Көктем кереметтері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»

Күні:

Сынып: 3

4-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көктем кереметтері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2. Мәтіннің мазмұнын түсіну

3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтін мазмұнын мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Оқыған шағын мәтін мазмұнын жиі қолданатын сөздер арқылы түсінеді.

Оқушылардың кейбірі:

Оқыған мәтіннің мазмұнын толық түсінеді.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Лексикалық минимум

Жиі, құс, ұя, жылға

Грамматикалық минимум

-а,-е,-й көсемше

Құндылықтарды дарыту

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

2-бөлім:

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

  • «Дос достыққа» тернингі

Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық жаттығуды орындайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:

Оң қол оң қолмен!

Мұрын мұрынмен!

«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.

Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз.

Оқушылардың зейінділік қабілетін ұштауға болады.

Ой шақыру

Оқушылар сабақ тақырыбын сурет арқылы анықтайды.

  • Балалар, бұл суреттен нені байқадыңыздар?

Суреттен көрген құбылысты сөз және сөз тіркесімен жазып шығыңыз.

Мысалы: бәйшешек, қар ериді, көк аспан

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Мәтіннің мазмұнын түсінемін.

 

 

 

 

 

 

 Таратпа материалдар

 

 

 

 

 слайд

Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

Оқушылар назарына сурет беріледі. Сыни тұрғыдан ойландыру мақсатында суретте бейнеленгенді кестеге сөзбен толықтыр.

№1 - тапсырма

Я

Ж

Л

А

Қ

С

Жауабы: ұя, жылға, құс

№2 –тапсырма

жиі- үзбей, үнемі әрдайым

Мысалы: Мен жиі қалаға барамын

Слайд арқылы ұя, жылға, құс деген сөздер суретімен шығады.

Кері байланысты «Шапалақ» әдісі арқылы бере аласыз.

) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқы. Жаңа сөздерді белгіле.

Көктем

 Көктем келді. Қар еріді. Алғашқы бәйшешек пайда болды. Балалар құстарға ұя жасайды. Суға қайық жіберіп ойнайды. Құстар ән салды. Көктем мезгілі тамаша! Көктемде Наурыз мерекесін тойлаймыз.

) Ой қозғау

  • Мәтін не туралы?
  • Қай мезіл сипатталады?
  • Балалар не жасайды?
  • Жылғаларға не жібереді?
  • Көктемде жиі не болады?

Дескриптор:

  • жаңа сөздерді таба алады;
  • Мәтін мазмұнын түсінеді;

Грамматикалық қоржын

(Ұ, МК) -а,-е,-й көсемше

Мысалы: Ол мектепке бара ма? .

- бар – түбір сөз, етістік

- а - көсемше

Мен домбырада ойнаймын.

Ойна- түбір сөз, етістік

-й – көсемше

-мын жікітік жалғауының І жағы

(ЖЖ) Сурет бойынша жұмыс

Тапсырма: Тірек сөздерді қолданып, суретті сипаттап жаз. Етістікке –а, -е,-й қосышасын жалға.

Адамадар немесе балалар не істейді?

Үлгі:

Мысалы: Көктемде балалар ұя жасайды. (-й)

Балалар аула жинады. (-а)

Тірек сөздер: тазалайды, қопсытады, көмектеседі, жинайды, ағашты күтеді.

Дескриптор:

  • Тірек сөздерді орынды қолданады;
  • Суретті сипаттап жазады.

Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен?

Сергіту кезеңі: «Рахмет» жаттығуы

Қатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Мұғалім ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айқайлайды.

Талқылау: Қандай сезімде болдыңыздар?

) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқып, -а,-е,-й қосымшасы бар етістіктерді теріп жаз.

Көктем

Көктем келді. Қар еріп, алғашқы бәйшешек пайда болды. Балалар құстарға ұя жасайды. Жылғаларға балалар қайық жіберіп ойнайды. Құстар болса, әуелеп ән айтады. Көктем мезгілі кереметтерге толы болады. Көктемде жиі мерекелерді тойлайды.

Етістіктер: жасайды, ойнайды, айтады, болады, тойлайды.

Кері байланыс. «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі.

Дескриптор

  • -а, -е, -й қосымшаларын таба алады;
  • мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Кері байланыс: «Тосын сұрақ» әдісі арқылы жүргізіледі. Мұғалім «Тапсырманы орындауда не қиын болды? Неліктен?» деген сұрақтар арқылы кері байланыс береді.

Слайд

Таратпа материалдар

таратпа қағаз

слайд

Таратпа материал

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Үй жұмысы

Ұя, жылға, құс, жиі сөздерін қатысты отырып, көктем мезігілімен байланыстырып 3 сөйлем жазып келу.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу