Әнел ақылды №5. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар.
Тыңдалым мәтіні. Кітапхана.
Бұл кітапхана. Кітапхана кең және жарық. Кітапханада үнемі оқырмандар көп болады. Кітапханашы сыпайы кісі. Оның аты – жөні Маргарита Петровна. Әнел кітапханаға жиі барады. Ол ақылды оқушы. Кітапханада шулауға, қатты сөйлеуге болмайды.
Тірек сөздер: жиі барады, ой бөліседі, сабаққа дайындалады, қатты сөйлеуге болмайды.
Оқылым мәтіні:
Әнел- ақылды оқушы. Ол кітапты көп оқиды. Кітапханаға жиі барады. Ол оқыған кітабы туралы достарына айтады. Олармен ой бөліседі. Мен де достарыммен кітапханада сабаққа дайындаламын. Кітапханада қатты сөйлеуге, шулауға болмайды.
«ПОПКОРН» әдісі
Сұрақтары:
Әнел қандай?
Ол қайда жиі барады?
Ол нені көп оқиды?
Кітапханада не істеуге болмайды?
Грамматикалық қоржын. жіктік жалғауларын
қайталайды.
Жекеше түрінде жіктейді
Мен ақылды+...
Сен ақылды..
Сіз ақылды...
Ол ақылды...
Көпше түрінде жіктейді
Біз ақылды
Сендер ақылды...
Сіздер ақылды...
Олар ақылды...
1 топқа Жазылым
Жақша ішіндегі қажетті сөздерді пайдаланып, жаз.
Мен достарыммен кітапханаға (барамын)
Әнел кітапханаға (жиі барады)
Ол кітапты (көп оқиды)
Кітапханада (шулауға болмайды)
2 топқа жазылым
Сөздерді сәйкестендіріп бір неше сөйлем құра
Мысалы:
Мектептің кітапханасында көп кітап бар.
Ол бізге қызықты әңгіме айтып береді.
Жалқаубек кітаптың бетін сызады.
Сергіту сәті
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
Қолдануға болатын суреттер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?