Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімген арналған нұсқаулық

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім.

 Сабақтың мақсаты:

  3.​2.​5.1. Оқылған, тыңдалған материал бойынша өз пікірін «менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...,» дәлелдеу.

  3.4.1.1 Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту

 Сабаққа қажетті құралдар:

 Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады. Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беру керек. Әр оқушының қай баспалдақта тұрғанын нақты анықтап алған соң, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды. Қолдауды қажет ететін оқушыларды үнемі қадағалауда ұстап, қолдау көрсетіп отырыңыз. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз.

 Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескеріңіз. Ең басты міндет- мақсатқа жету.

 Ертеңгілік шеңбер.

 Оқушылар шеңбер болып тұрады. Көбелек» жаттығуын орындайды.

  Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге көрсетемін, — ал сендер менің артымнан қайталайсыңдар «көбелек» жаттығуы»

 Таңертең көбелек оянды, тартылды,

 Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

 Азғана айналып, барлығына күліп,

  Қайта гүліне оралды.

 Сабақтың тақырыбы мен мақсаты. Тақырыпты қайталайтындықтан, суреттер көрсету арқылы сұрақтар қойылып, дұрыс жауап талап етіледі. Өйткені сұрақтарға жауап беру арқылы баланың сыни ойлау дағдысын да дамыта аласыз. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

  Айтылым. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі. Бұл тапсырмаға оқушыларға кері байланыс бергізуге болады.Сонымен қатар бұршақты қап оқушылардың саусақтарының ұсақ моторикасын дамытады.

 Жазылым. Сабақ барысында оқушылар берілген кеспелер бойынша өз күн тәртіптері туралы сөз тіркестерін немесе сөздер жазады. Әр оқушы тапсырманы жеке өз бетімен орындайды.

 Сергіту сәтін жүргізген кезде оқушыларды әуенге билетіп, көз демалдыратын жаттығулар жасалады.

 

 Айтылым. Оқушылар топтарға бөлініп, суреттермен жұмыс жасайды. Өз пікірлерін білдіреді. Мұғалім сырттан бақылап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы сұхбатты қажетті арнаға бұрып отырады.

 Кері байланыс.

 Әр оқушы смайликтер арқылы сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды.

 

 Рефлексия, үй жұмысы.

  Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға кеменің суреті салынған таратпа қағазадар беріңіз, түсініктемесі тақтадан көрсетіледі және мұғалім өзі де айтып кеткені дұрыс.

  •  Егер сабақ ұнаса және тапсырмалардың барлығын сәтті орындаған болса, желкенді жасыл түске бояйды.
  •  Егер сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болса, желкенді сары түске бояйды.
  •  Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске бояйды.

 Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз. Үйге шығармашылық жұмыс беріледі.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу