Мейірімді Нұрай №9. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Мейірімді Нұрай №9 | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну 3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну 3.1 Оқу түрлерін қолдану 3.3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Тыңдаған, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтінді рөлге бөліп оқиды, мұғалімнің қолдауымен сөздерді дұрыс байланыстырып жазады. Оқушылардың көпшілігі: Тыңдаған, оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, өз бетінше септік, жіктік жалғауларын дұрыс қолданады. Оқушылардың кейбірі: Мәтіннің негізгі ойын түсінеді, тақырыпқа қатысты өз пікірін айтады. | |||||
Бағалау критерийлері | - тыңдаған, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді; - тыңдаған, оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді - септік, жіктік жалғауларын дұрыс қолданады. | |||||
Лексикалық минимум | Ешкім, сынған (сындырып алу) | |||||
Грамматикалық минимум | Септік, жіктік жалғаулары (Мен сындырып ал+ды+м. Ол гүл+ге су құйды.) | |||||
Құндылықтарды дарыту | Мейірімділікке, қамқор болуға, шындықты айтуға тәрбиелеу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылым | |||||
Бастапқы білім | ІІ бөлім. «Азға қанағат ет» № 8 сабақ. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы (5 мин) | Ертеңгілік шеңбер «Жүректен жүрекке» Сабақты бір - біріне жақсы тілек тілеуден бастайды. Мен саған ... тілеймін (бақыт, денсаулық, береке, сәттілік). «Болжау» стратегиясы. Оқушылар сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын болжап айтады. - Балалар, сендер аталарыңа, әжелеріңе көмектесесіңдер ме? - Өтірік айтасыңдар ма? Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. (Тақтада оқушылардың тіліне бейімделген оқу мақсаттары жазылады) - тыңдаған, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін; -тыңдаған, оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беремін - жалғауларды дұрыс қолданамын. | Таныстырылым № 1 Таныстырылым № 2-3 | ||||
Жaңa caбaққa кiрicпе (3–7 минут) | (МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: ешкім, сынған, сындырып алу. 1. Осы сөздердің мағыналарын суреттер арқылы түсіндіру. Сынған ыдыс Сындырып алу
Ешкім - ешкімді ренжітпедім, ешкімді көрмедім, ешкім айтпады. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: - мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды; - оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды; - дұрыс айтуға дағдыланады: сынған - сыңған 3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады: Анама көмектесемін, ыдысты сындырып алды, сынған ыдыс 4. Сөйлемдер құрастыру. Бүгін мен анама көмектесемін. Әли ыдысты сындырып алды. Ол сынған ыдысты жинады. 5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазады. | Таныстырылым № 4-5 | ||||
Caбaқтың oртacы (8–30минут) | (Ұ) Грамматикалық қоржын. Септік және жіктік жалғауларын қайталайды. Мен сындырып алды+м/ Мен көмектесе+мін Сен ыдыс+ты сындырып алдың/ Сен анаң+а көмектесе+сің Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазады. Мысалы: Зере анасына көмектес... . Ол гүл... су құйды. Тиісті қосымшалар: - ге, -ты, -ті, -дың, -ны (Ұ, МК) Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдайды. Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздерге түсінік беріледі. Алдын-ала дескриптормен танысады. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. Дескриптор: 1. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. 2. Мәтіннің мазмұнын қысқаша айтады; 2. Тірек сөздерді қолданады; 3. Сөйлемдегі сөздердің жалғауларын дұрыс айтады. Тірек сөздер: жексенбі, көмектесті, шаңын сүртті, су құйды, жуды, риза болды. Кері байланыс: Тапсырманы орындау қиын болды ма? Не қиын болды? Сергіту сәті Қолды алға созайық, Қайшы кескен болайық. Бір, екі, үш, төрт, Бір, екі, үш, төрт. Енді еркін тыныстап Демалайық дұрыстап. Бір, екі, үш, төрт, Бір, екі, үш, төрт. Мәтінмен жұмыс. Оқылым алды тапсырмасы: (МК) Мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру (мейірімді, жылады, құлыным, шындық, ақылды). Мәтінде тіркескен сөздермен бірге қайталайды. Мысалы: мейірімді қыз, Нұрай жылады, шындықты айтты, т.б. Оқылым кезіндегі тапсырма: (МК, Ұ) Мәтінді үш оқушы рөлге бөліп оқиды. (автор, әжесі, Нұрай) Нұрай – өте мейірімді қыз. Ол бүгін әжесіне көмектесті. Ыдысты жуды. Бір ыдысты сындырып алды. Нұрай сынған ыдысты әжесіне берді. Әжесі: - Кім сындырды? – деп сұрады. - Мен, - деді ол. Нұрай оған жылады. - Жылама, құлыным! Сен өтірік айтпадың. Шындықты айттың. Сен ақылдысың, - деді әжесі. М.Базарбайқызы Оқылымнан кейінгі тапсырма (Ж) «Кім тез» әдісі арқылы жұп болып мәтіннің мазмұны бойынша сұхбатқа түседі. (қабілетті оқушылар толық жауап береді, қалғандары қолдау арқылы жауап беруге ұмтылыс жасайды). - Нұрай – қандай қыз? ... - Ол кімге көмектесті? ... - Ол нені сындырып алды? ... - Қандай балалар өтірік айтпайды? ... - Автор нені айтқысы келді деп ойлайсың? Саралау тапсырмасы: Қабілеті жоғары оқушылар мәтіннің тақырыбын анықтайды. Нұрайдың әрекетіне қарай, мінездеме береді, дәлел келтіреді. Оқушылар «Бір жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзара бағалайды (мәтінді рөлге бөліп дұрыс оқыды, сөздердің интонациясын дұрыс қойды, т.б.) Мұғалім комментарий айту арқылы бағалайды (дұрыс құрдың, жаңа сөздерді орынды қолдандың, сөздерді дұрыс айттың, ойыңды жақсы жеткіздің, Нұрайдың мінезін сипаттай алдың және т.б) (Т) «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі. Пазл арқылы 3 топқа бөлінеді, яғни тақырыпқа қатысты суреттерді құрастырады. Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келуге жағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын айтады. Жағдаят: інің үстелде тұрған әдемі құмыраны сындырып алды. Ешкімге айтпай, қоқыс жәшігіне тастай салды. Сен оның құмыраны сындырғанын көрдің. Не істейсің? «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды, бірнеше оқушының комментарийі тыңдалады. | Таныстырылым № 6 Таныстырылым № 7 Таныстырылым № 8 Таныстырылым № 9
Таныстырылым № 10 | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: «Бес саусақ» Бас бармақ – неден қиналдым? Балаң үйрек – кімге көмектестім? Ортан терек – көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек – қандай жетістікке қол жеткіздім? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім? Үй жұмысы: Үлкендерге қалай көмектесетіні туралы шағын мәтін жазып келу немесе мейірімділік, қамқорлық туралы мақал/мәтел жаттап келу (деңгейлеріне қарай). «Есте сақта!» айдарын оқу. | Таныстырылым № 11
Таныстырылым № 12 | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?