Менің бір күнім». Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып
3-бөлім: Уақыт
8-сабақ «Менің бір күнім»
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Сабаққа қажетті құралдар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
- Ең басты міндет- мақсатқа жету.
- Оқушылардың идеяларын жазу үшін флипчарт (плакат, ақ қағаз) дайындаңыз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Суретті сөздік» арқылы ой шақырып, болжау стратегиясын қолдана отырып тақырыпқа болжау жасатыңыз. Оқушыларға алдын ала даярланған қағазға немесе тақтада суретті көрсетіңіз. Оқушылар кезек-кезек шығып, суретті сипаттайды немесе қасына өз ойын жазады;
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздер:
Жаңа сөздердің мағыналарын ұйымдастыру кезеңінде қолданған сурет арқылы дамыталады. Оқушылардың жауабына мұғалім өз жауабын ұсынады. Оқушылар салыстырады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сөздерді жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады. Мысалы, сөздердің мағынасын жақын, жуық сөздер арқылы меңгереді.
Қолдану ерекшеліктерін көрсету:
- Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
- Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыңыз;
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
- Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
Есте сақтаңыз:
Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.
Теориялық бөлім:
Алдымен етістіктің жедел өткен шағын қайталап, оқушылар сөзді ауызша немесе жазбаша мысалдармен бекітіледі.
Практикалық бөлім:
Білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады. Тапсырмалар да осы бағытта жүргізіледі.
- Бірінші тапсырмада оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап іздеп, мәтіннің мазмұнын түсінеді.
- Екінші тапсырманы жұптасып орындайды. Берілген сурет бойынша жұптасып диалог құрастырады. Тапсырманы орындатпас бұрын, мұғалім өз шеберлігін қолданады. Диалогта оқушылар жедел өткен шақтағы етістіктерді еркін қолданады.
- Соңғы тапсырма ұжыммен орындалады, берілген жағдаят төңірегінде пікір таластырып, талқылап, өз шешімдерін қабылдайды. Тапсырманы орындамас бұрын, дескрипторға назар аудартыңыз.
Бағалау:
Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, «Бас бармақ», «Даналық ағашы» түрлерін қолдануға болады. Оқушы көрсетеді және жеке көзқарасын білдіруге қалыптасады.
- Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Біз бақытты баламыз.
Оқушылар дауыстап бірге айтады.Оң және сол қолдарымен қимыл арқылы көрсетеді
- Рефлексия
Адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі. «Желкенді қайық» әдісін қолдануға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?