Нәтиже сабақ №12 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Нәтиже сабақ №12 сабақ | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру 2.1 Сөздік қорды толықтыру 3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну 3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру | |||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөздерді қолдау арқылы қолданады Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, тақырып бойынша сөздерді қолданады, сурет бойынша әңгіме құрап жазады Оқушылардың кейбірі: кейіпкердің әрекетін бағалауға қатысты сұрақтар құрастырады, тақырып бойынша ойын сауатты жеткізеді | |||||
Бағалау критерийлері | Оқыған мәтін бойынша сұрақ құрастырады. Тақырып бойынша сөздерді орынды қолданады. Сурет бойынша әңгіме құрап жазады. | |||||
Лексикалық минимум | Уақыт тақырыбына байланысты сөздер Сағат, уақыт, демалыс күн | |||||
Грамматикалық минимум | Жалғау түрлері Мен демалыс күнімді дұрыс пайдаланамын. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Уақытты бағалауға, демалыс күндерін пайдалы өткізуге үйренеді | |||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | |||||
Бастапқы білім | ||||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылықты ояту (Т) «ИӘ» және «ЖОҚ» ойыны.. Тұжырым үлгілері:
Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
| ||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (Ө) Сан мен сөйлемді байланыстырады. 3:15 сағат алтыға он бес минут қалды 11:55 сағат үштен он бес минут кетті 7:30 сағат он екіге бес минут қалды 9:00 сағат жеті жарым 5:45 сағат тура тоғыз Орындап болған соң, көршілерімен ауысады. Тақтадағы дұрыс нұсқамен бір-бірінің жауаптарын тексереді. Қабылдау деңгейлері жоғары оқушылар осы уақытты пайдаланып, сөйлемдер құрап айтады. Қысқа мадақтау айту арқылы бағалау(«Жарайсың!», «Тамаша!») (Т) «Ортақ пікірге келу» Оқушылар 4-5 оқушыдан топта жұмыс істейді. Әрбір топқа ортасына шеңбер салынған үлкен парақ беріледі. Оқушыларға сұрақтар төмендегі сұрақ беріледі:
Әрбір оқушы өз идеясын ешкімге көрсетпей, қағаздың бұрышына жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, топ жазған барлық идеялардың ішінен бес ең маңызды идеяны таңдайды. Бұл бүкіл топпен келісіп шешіліп, шеңбердің ортасына жазады. Топтар жауаптарымен бөліседі. Өз ойларын айту барысында тірек сөздерді қолдануларын ескерту. Біздің ойымызша, ... Біздің пікірімізше, ... Біз ... деп ойлаймыз. Сыныптастардың, мұғалімнің пікір айту арқылы бағалауы (Ө) Мәтінді оқиды. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Дескриптор:
Қызықты демалысДиего бүгін мұражайға барды. Ол мұражайға әкесімен барды. Диего әртүрлі диназаврларды, жануарларды, құстарды көрді. Олардың мекендері туралы көп ақпарат білді. Мұражайды аралап болған соң, әкесі оны сыйлықтар дүкеніне апарды. Диего бірнеше зат сатып алды. Диего бүгінгі демалысын қызықты өткізді. Орындап болған соң, «Балмұздақ таяқшалары» әдісімен 5-6 оқушының жауаптары тыңдалып, дескриптор бойынша бағаланады. (Ж) Тілдесім. «Сұхбат" ойыны. Оқушыларды жұптарға бөлу. Жұптарымен сұхбат жүргізеді. Бағыттау мақсатында сұрақтар ұсыну. Сұрақтар үлгісі:
Сыныптастары екі-үш жұптың сұхбаттарын тыңдап, пікір айту арқылы бағалайды. Сұхбат нәтижесінде көршісі туралы 3-4 сөйлемнен тұратын ақпарат айтады. Үшінші жақта сөйлейді. «Шапалақ» әдісімен сыныптастарының жауаптарын бағалайды. 1 шапалақ – «өте жақсы» 2 шапалақ – «жақсы» 3 шапалақ – «орташа» (Ө) Сурет бойынша 4-5 сөйлемнен тұратын әңгіме жазады. Дескриптор:
|
| ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия |
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?