Сағат он екі болды. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып
2-тарау
Уақыт
1-сабақ
Сағат он екі болды
Ұсынылып отырған сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді..
Оқушылардың барлығы: Тірек сөздерді қолдана отырып сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі: Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды, тақырып бойынша диалогке қатысады, ауызша және жазбаша сөйлеуде қосымшаларды орынды қолданады.
Оқушылардың кейбірі: Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады, қосымша ақпаратымен бөліседі.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Ескерту: Интербелсенді тақта болмаған жағдайда Дидактикалық материалдарда ұсынылған суреттерді А3 форматта шығарып пайдаланыңыз
Рефлексияға А3 форматты 3 плакат дайындап қойыңыз, оқушы саны бойынша 3түрлі көңіл күйдегі смайликтер дайындап қойыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
Оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында «Шаттық шеңберіне» шақырыңыз. «Шаттық шеңберінде» мұғалім оқушыларға(әр оқушыға) тілексөздер жазылған жүрекшелер үлестіреді. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрады және тілексөздерді оқып бі-біріне сыйлайды.
Бұл тренинг 2-3мин уақыт алады..
Жаңа модуль тақырыбын ашу үшін оқушыларға ең қымбат нәрсе туралы сұрақ қойылады, әрі қарай оқушылармен бірігіп сабақтың оқу мақсаттарын айқындап, бағалау критерийлерін құрыңыз(оқулық бойынша 65 беттегі материалға негізделуге болады)
(Сөздікпен жұмыс) Бұл сабақтағы жаңа сөз: Сағат, тура, кетті, қалды
Жаңа сөздерді меңгерту барысында №5 слайдты қолданыңыз, егер интербелсенді тақта болмаған жағдайда сағат суреттерін А3форматында дайындап қойыңыз.
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
Әрі қарай сол сөздермен сөйлемдер құрайды.(Суреттерді пайдаланыңыз)
Өзара жұп болып бір-біріне сұрақтар қойып жауап береді.
Келесі кезеңде оқушының түсіну қабілетін шыңдау үшін аудиотаспадан шағын мәтінді тыңдатып, сұрақтарға жауаптарын аласыз.
- Әнел кіммен сөйлесті?
- Сағат неше болды
- Әлібек мектепке нешеде барады? Т.с.с
(2-тапсырма) Оқулық бойынша үлгі ретінде суреттерге шолуды оқып, топта тізбекпен әр оқушы әңгімені жалғастырады.
Бұл тапсырма орындалған соң «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасаңыз. Қызыл смайлик көтерген оқушыға әрі қарай сабақ барысында көмек көрсетіңіз.
Жазылымға (4 тапсырма берілген.) Бұл тапсырманы «Мен білемін»деген атаумен ойын ретінде өткізсеңіз, оқушылар қызығушылық танытып, тапсырманы тез орындайды.(Бірінші болып орындаған 5оқушыны атап кетуге болады)
(5-тапсырма) №8 слайдты ашыңыз. Интербелсендіі тақтаны қолдану мүмкін болмаған жағдайда суреттер қолданылады(әр жұпқа сурет дайындаңыз).Оқушылар алмасып сұхбаттасады. Содан кейін суреттерімен алмасып, жалғастырады. Жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы меңгертіңіз.
Рефлексия
№9 слайдты ашыңыз.
Сабақты қорытындылау кезеңінде көңіл күй смайликтерін тақтада ілінген плакатқа жапсырады. Смайликті жапсыру барсында оқушыдан смайликті таңдау себебін түсіндіруін сұраңыз, қаншалықты оқушы шынайы көрсетсе өз қатесін түзетуге, үйренуге жақсы талпынады.
№10 слайдты ашыңыз оқушыларға үй тапсырмасын түсіндіріп беріңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?