Сағат жетіде тұрамын. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Сағат жетіде тұрамын

Сабақтың мақсаты:

3.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап,түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау

3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру

3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру Сабаққа қажетті құралдар:

 Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Оқушылардың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды түрлендіруге болады. Оқушыларға қажетті тапсырмаларды саралап беру керек. Әр оқушының қай деңгейде жұмыс жасай алатынын анықтап алған соң, оның алға ұмтылуын білген өте маңызды. Қолдауды қажет ететін оқушыларды үнемі қадағалауда болу керек.. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз.

Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай қолдану қажет.. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескеріңіз. Ең басты міндет- мақсатқа жету.

Шаттық шеңбер. Шаттық шеңберін өткізуде «Сағаттың тілімен» ойынын алыңыз. Оқушылар әуенді тыңдап, сан жазылған парақшаларды айналып жүреді. Қолында жалаушасы бар оқушы әуен тоқтаған кезде қай парақшаның қасында болса, сол парақшада жазылған санмен сөйлем құрастырады. Сонан соң ол жалаушаны келесі оқушыға тапсырады.

Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, жағымды қарым-қатынас тудырады, сөздік қорларын молайтады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.

Жаңа сабақты болжау барысында суреттерді қолданыңыз.

Бұл оқушыны ойлау дағдысын дамытуға көмектеседі. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту.

 Жаңа сөздерді меңгерту – сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, қимыл, ым-шараны қолданыңыз. Жаңа сөздерді меңгертуде суреттерді қолдануға болады. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. Баланың ынтасын жоғарлатып отыру керек.

Оқылым.Айтылым.

Суреттегі мәтінді оқушыларға оқытып, әңгіме құрастыруға әрекет жасаңыз. Өз ойларын толықтыруға мүмкіндік беріңіз. Бұл тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту

Тыңдалым.

 Тапсырмада берілген мәтінді оқушыларға тыңдатыңыз. Оны мұғалім өзі оқуына немесе аудио дискке жазып алуына болады, таныс емес сөздерге түсінік беріледі. Мәтінді қалай түсінгені бойынша сұрақ – жауап дайындаңыз. Бұл тапсырманы бағалауда дескрипторды орынды қолданыңыз. Осы дескриптор бойынша бір бірін бағалуға әрекет жасаңыз.

Айтылым. Оқушылар 4 топқа бөлініп, . Оқулықтағы суреттерді әңгімелейді Осы төрт топ өздеріне берілген сурет бойынша жұмыс жасайды, яғни мәтін құрастырады.әр топ өз ортаға шығып құрастырған мәтіндерімен таныстырады. Содан кейін мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, топтар сұрақтарымен алмасады, өзара сұхбатқа түседі. Бұл тапсырмаға оқушыларға кері байланыс бергізуге болады.

Сергіту сәті. Сергіту сәтін өткізуде видеороликті қолданыңыз.

Айтылым. Бұл тапсырмада оқушыларды сурет бойынша диалог құрастыруға әрекет жасаңыз. Сурет пен уақыттын дұрыс/ бұрыстығын анықтатыңыз. Бұл тапсырманы бағалауда дескрипторды орынды қолданыңыз. Осы дескриптор бойынша бір бірін бағалуға әрекет жасаңыз.

Сергіту сәті. Сергіту сәтін өткізуде видеороликті қолданыңыз.

Рефлексия, үй жұмысы. Сабақты бекіту кезеңінде «Кубик» әдісін қолданыңыз. Оқушылар сабақты қаншалықты түсінгендері, түсінбегендері немесе сұрақтары бары туралы кубиктің түсіне қарап ажыратады.

Қызыл түс – түсінбедім.

Сары түс – сұрақтарым бар.

Жасыл түс –түсінікті болды

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалу керек екенін түсіндіріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу