Сағат неше? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Сабақ тақырыбы: Сағат неше?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары
Оқушылардың барлығы:
Үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, мұғалімнің қолдауымен жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастыруда тілдік нормаларды сақтайды.
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тілдік бағдар дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Сабаққа қажетті құралдар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Сұрақ-жауап» арқылы ой шақырып, өткен сабақта өткен материалды қайталап, тақырыпқа болжау жасатыңыз;
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздер:
Жаңа сөздердің мағыналарын ұйымдастыру кезеңінде қолданған сурет арқылы дамыталады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сөздерді жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады. Практикалық түрде (ауызша не жазбаша), мысалы қол сағатын немесе сағат макетін қолдана отырып меңгертіңіз.
Қолдану ерекшеліктерін көрсету:
- Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
- Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыңыз;
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
- Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
Есте сақтаңыз:
Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.
Теориялық бөлім:
Алдымен сұраулы сөздерге тоқталып оның қолданысын және ерекшелігін атап өтіңіз. Оқушылар сөзді ауызша немесе жазбаша мысалдар келтіреді.
Практикалық бөлім:
Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.
- Бірінші тапсырманы оқушылар топқа бөлініп орындайды. Топқа жаңа сөздер арқылы бөлуге болады (мысалы, ұш тірлі сағат суретін бөлшектерге бөлесіз, оқушылар бөлшектерден суретті жинақтайды, топ құрылады). Әр топ ақылдаса отырып жазбаша орындайды, сағат тілімен топтар өзара жұмыстарымен алмасады, белгі арқылы (+), (-) жұмыстарын бағалайды, кері байланыс береді;
- Екінші тапсырманы жұптасып орындайды. Сөйлемдегі шашылған сөздерді орын тәртібін сақтай отыра, дұрыс жинақтайды. Оқушылар ақылдаса отырып орындайды. Мұғалім кез келген жұпты ортаға шақырады, олар дауыстап оқиды, басқа жұптар «бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Дұрыс болмаған сәтте, бағалаушы дұрыс нұсқасын оқып, өзі түсіндіріп өтеді;
- Соңғы тапсырма жеке орындалады, оқушы берілген суретке қарап, жай сөйлем және құрмалас сөйлемдер құрастырады. Орындау барысында қолдауды қажет ететін оқушыға мұғалім көмек береді (сөздікпен қолдану, тірек сөздер беру). Тапсырманы орындамас бұрын, дескрипторға назар аудартыңыз. Оқушының жұмысын мұғалім өзі тексеріп бағалайды, кері байланыс береді.
- Шартты белгілер:
Әр тапсырманың астында «қанат білгісі V» оқушыға қолдау, көмек ретінде берілген (назар аудару, бағыт беру). Бұл белгіні дескриптормен шатастырмаңыз.
- Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Бесті беске қосайық Қатты-қатты соғайық. Орнымыздан тұрайық 1,2 деп бастайық, Топ-топ басайық Сәл дем алып болған соң Орнымызға барайық.
Оқушылар дауыстап бірге айтады. Қимыл арқылы көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?