«Жақсы» деген немене? №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | «Жақсы» деген немене? №1 | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
3.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) 3.2.3.1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру. 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, жалғауларды дұрыс байланыстырады. Оқушылардың көпшілігі: Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды, тақырып бойынша диалогке қатысады, ауызша және жазбаша сөйлеуде жіктік жалғауларын орынды қолданады. Оқушылардың кейбірі: Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады, қосымша ақпаратымен бөліседі. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Ақылды, үлгілі, тентек. | ||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Жіктік жалғау Мен үлгілі+мін, мен ақылды+мын | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жақсы әдет-дағдыларға баулу. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | І бөлім. Жанды табиғат | ||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы (5 мин) | Ертеңгілік шеңбер «Сиқырлы таяқша» Балалар бір-біріне «Сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады: Мен бәріңе денсаулық тілеймін! Мен бәріңе қуаныш тілеймін! Мен бәріңе мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! және т.б. Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру - Мәтінді тыңдап, нұсқауды орындаймын. - Тақырып бойынша сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап беремін. - Сөздерді дұрыс байланыстырамын. |
Таныстырылым № 1
Таныстырылым № 2-3 | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы (30 мин) | (Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Ақылды, үлгілі, тентек. 1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттері арқылы меңгерту
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: - мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды; - оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды; - дұрыс айтуға дағдыланады: үлгілі - үлгүлү 3. Сөйлемдер құрастыру. Менің досым өте ақылды. Ол үлгілі оқушы. 5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады. (Ж) Тыңдалым. Айтылым. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды, таныс емес сөздерге түсінік беріледі. Қай сурет мәтіннің мазмұнына сәйкес келетінін көрсетеді, айтып береді.
Үлгілі Ақылды
Тентек Дескриптор: - тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша суретті анықтайды; - өз жұбына сипаттап айтып береді. Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды? (Т) Оқылым. Айтылым. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар шағын 3 топқа бөлініп, мәтінді оқиды. Жаңа сөздерді табады, сөз орамдары мен сөйлемдер құрастырады. Мәтіннің мазмұны бойынша диалогты толықтырады, топтар бір-біріне сұрақ қояды, өзара сұхбаттасады. Менің досым ауылда тұрады. Ол ақылды, тентек емес. Ата-анасына көмектеседі. Сабақты жақсы оқиды. Ол аяғы сынған құсқа көмектесті. Ол – үлгілі бала. .............................................. . Менің досым ауылда тұрады. ............................................... . Ол ақылды, үлгілі бала. ................................................ . Ол ата-анасына көмектеседі. ................................................ . Сабақты жақсы оқиды. Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. - тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ - тапсырманы орындауда қателер болды. - тапсырманы орындау қиын болды. Сергіту сәті. «Көңілді күн» Оқушылар билейді Ұ) Грамматикалық қоржын. «Жылдам ойлан!» ойыны. Мұғалім қоржынның ішіне қағазға жазылған жалғау түрлерін салады, оқушылар қоржыннан таңдап алады. Қай жалғауды алса, соған сәйкес үлгілі, ақылды, тентек сөздерінің бірін таңдап жазады, яғни тиісті қосымшаны жалғап жазады да, жұбымен сол сөзді қатыстырып, диалог құрастырады. Үлгі:
Тиісті қосымшалар: -мын, -сың, -сің -мін, -сіз, -сыз. (Ж) Айтылым. Оқушылар жұп болып сурет бойынша сұхбатқа түседі. Суреттегі екі балаға ат қояды, олардың қандай екендігін, қайсы кейіпкер дұрыс әрекет жасағандығы туралы айтады. Өз пікірлерін білдіреді. Мұғалім сырттан бақылап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы сұхбатты қажетті арнаға бұрып отырады. Дескриптор:
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды; - сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады. (Т) «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі. Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келуге жағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын айтады. Жағдаят: Қыста тонып жүрген құстарды көрдіңдер? Не істейсіңдер? «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды, бірнеше оқушының комментарийі тыңдалады. | Таныстырылым № 4 Таныстырылым № 5 Таныстырылым № 6 Таныстырылым № 7 Таныстырылым № 8 Таныстырылым № 9 Таныстырылым № 10 Сергіту сәті "Көңілді күн" https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8&t=5s Таныстырылым № 11 Таныстырылым № 12 | |||||||||||||||
Сабақтың соңы (5мин) | Рефлексия: Үй жұмысы: «Есте сақта!» айдарын оқы, 39 бет | Таныстырылым № 13 Таныстырылым № 12 | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?