Қысқы демалыс. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

 

 Сабақ тақырыбы: Қысқы демалыс

 

 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

 4.2. тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу

 3.4.2.1. оқыған /аудио/ бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

 

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылардың барлығы:

 Мәтін мазмұнын мұғалімнің қолдауымен жазады.

 Оқушылардың көпшілігі:

 Оқыған мәтін мазмұнын тірек сөздер арқылы жазады.

 Оқушылардың кейбірі:

 Оқыған мәтіннің мазмұнын өз бетінше жазады, тірек сөздерді орынды қолданады.

 

 Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.\

 Сабаққа қажетті құралдар:

  •  Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  •  Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  •  Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  •  Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  •  Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  •  Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  •  Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  •  Ең басты міндет - мақсатқа жету.

 

 Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  •  Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды туғызудан басталады «Көңілді шеңбер» тренингі бойыншша балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Осы тренинг арқылы оқушылардың зейінділік қабілетін ұштауға болады. Шеңберде отырған ең зейінді балаға сыйлық беруге болады. Бұл тернингтің мақсаты оқушылар арасында ынтымақтастық сезімін нығайту болып табылады.
  •  Сынып оқушыларының назарына суреттер топтамасы беріледі, яғни, ой шақыру мақсатында. Сабақ тақырыбын сурет арқылы анықтау негізінде сабаққа зейінін аудару.
  •  Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізу керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
  •  Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

 

 Жаңа сөздерді меңгерту:

  •  Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
  •  Оқушылар назарына суреттер топтамасы ұсынылады. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы 4 жыл мезгілін анықтаймыз? Тақырып аясында анимация арқылы қыс және қолдан деген сөздер рет-ретімен экранда пайда болады. Сабақ барысында осы сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуына үнемі назар аударып отыру қажет. Тапсырма орындалғаннан кейін «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс бере аласыз.

 Жазылым

  •  Сынып оқушыларына лексикалық минимумды игерту мақсатында тапсырма ұсынылады. Тапсырма мәтінмен жұмыс түрінде жүзеге асырылады. Мәтінді оқи отыра, жаңа сөздерді мәтін ішінен анықтайды. Сабақ барысында тірек сөздерді оқып әрі қайталау арқылы оқушының тілін жаттықтыра аласыз.
  •  Оқылым тапсырмасында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Балалар мәтінді түсініп оқу арқылы мәтінде жиі кездесетін сөздерге назар аударып, оларды тізбектеп айтып шығуын қадағалаңыз. Кейін берілген сұрақтарға толық әрі дұрыс жауап беруін назарда ұстаңыз.
  •  Ой қозғау кезіңінде оқушылар назарына жетекші сұрақтарды ұсына отырып, жауабында қыс және қолдан деген сөздерді тиімді қолдана алуын қадағалауды ұмытпаңыз. Берілген тапсырмада оқушылардың тапсырманы бірлесе орындауы өте маңызды. Оқушыларды бақылауда ұстап, қолдау көрсетіп отырыңыз. Тапсырма орындалғаннан кейін кері байланыс беруді ұмытпаңыз.
  •  Оқушылардың сабақ барысында грамматикалық білімдерінде назардан тыс қалдырмай, толықтырып отырасыз. Мақсат – сауатты жазып,өз ойын сыни тұрғыдан жеткізе алуға бағыттап отырғаныңыз жөн.
  •  Жазылым дағдысын жетілдіріп, ұштау мақсатында суретті сипаттай отырып, мазмұнын аша алатын тірек сөздерді орынды қолдана алуға бейімдейсіз. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып әңгімелеуіне назар аударыңыз.Тапсырманы орындағаннан кейін кері байланыс беруді ұмытпаңыз.
  •  Сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыру жолында сергіту кезеңін ұйымдастыруға болады. «Төрт құбылыс» тренингі барлық сынып оқушыларының белсенді қатысуымен жүргізіледі. Балалар шеңбер құрады. Жүргізуші: «қыс», - десе қолдарын алдына созады, «қар» десе жоғары көтереді, «аяз» дегенде екі қолын айналдырады, «боран» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.
  •  Жазылым дағдысын қалыптастыру мақсатында оқушылар суретті сөзбен жазып, сөйлемді толықтырады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштай алуына бағыт-бағдар беріңіз.
  •  Сынып оқушыларының сабақ соңында рефлексиядағы белсенділігін үнемі қадағалап отырыңыз.

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу