Күз мезгілі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
11-сабақ. Күз мезгілі
Сабақ тақырыбы: Күз мезгілі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
3.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кестетолтыру/мазмұндау
3.4.1.1. Тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестерін қолданып сөйлем құру.
Сабақ мақсаттары
Оқушылардың барлығы: Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, жаңа сөздерді сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады. Оқушылардың көпшілігі: Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтін бойынша кестені толтырады.
Оқушылардың кейбірі: Мәтін бойынша сюжеттің даму желісін мазмұндайды, тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіреді.
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын шыңдау көзделеді.
Оқушылардың барлығы:
Мәтіннің мазмұнын түсінеді, суреттер бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Тілдік нормаларды сақтап мәтінді мазмұндайды, тақырыпқа қатысты өз ойын білдіреді.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.
- АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана берілген суреттерді және кестелердіі шығарып алыңыз.
- Рефлексия жасауға арналған парақшаларды оқушылар санына сәйкес дайындап алыңыз. Сонымен қатар түрлі-түсті қарындаштар дайындаңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
- Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқушыларға ертеңгілік шеңбер өткізіп, жақсы тілектер айтқызыңыз. «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексеріңіз.
- Жаңа сабақтың тақырыбын айту үшін берілген суреттерді көрсетіңіз. Жауабын айтқызып сабақтың тақырыбын болжатыңыз. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлаңыз.
- Оқушыларға жапырақтардың түсі бойынша топқа бөліңіз.
- Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп құрыңыз. Оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе ватманға жазғызып, іліп қою ұсынылады.
(Сөздікпен жұмыс) Бұл сабақтағы жаңа сөздер: егін ору, шық түсу, салқындайды, мың. Осы сөздердің мағыналарын ашып, сөздік дәптерлеріне жазғызыңыз.
(1-тапсырма) Тыңдалым алды тапсырмасын беріңіз. Күз туралы түрлі сұрақтар қойыңыз.
Тыңдалым. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдатыңыз. Оқушыларға таныс емес сөздерге түсінік беріңіз.
( Т)«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы. Әр топ тыңдалған мәтін бойынша бір-біріне 3 сұрақтан қойып,жауап алады. Тапсырмадан кейін кері байланыс жасаңыз.
ЖЕКЕ ЖҰМЫС. «Дұрыс, бұрыс» картасын толтыртыңыз. Тапсырманың алдында дескрипторымен таныстырыңыз.
ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС. Мәтінді мұқият оқытыңыз, оқылған мәтін негізінде кластер қорғатыңыз.
ЖАЗЫЛЫМ. Берілген суреттерді пайдаланып, сөйлемді толықтыру. Берілген тапсырманың дескрипторымен таныстырып, тапсырма соңында кері байланыс орнатыңыз.
РЕФЛЕКСИЯ. Оқушылар назарын №12 слайдқа аударыңыз немесе әр оқушыға сабақ туралы өз ойларымен бөлісуді сұраңыз.
Әр оқушыға үй тапсырмасы материалдарын үлестіріңіз. Үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?