Қысқы демалыс. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
Сабақ тақырыбы: Қысқы демалыс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
4.2. тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1. оқыған /аудио/ бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
Сабақ мақсаттары
Оқушылардың барлығы:
Мәтін мазмұнын мұғалімнің қолдауымен жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтін мазмұнын тірек сөздер арқылы жазады.
Оқушылардың кейбірі:
Оқыған мәтіннің мазмұнын өз бетінше жазады, тірек сөздерді орынды қолданады.
(Ө) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқы. Жаңа сөздерді белгіле.
Қыс келді. Қыста күн суық болады. Балалар қыс мезгілін жақсы көреді. Қыс мезгілі ең тамаша мезгіл. Балалар қыста шаңғы, шана және коньки тебеді. Шананы, шаңғыны, конькиді сырғанақ тебу үшін қолданады. Қыста балалар қардан аққала жасау үшін шелекті қолданады.
(ЖЖ) Сурет бойынша жұмыс
Тапсырма: Тірек сөздерді қолданып, суретті сипаттап жаз.
Нені көрдің?
Үлгі: -
Мен суреттен ағашты көрдім.
Ал сен нені көрдің?
Тірек сөздер: қыс, бала, шырша, автобус, машина, үй, жол, қолдан, ұя, тиін, құс
Дескриптор:
- Тірек сөздерді орынды қолданады;
- Суретті сипаттап жазады.
(Ж) Жазылым
Тапсырма: Суретті сөзбен жазып, сөйлемді толықтыр.
1. Жыл мезілі .
2. -та адамдар жылы киеді.
3. қыста жасау үшін-ті қолданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?