Менің күн тәртібім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып («Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ құрастырған ОМЖ бойынша)

2-тарау

Уақыт

5-сабақ

Бос уақыт

 Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және жазылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

 Оқушылардың барлығы: Мәтінді түсінеді, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.Тірек сөздерді сөздер мен сөзтіркестерді пайдаланып сұрақ құрайды

 Оқушылардың көпшілігі: Тақырыпқа қатысты сөздерді дұрыс қолданады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрып және жауап береді.Сұхбат жүргізеді, әңгіме құрайды

 Оқушылардың кейбірі: Тыңдаған мәтінді мазмұндайды, тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіреді.

 

 Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

  №3 слайдпен танысыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда А3форматында суреттерді тақтаға ілесіз

  №5 слайдпен тансыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда А3форматында суреттерді дайындайсыз

 №7 слайдта берілген тестті әр оқушыға дайындайсыз( тест үлгісін диддактикалық материалдан аласыз).

  Рефлексияға АҚТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда уш бөлек сурет дайындайсыз А4форматта

 Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  •  № 2 слайдты ашыңыз, оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз.Сабаққа қызығушылықтарын ояту мақсатында оларды «Сыйлықтар шеңберіне» шақырыңыз. Оқушы бұл тренингты жақсы түсіну үшін басында өзіңіз әрекеттеніп оң жақ қасыңыздығы оқушыға ауада сыйлайтын сыйлығыңыздың суретін жасап көрсетіңіз, содан соң сізден сыйлық алған оқушы қасындағы оқушыға өзінің оған беретін сыйлығын ауада көрсетеді.Сөйтіп сағат тілінің бойымен жалғастыра береді. Соңынан оқушылар алған сыйлықтары жөнінде ой бөліседі.
  •  №3 слайдты ашыңыз. Суреттер бойынша сұрақтар қойып, жауаптар негізінде жаңа сабақтың тақырыбын болжап айтуды тапсырыңыз. Жаңа сабақтың тақырыбы жарияланған соң, мақсаттары айқындалады.

 

 (Сөздікпен жұмыс) Бұл сабақтағы жаңа сөз: Немен? бос уақыт, шұғылдану, қолданады

 (1-тапсырма) №3 слайдты ашыңыз. Интербелсенді тақта болмаған жағдайда А3 бет қағазына түсірілген бірнеше суретті тақтаға іліп, оқушылардың назарын аударасыз. Оқушылар суреттердің қандай бір ортақ тақырыпты білдіретінін тауып жауап береді.

 

  (2-тапсырма) №4 слайдты ашыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда суреттер қолданылады. Жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы меңгертіңіз. Оқушыларды дұрыс айтуға дағдыландыру үшін басында өзіңіз оқып, айтылуына назар аудартып, өзіңізден кейін сөздерді қайталайтып, бірнеше рет дауыстап, тізбекпен оқытасыз.

 

  (3-тапсырма) №5 слайдты ашып, тапсырманың орындалу жолымен және дескриптормен таныстырыңыз. АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда барлық топтарға кестені таратыңыз. Уақытты үнемдеу үшін берілген 6 сұрақты 3 топқа екі-екіден бөліп беру ұсынылады. Топтық жұмыстар дескриптор арқылы бағаланады.

 4.Оқылым. Жұптық жұмыс Мәтінді оқытып, түсініксіз сөздерді белгілетіңіз. Соңынан мәтін мазмұнына сүйеніп бір-біріне сұрақтар қояды, жауап береді.

 Осы тапсырма бойынша кері байланыс жүргізу үшін әр оқушыға тест үлгісін үлестіріңіз, оқушылар тестке жауаптарын неғұрлым шапшаң жазу керектігін түсіндіріп кетіңіз. Тапсырма орындалғаннан кейін оқушылар өзара дәптер алмастырып(Тақта болмаған жағдайда жеке әр оқушыға бұл жерде жауап кілттерін үлестіруді ұмытпаңыз) тексеріп балл қояды.

  5.Айтылым тапсырмасы топта орындалады. Қай топ тапсырманы дұрыс және тез орындайды тестке алған баллдарына қосымша балл алады.

 

 (рефлексия) Оқушылардың назарын 10слайдқа аударыңыз.Егер рефлексияның бұл түрін оқушылар бұрын пайдаланып көрмесе, Оларға түсінікті етіп жеткізуге тырысыңыз. Өз ойларын жазатын стикерлерді алдын ала үлестіруді ұмытпаңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу