«Жаман» деген немене? № 2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | «Жаман» деген немене? № 2 | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту 3.2.5.1 оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну 3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру. | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, суреттер бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады. Оқушылардың көпшілігі: Оқыған мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады, суреттердің көмегімен мәтін құрастырады. Оқушылардың кейбірі: Тыңдаған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, мәтін құрастыруда сөйлемдегі грамматикалық нормаларды, сөздердің орын тәртібін сақтайды, өз пікірімен толықтырады. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді; - мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады; - суреттердің көмегімен мәтін құрастырады. | ||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Жалқау, ерке, жаман, таста | ||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Жіктік жалғау, «емес» болымсыздық көмекші сөз Мен жалқау+мын/Мен жалқау емес+пін Мен ерке+мін | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жаман әдет-дағдылардан аулақ болуды түсінеді. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | ІІ бөлім. «Жақсы» деген немене? № 1 | ||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы (5 мин) | Психологиялық жағымды ахуал тудыру: «Жылулық шеңбері» Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірімен амандасады, жылы тілектерін айтады. Оқушылар суреттер арқылы сабақтың тақырыбы мен мазмұнын болжайды.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру - тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін; - мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтамын; - суреттердің көмегімен мәтін құрастырамын. | Таныстырылым № 1 Таныстырылым № 2 Таныстырылым № 3-4
| |||||||||||||||
Сабақтың ортасы (30 мин) | (Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Жалқау, ерке, жаман, таста. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттері арқылы меңгереді, сөйлемдер құрастырады.
Жалқау бала сабаққа кешігіп келеді. Мен жалқау емеспін. Мирас - ерке бала, ол ойыншықтарын шашып тастайды. Жаман әдеттен аулақ болу керек. (Ұ) Грамматикалық қоржын. Оқушылар екі қатарға бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Кезектесіп сөз орамдарына жалғауларды дұрыс байланыстырып айтады. І қатар ІІ қатар Мен жалқау+мын Жоқ, мен жалқау емес+пін Сен жалқау+сың Жоқ, сен жалқау емес+сің Сіз жалқау+сыз Жоқ, сіз жалқау емес+сіз Ол жалқау Жоқ, ол жалқау емес. Енді рөлдерімен ауысады. Мен ерке+мін Жоқ, мен ерке емес+пін Тыңдалым. Тыңдалымалды сұрақтар: * Жалқау бала деп кімді айтамыз? * Жалқау болу жақсы әдет пе, жаман әдет пе? Таныс емес сөздерге түсініктеме беріледі. (Ұ) Тыңдалым тапсырмасы. Оқушылар мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды. Суретті пайдаланып (оқулық, 40 бет), мәтіннің мазмұнын айтып береді. Жалқаубек – жалқау бала. Ол өте ерке. Түске дейін ұйықтайды. Бөлмесіндегі заттарды шашып тастайды. Ата-анасының тілін алмайды. Дескриптор: - мәтінге тақырып қояды; - мәтінді мазмұндайды; - суретке сүйенеді; - мазмұндау барысында тілдік нормаларды сақтайды. (Т) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: Оқушылар шағын 3 топқа бөлінеді. Диаграмманы толтырып «Жаман» деген сөзді сипаттайды, өз пікірлірен дәлелдейді. Оқушылардың жауаптары тыңдалады, мұғалім комментарий беру арқылы кері байланыс береді. Сергіту сәті: «Кім жылдам?» ойыны. Бір оқушы қалған оқушыларға: «Не жақсы?» немесе «Не жаман?» - деп, допты лақтырады. Допты қағып алған оқушы сұраққа тез жауап беруі керек. (Т) Оқылым. Айтылым. Оқушылар мәтінді шолып (танысу мақсатында) оқиды. Жалқаубек – жалқау бала. Ол сабақ оқымайды. Киімдерін шашып тастайды. Оның бөлмесі лас. Әлібек жалқау емес. Ол сабақты жақсы оқиды. Оның бөлмесі таза. Ол еріншек емес. «Венн диаграммасы» арқылы сұраққа жауап береді: Жалқаубек қандай? Әлібек қандай? Екеуін салыстырмалы түрде сипаттайды. Кері байланыс: «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. Жасыл түс – жеңіл болды Сары түс – ойландырды Қызыл түс – қиын болды Жазылым. (Ө) «РАФТ» әдісі бойынша оқушылар суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. (сурет оқулықтың 42 бетінде берілген). Әр оқушы өз атынан Жалқаубекке хат жазады. Р (рөл)- өзім А (аудитория) – Жалқаубек Ф (форма) – хат Т (тақырып ) – «Жалқау болма!» Тірек сөздер: ойлан, жалқау болма, еңбектену керек, жақсы оқу керек, ата-анаңды тыңда, ақылды, үлгілі бол. Дескриптор: - суретті қолданып, мәтін құрастырады; - тірек сөздерді орынды қолданады; - сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды; - жалғауларды дұрыс байланыстырады. | Таныстырылым № 5 Жалқау Ерке Жаман Таныстырылым № 6 Таныстырылым № 7 Таныстырылым № 8 Таныстырылым № 9 Таныстырылым № 10 Таныстырылым № 11 Таныстырылым № 12 | |||||||||||||||
Сабақтың соңы (5 мин) | Рефлексия: Нысана бойынша оқушылар өз аттарын жазып жапсырма қағаздарды нысанаға орнатады. Үй жұмысы: 41 бет, 3-тапсырма. Ауызша. | Таныстырылым № 13 Таныстырылым № 14 | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?