Мейірімді Нұрай №9. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып "Қазақ тілі"

(Ф.Оразбаева, Ж.Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л.Нұрмұханова, "Көкжиек-Горизонт" - 2018) оқулығы негізінде әзірленген.

2-тарау

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы: Мейірімді Нұрай

Сабақтың мақсаты:

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

3.​1.​2.​1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.​3.​1.​1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабаққа қажетті құралдар:

Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады. Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беру керек. Әр оқушының қай баспалдақта тұрғанын нақты анықтап алған соң, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды. Қолдауды қажет ететін оқушыларды үнемі қадағалауда ұстап, қолдау көрсетіп отырыңыз. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз. Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескеріңіз. Ең басты міндет- мақсатқа жету.

Ертеңгілік шеңбер. «Жүректен жүрекке»

Сабақты бір - біріне жақсы тілек тілеуден бастайды. Мен саған ... тілеймін (бақыт, денсаулық, береке, сәттілік). Бұл тәсіл сабақтың ең басында жылы тілектер айту арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға және сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.

Сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы мен мазмұнына болжау жасатыңыз. Өйткені болжату арқылы баланың сыни ойлау дағдысын да дамыта аласыз. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту.

Жаңа сөздерді меңгерту- сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді, қимыл, ым-шараны қолданыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. «Жоқ, дұрыс емес!», «Қате!» деген сөздер айтудан аулақ болыңыз. Баланың ынтасын жоғалтып алмау керектігін үнемі есте сақтаңыз. Сондай-ақ жаңа сөздерді оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануына мән беріп отырыңыз. «Сөйлеу қабырғалары» бірнеше сабақ бойы оқушыларға көмек болу үшін, үлкен ақ парақтарға жазып іліп қойыңыз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды.

Тыңдалым.

Мәтінді алдын-ала аудиожазбаға жазып алыңыз, ондай жағдай болмаса, өзіңіз оқып беріңіз. Дегенмен де аудиожазбадан тыңдап үйренгендері дұрыс. Тыңдалымның алдында мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер болған жағдайда (1-2 сөз), міндетті түрде түсінік беру керек. Одан кейін тыңдалымға дайындау үшін тақырыпқа сай 1-2 сұрақ қойып, ой шақырған дұрыс. Бұл оқушылардың тілін дамытуға және ойларын жинақтауға ықпал етеді. Мәтінді 2 рет тыңдатыңыз. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Тыңдаған мәтін бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді, тірек сөздерді қолданып мәтіннің мазмұнын қысқаша айтады. Барлық оқушыдан сұрау қажет емес, 3-4 баладан сұрасаңыз жеткілікті. Жұмыстың соңында тақтада көрсетілген критерий бойынша өзін бағалайды. Мұғалімнің тарапынан «Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізіледі. Өз дәптеріңізге қай оқушының неден қиналып отырғанын тіркеп отырыңыз. Бұл келесі сабақты жоспарлағанда өзіңізге қажет. Сол оқушылардың ілгерілеуіне ықпал ететін тапсырма дайындаңыз.

Жазылым.

Жазу жұмысын бастамас бұрын жалғауларды бір-біріне доп лақтырып ойнату арқылы естеріне түсіріп алған дұрыс. Мысалы «Мен анама көмектесемін» деп бір оқушы екінші оқушыға лақтырады, екінші оқушы «Сен анаңа көмекесесің» деп үшінші оқушыға лақтырады, солай жалғаса береді. Осыдан кейін оқулықтағы жазбаша жұмысты орындатуға болады. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазады. Бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазуды айтып қою керек.

Оқылым.

Сергіту сәтін жүргізгеннен кейін, оқулықтағы мәтінді рөлге бөліп оқиды. Осы ретте мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіріп кеткен дұрыс (мейірімді, жылады, құлыным, шындық, ақылды). Сөздердің мағынасын ашуға көмектесу үшін мәтінде тіркескен сөздермен бірге қайталайды. Содан кейін «Кім тез» әдісі арқылы жұп болып мәтіннің мазмұны бойынша сұхбатқа түседі. (қабілетті оқушылар толық жауап береді, қалғандары қолдау арқылы жауап беруге ұмтылыс жасайды). Жұпқа бөлгенде, қабілеттері әртүрлі оқушыларды бірге отырғызыңыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушы жұбына қолдау көрсеткенін қадағалаңыз. Бір-біріне айтып жатқан уақытта, осы сабақта өзіңіз көздеген бір-екі жұптың қастарына барып тыңдаңыз. Барлық оқушыдан сұрау қажет емес, 2-3 оқушыдан сұрасаңыз жеткілікті. (Жұмыстарын жинап алып, сабақтың соңынан тексеріңіз). Бқл ретте қабілеті жоғары оқушылар мәтіннің тақырыбын анықтайды. Нұрайдың әрекетіне қарай, мінездеме береді, дәлел келтіреді. Соңында оқушылар «Бір жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзара бағалайды (мәтінді рөлге бөліп дұрыс оқыды, сөздердің интонациясын дұрыс қойды, т.б.) Мұғалім комментарий айту арқылы бағалайды (дұрыс құрдың, жаңа сөздерді орынды қолдандың, сөздерді дұрыс айттың, ойыңды жақсы жеткіздің, Нұрайдың мінезін сипаттай алдың және т.б)

Айтылым.

Бұл тапсырма «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы жүргізіледі. Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келуге жағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын айтады. «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды, бірнеше оқушының комментарийі тыңдалады.

Рефлексия, үй жұмысы.

Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға «Бес саусақ» әдісін ұсынуға болады. Сабақтан алған әсерлерін төмендегідей көрсетеді.

Бас бармақ – неден қиналдым?

Балаң үйрек – кімге көмектестім?

Ортан терек – көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – қандай жетістікке қол жеткіздім?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу