурет бойынша жаңа сөздерді қолданып, «Нұр Әлем» ғимараты туралы айтыңдар. Керекті сөздер: көрме, желдеткіш, шар, ұқсайды Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі. 2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырыңдар және жауаптарды бағалаңдар. «Нұр Әлем» ғимараты Бұл – «Нұр Әлем» ғимараты. «Нұр Әлем» ғимараты Астанада орналасқан. Ғимараттың сәулетшісі кіші Альберт Шпеер. Ғимарат үлкен шарға ұқсайды. Ғимараттың диаметрі – 80 метр, биіктігі – 100 метр. Ғимарат шыныдан жасалған. Ғимараттың жанында адамдар көп. Ғимараттың ішінде көрмелер бар. Ғимараттың төбесінде 2 желдеткіш бар. «Нұр Әлем» - Астананың жаңа символы. Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі. 3-тапсырма. Суреттер мен тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жазыңдар. Тірек сөздер: «Нұр Әлем» ғимараты, орналасқан, кіші Альберт Шпеер, шарға ұқсайды, диаметрі, биіктігі, жасалған, ғимараттың жанында, ғимараттың ішінде, ғимараттың төбесінде Бағалау «Нәтижелер кестесі» әдісі арқылы орындалады. Нәтижелер кестесі
| суретті сөздік // №3 слайд №4 слайд // сурет мәтін, қорап, қағаз қиындылары №5 слайд // үлестірмелі қағаздар + кесте (№6 слайд) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «Жетістік баспалдағы» арқылы өз жұмысын бағалайды.
Үй тапсырмасы: Сен қандай ғимараттарды білесің? Тізімін жаса. Олар қайда орналасқан?
| №7 слайд // «Жетістік баспалдағы» плакаты №8 слайд // үлестірмелі қағаздар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?