Әнел ақылды №5. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып "Қазақ тілі"
(Ф.Оразбаева, Ж.Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л.Нұрмұханова, "Көкжиек-Горизонт" - 2018) оқулығы негізінде әзірленген.
2-тарау
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақтың тақырыбы: «Әнел ақылды»
Сабақтың мақсаты:
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
5.1 Грамматикалықнормалардысақтау (лингвистикалықтерминдердіқолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабаққа қажетті құралдар:
Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарайт тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады. Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беру керек. Әр оқушының қай баспалдақта тұрғанын нақты анықтап алған соң, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды. Қолдауды қажет ететін оқушыларды үнемі қадағалауда ұстап, қолдау көрсетіп отырыңыз. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз. Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескеріңіз. Ең басты міндет- мақсатқа жету.
Ертеңгілік шеңбер «Көңілді шеңбер».
Балалар бір-біріне өздерінің игілікті тілектерін айтады: Мен саған денсаулық тілеймін! Мен саған қуаныш тілеймін! және т.б. Әрбір оқушымен шынайы қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастық ортасын құрап алған дұрыс. Бұл тәсіл сабақтың ең басында жылы тілектер айту арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.
Ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын болжау жасатыңыз. Өйткені болжату арқылы баланың сыни ойлау дағдысын да дамыта аласыз. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздерді меңгерту.
Жаңа сөздерді меңгерту- сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді, қимыл, ым-шараны қолданыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. «Жоқ, дұрыс емес!», «Қате!» деген сөздер айтудан аулақ болыңыз. Баланың ынтасын жоғалтып алмау керектігін үнемі есте сақтаңыз. Сондай-ақ жаңа сөздерді оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануына мән беріп отырыңыз. «Сөйлеу қабырғалары» бірнеше сабақ бойы оқушыларға көмек болу үшін, үлкен ақ парақтарға жазып іліп қойыңыз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды.
Тыңдалым. Мәтінді алдын-ала аудиожазбаға жазып алыңыз, ондай жағдай болмаса, өзіңіз оқып беріңіз. Дегенмен де аудиожазбадан тыңдап үйренгендері дұрыс. Тыңдалымның алдында мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер болған жағдайда (1-2 сөз), міндетті түрде түсінік беру керек. Одан кейін тыңдалымға дайындау үшін тақырыпқа сай 1-2 сұрақ қойып, ой шақырған дұрыс. Бұл оқушылардың тілін дамытуға және ойларын жинақтауға ықпал етеді. Мәтінді 2 рет тыңдатыңыз. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Одан кейін мәтіннің мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар ұсыныңыз. Не түсінгендері жайлы біліп алғаннан кейін тірек сөздер беріп, сол сөздермен сөз орамдары мен сөйлемдер құрастыруға тапсырыңыз. Қабілеті жоғары оқушылар мәтінді мазмұндайды, өз пікірлерін білдіреді. Соңында «Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізіледі. Өз дәптеріңізге қай оқушының неден қиналып отырғанын тіркеп отырыңыз. Бұл келесі сабақты жоспарлағанда өзіңізге қажет. Сол оқушылардың ілгерілеуіне ықпал ететін тапсырма дайындаңыз.
Грамматикалық қоржын. Оқушылар «Футбол» ойынын ойнайды. Екі топқа бөлініп, бір-біріне допты лақтырады да сөздерді жіктеп айтады.
Оқылым. Айтылым.
Оқулықтағы мәтіннің мазмұнымен әркім өзі оқып танысқаннан кейін оқушыларды топтық тапсырма беріңіз. Бірінші топ «Попкорн» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтінге ат қояды. Екінші топ «Қабырғадағы рөл» әдісі арқылы Әнелді сипаттап береді, мәтіннің негізгі ойын анықтайды. Соңында «Бір жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір-біріне баға береді. Мұғалім комментарий айту арқылы бағалайды.
Жалпы оқушыларға өз бетімен оқуға мейлінше көп тапсырмалар берілгені жөн. Мұның негізінде оқушы оқылым дағдыларын емін-еркін қолдануға төселеді. Қиын мәтіндерді ұсынуда оған жеңіл тапсырмалар құрып, ал жеңіл мәтіндерге керісінше қиын тапсырмалар құруға тырысыңыз.
Жазылым. Топтық жұмыс жүзеге асырылады. 1-топтағы оқушылар жақша ішіндегі қажетті сөздерді пайдаланып, жазады. 2 топтағы оқушылар сөздерді сәйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрайды. 1-2 оқушының комментарийі тыңдалады, жұмыстарын мұғалімге өткізеді. Әр топтан бір-бірін сигналды кәртішкелер арқылы бағалайды, Жазу кезінде бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазуды естеріне түсіріп қойған дұрыс, қолдауды қажет ететін оқушыларға мұғалімнің көмегі көрсетіледі.
Сергіту сәтін жүргізгеннен кейін, «Таусылмайтын сөйлем» әдісі 1-ші топ сұрақ қояды, 2-ші топ сұраққа жауап береді. Ойын кезекпен ойналады. Ең көп сөйлем құраған немесе ең көп сұрақ қойған топ «жеңімпаз» атанады. Осындай бірлескен топтық жұмыс барысында ұжымдық сезім қалыптасып, бір-бірімен алған білімдерімен бөлісіп, өзара қолдау көрсетеді. Соңында «Парталас көршіңе бір сөз таңда» әдісі арқылы «Сен жарайсың. Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қанағаттанамын. Сенің мүмкіндігің одан да зор» сияқты мадақтау сөздерін айтады.
Рефлексия, үй жұмысы.
Сабақты бекітуде «Чемодан, еттартқыш, себет» әдісін ұсынуыңызға болады. Бұл ретте
Чемодан – өзіммен көп пайдалы білім алдым. Еттартқыш – алған ақпаратты өндеймін. Себет – бәрін лақтырамын, маған керексіз дегенді білдіреді. Бұл тәсіл арқылы сабақтың қаншалықты тиімді болғанын байқай аласыз.
Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?