Сағат неше? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 3

1-сабақ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сағат неше?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, мұғалімнің қолдауымен жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастырады.

Оқушылардың кейбірі:

Жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастыруда тілдік нормаларды сақтайды.

Бағалау критерийлері

  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;
  • жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастырады.

Лексикалық минимум

Қал, кет, жарым

Грамматикалық минимум

Қанша? Неше?

Құндылықтарды дарыту

Уақытты тиімді қолдана білу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Уақыт туралы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Түгендеу

(Т) Үй жұмысын тексеру. «Сенің үйінде қандай сағат түрлері бар?» Әр топ коллаж жасап, әңгімелейді.

Қызығушылық туғызу

Сұрақ-жауап:

  • Бөлім қалай аталады? (уақыт)
  • Уақыт сөзінің синонимі? (сағат)
  • Сағат не үшін керек? (уақытты қадағалау үшін)
  • Алғаш сағат қай елде пайда болды? (Қытайда)
  • Сағаттың қандай түрлерін білесің? (қол сағаты ...)
  • Сағаттың көрсеткіші нелер? (циферблат және тіл)
  • Сен сағатты танисың ба? (ия\жоқ)
  • Қалай ойласың, бүгінгі сабақ қалай аталады? (сағат)

Бағалау: смайлик

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтаймын;
  • жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастырамын.

 Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Жаңа сөздер

(ЖЖ) Сөздерді сурет арқылы меңгерту.

Қалды

16:45 – сағат беске он бес минут қалды (қалғанда)

кетті

11:15 – сағат он бірден он бес минут кетті (кеткенде)

жарым

14:30 – сағат екі жарым (жарымда)

Грамматикалық қоржын

, МК) Сұраулы сөздерді есте сақта!

Қашан? Неше? сұрақтары уақытты, санды анықтағанда қолданады.

Мысалы:

Тапсырманы қанша уақыт орындадың? (екі күн, екі сағат)

Сағат неше болды? (сағат он болды)

1-тапсырма:

(Т) Берілген сағат уақытын сөйлеммен сөйлет.

1-топ:

08:15 –

09:20 –

11:05 –

20:20 –

2-топ:

08:45 –

09:55 –

11:35 –

20:50 –

3-топ:

08:30 –

09:30 –

11:30 –

20:30 –

  • Топпен бірлесіп жұмыс жаса.

Бағалау

Топтар сағат тілімен бір-бірінің жұмысын (+), (-) белгімен тексереді.

Кері байланыс

Тапсырма қызықты болды ма? Неге?

2-тапсырма:

(ЖЖ) Сөйлемдерді дұрыс құрастырып айт.

1. оянамын \ мен \ таңертең \ жетіде \ сағат \ ұйқыдан

2. беті-қолымды \ сағат \ минут \ жетіден \ бес \ кеткенде \ жуамын

3. сағат \ таңғы \ жеті \ асымды \ жарымда \ ішемін

4. минут \ сағат \ сегізге \ барамын \ бес \ қалғанда \ мектепке

Жауабы:

Мен таңертең сағат жетіде ұйқыдан оянамын.

Сағат жетіден бес минут кеткенде беті-қолымды жуамын.

Сағат жеті жарымда таңғы асымды ішемін.

Сағат сегізге бес минут қалғанда мектепке барамын.

  • Сөздердің орын тәртібін сақта.

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма? Неге?

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Бесті беске қосайық Қатты-қатты соғайық. Орнымыздан тұрайық 1,2 деп бастайық, Топ-топ басайық Сәл дем алып болған соң Орнымызға барайық. 

3-тапсырма:

(Ж) Суретке қара. «Кетті\кеткенде, қалды\қалғанда, жарым\ жарымда сөздерін қолданып, сөйлемдер құрастыр.

Дескриптор:

  • жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер құрастырады;
  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Бағалау:

Мұғалім бағалайды.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі орташа оқушылар сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, мұғалімнің қолдауымен жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастырады.

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастырады.

 Слайд

Үлестірмелі қағаздар

 https://www.google.kz/search?q=иллюстрация+для+детей

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«Микрофон» сабаққа рефлексия жасайды, не

үйренгенін айтады да, басқа оқушының атын айтады, сол оқушы жалғастырады.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Уақытын көрсетіп, кешегі күнгі 3 әрекетін жазып келу (үлгісін көрсету).

Үлгі: Мен кеше сағат үштен кете кітаханаға бардым.

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу