№ 11 сабақ. Астана: бұрын және қазір. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
11-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Астана: бүгін және қазір
Сабақтың мақсаты:
3.3.5.1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу
3.4.5.1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу
Сабаққа қажетті ресурстар: үлестірме парақшалар, аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым.
Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:
- тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтайды;
- берілген ақпаратты салыстырады;
- тақырып бойынша әңгіме құрайды;
- сұрақ-жауапқа қатысады.
Сабақтың басы: «Шағын шолу» тәсілі. Оқушылар парақшаларға уақытқа қатысты естерінде қалған сөздерін, сөз тіркестерін, сөйлемдерін жазады.
Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттерге назарларын аудартып, сабақтың тақырыбын болжатыңыз. Оқушыларға суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз:
- Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?
- Тараудың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
Грамматикалық қоржын
Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беріңіз.
САЛЫН+ ҒАН САЛЫНҒАН |
Оқушылар осы үлгімен басқа етістіктерге мысалдар айтқызыңыз.
КЕЛГЕН
АЙТҚАН КЕТКЕН
Жаңа сөздерді меңгерту. 1.«Сөйлеу қабырғалары» арқылы «мың» сөзін суреттер мен сөйлемдер арқылы меңгертіңіз.
2. «Мың» сөзін дұрыс айтқызып дағдаландыру үшін келесі әрекеттерді орындатыңыз:
- «мың» сөзімен келетін тіркестерді мәнерлеп оқытыңыз. Мәселен, мың жыл бұрын, екі мың жыл бұрын.
- дауыстап, тізбектеп оқытыңыз;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
- дұрыс айтуға дағдыландырыңыз.
3. Сөйлем құратыңыз.
Мың жыл бұрын пайда болды. Мың жыл бұрын салынды.
4. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жаздырыңыз.
Жазылуы | Айтылуы |
бүгін бұрын | бүгүн бұрұн |
Тыңдалым. Мәтінді оқымастан бұрын тыңдалым бойынша орыдалатын тапсырмаларды түсіндіріңіз. Тыңдалымнан кейін оқушылар екі тапсырманы орындайтынын ескертіңіз:
1. Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді;
2. Жұптар суреттерді мәтін мазмұнының ретімен бір-біріне ауызша әңгімелейді.
Мәтінді 2 рет тыңдатыңыз. Мәтіндегі түсінбеген қиын сөздерді сұраңыз. Мағынасын түсіндіріңіз. Тақтаға жазыңыз. Мәтінді түсінген-түсінбегендерін анықтау үшін мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз. Қабілеті төмен оқушылар жауап беруде сөйлем құрау стиліне назар аударыңыз. Қажет жерінде түзетіп отырыңыз. Тұтастай мәтін мазмұны меңгерілгеннен кейін, мәтін мазмұнына сәйкес суреттер көрсетіңіз. Оқушылар берілген суреттер бойынша Әлихан туралы монолог айтып шығады.
Қалаулары бойынша бір-екі жұпқа сыныпқа әңгімелетіңіз. Қалған жұптар «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын» сияқты комментарийлер арқылы бағалатыңыз.
Жазылым. Айтылым. Оқушыларға бұрынғы Астана туралы қысқаметражды фильм көрсетіңіз. Содан соң оқушыларды 3 топқа бөлініп, бұрынғы Астана мен бүгінгі Астана туралы ақпарат жинатыңыз. Бұрынғы Астана туралы өзіңіз ақпарат жеңіл тілмен жазылған басқа ақпараттармен араластыра отырып, үлестірме қағаздар таратыңыз. Бұл оқушылардың өзіне қажетті ақпараттарды тез тауып, уақытты үнемдеуіне көмектеседі. Тапқан ақпаратты пайдаланып, кестені толтырады. Бұл тапсырманы оқушылар ғылыми-зерттеу (ҒЗО) ойыны арқылы орындайды.
ҒЗО (ғылыми зерттеу орталығы) қызметкерлері (оқушылардың бір немесе бірнеше тобы) тапсырыс берушіден (мұғалім немесе арнайы бекітілген оқушы) алынған тапсырманы топтасып талдай отырып, өзара міндет бөлінісі арқылы шығармашылықпен орындайды. Біткен жұмысты кестеге толтырып, қабылдау комиссиясына (2-3 үздік оқушы) жоба қорғау түрінде өткізеді. Комиссия қабылдамаса, жұмысты қайта толықтыру керек.
Қабылдау комиссиясы төмендегідей дескрипторлар арқылы қабылдайды:
- тақырыпқа қатысты ақпаратты іріктеуі;
- ақпаратты кестеге түсіруі;
- ақпараттармен бөлісуі.
Бұл тапсырманы орындап болған соң, Ббр-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалайды.
Сергіту сәті. “Бір-екі-үш-төрт-бес” ойынын ойнатыңыз. Ойын былайша ойналады. Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен, оң қолын, сонан соң, сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды.
Есте сақтайық! айдарын оқытып, ондағы «мың» сөзін қолдану ерекшелігін түсіндіріңіз. Астанадағы гүлзар мен саябақтарды бейнематериалдар арқылы да түсіндіріп кетуге болады.
Оқылым. Оқушыларға тапсырманың қалай орындалуын түсіндіріңіз. Оқушылар мәтінді оқытып, берілген екі мәтіннен қате ақпаратты табады. Одан кейін осы мәтіндердің дұрыс нұсқасын айтады. Одан кейін келесі тапсырманы орындатыңыз:
- Мәтіннен қимылды білдіретін сөздерді табыңдар (атаған, болған, болмаған, жүрген).
- Бұл сөздерде қандай ұқсастық бар?
- Қай уақытты білдіріп тұр?
Оқушыларға тапсырманы төмендегідей дескриптор бойынша бағалатыңыз:
- мәтіннің дұрыс құрылуы;
- сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрауы.
Жазылым. Сабақты бекіту үшін келесі тапсырманы орындатыңыз. Берілген тірек сөздермен сөйлем құратыңыз. Бұл тапсырманы, алдымен, ауызша «Кім жылдам?» ойыны арқылы ойнатыңыз. Кімде-кім дұрыс әрі бірінші орындаса, жұлдызшамен марапаттаңыз. Құралған сөйлемдерді дәптерлеріне жаздырыңыз.
Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Оқушылар бір-бірін бағалау критерийлері арқылы бағалайды. Сабақты өте жақсы меңгерсе, «Алма» ағашына, жақсы түсінсе, «Бәйтерек» ағашына, ал түсініксіз болса, «Тікенек» ағашына стикер қалдырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?