Шебер бала №10. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
Оқылым мәтіні
Мырзабек – шебер бала. Ол ойыншықтың бәрін өзі жасайды. Ол шырпы қораптарынан әдемі үй жасайды. Иманбек бұл ойыншыққа қатты қызықты. «Не беріп айырбастап алсам екен?» деп ойлады.
Ол Мырзабекке:
- Мен саған добымды берейін. Сен маған ойыншық үйіңді берші, - деді.
Мырзабек допты алмады. Ол Иманбекке ойыншық үйді берді.
- Мен өзіме тағы жасап аламын, - деді Мырзабек.
Иманбек:
- Рақмет! – деп, қуанды.
М.Төрежанов
«Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісіне арналған сөйлемдер:
Мырзабек – шебер бала. Ол ойыншықтың бәрін өзі жасайды. Ол ойыншықты шырпының қорабынан жасайды. Ол шырпының қораптарынан әдемі үй жасайды. Ол ойыншығын Иманбекке берді.
Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем»
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді.
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.
Үй жұмысына арналған мәтін:
Шырпының қорабын (оттың, терезенің партаның) жанына қойма. Мырзабек – (жалқау, шебер, еріншек) бала. Ол шырпының қораптарынан (доп, үй, кітап) жасады. Иманбек бұл (дәптерге, ойыншыққа, қаламға) қатты қызықты.
Қолдануға болатын суреттер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?