file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Тазалықты сүйемін № 7. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тазалықты сүйемін № 7

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну

3.​1.​4.​1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тыңдаған мәтіннің тақырыбын анықтайды, берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табады.

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдаған мәтіндегі оқиғалардың ретін анықтайды, сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдаған мәтін бойынша өз ойын білдіреді, оқиғалар ретін анықтайды, сөйлеу барысында сөздерді дұрыс қолданады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Бағалау критерийлері

-тыңдаған мәтіннің тақырыбын, оқиғалар ретін анықтайды;

-сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады.

Лексикалық минимум

Көтер, қоқыс, таста

Грамматикалық минимум

Етістіктің болымсыз түрі

Көтер – көтер+ме, таста-таста+ма

Құндылықтарды дарыту

Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу. Жұпта жұмыс жасау барысында ұйымшылдыққа, бірлікке үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

І бөлім. Тентек болма № 6

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сенім аралы»

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтауға болады: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.

Үй жұмысын тексеру «Шеңбер бойымен әңгімелеу»

Оқушылар шеңбер бойынан кетпей тұра береді. Мұғалім 1 оқушыға үй тапсырмасын әңгімелеуді бастауды тапсырады. (өткен сабақтағы оқылым мәтіні) бірінші сөйлемді айтады. Екінші сөйлемді келесі оқушы жалғастырып айтады. Осылайша шеңбер бойымен мазмұндау жалғаса береді.

Оқушылар қысқа бейнефильм көру арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- тыңдаған мәтіннің тақырыбын, оқиғалар ретін анықтаймын;

- сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданамын.

Таныстырылым № 1

Таныстырылым № 2

Жерге қоқыс тастама!

https://www.youtube.com/watch?v=9JSGpD2W3Es

1:58

Таныстырылым № 3-4

Сабақтың ортасы

(30 мин)

(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: көтер, қоқыс, таста

1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттері арқылы меңгерту

Қоқыс (суреті көрсетіледі) – қоқсық, қоқыр-соқыр

Көтер – түсір (мағынасы қарама-қарсы сөз), қимылмен көрсету

Таста – лақтыр (ым-ишара, қимылмен көрсету)

Көтер – көтер+ме, таста-таста+ма

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

3. Сөйлемдер құрастыру.

Біздің үйде қоқыс құбыры бар. Қоқысты жәшікке таста. Әлібек інісінің сөмкесін көтереді.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.

Тыңдалым алды тапсырмасы.

(МК, Ұ) Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздерге түсінік беру: саябақ, балмұздақ, қуану, орама қағаз, ластау.

Ой шақыру:

  • Көшеде қағазды қайда тастайсыңдар?
  • Қоқысты жерге тастауға болады ма? Неліктен?

Тыңдалым кезіндегі тапсырма.

(Ұ) Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды, сұрақтарға жауап береді, мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді ретімен орналастырады.

Әділ анасымен саябаққа келді. Саябақта ол алтыбақан, әткеншек тепті. Анасы Әділге балмұздақ сатып берді. Ол қуанды. Әділ балмұздақтың орама қағазын жерге тастады.

Анасы:

- Әділ, қағазды жерден көтер, - деді.

Әділ:

- Неге? - деді

- Жерді ластама. Табиғатты аяла. Қоқыс жәшігіне таста.

(Ө) Сұрақтарға жауап береді:

1. Әділ анасымен қайда келді?

А. Саябаққа

Ә. Мұражайға

Б. Дүкенге

2. Анасы Әділге не сатып берді?

А. Сағыз

Ә. Балмұздақ

Б. Кәмпит

3. Әділ балмұздақтың орама қағазын қайда тастады?

А. Жерге

Ә. Қоқыс жәшігіне

Б. Өзенге

4. Анасы Әділге не деді?

А. Табиғатты аяла.

Ә. Жерді ластама.

Б. Қоқыс жәшігіне тастама.

5. Мәтін не туралы?

А. Қоқысты тастамау

Ә. Балмұздақ жеу

Б. Саябақта қыдыру

6. Әділ балмұздақтың орама қағазын қай жәшікке тастау керек?

Жауап беріп болған соң, мұғалім оқыған дұрыс нұсқамен тексереді. Өз-өздерін бағалайды.

  • Мен өте жақсы түсіндім.(5 балл)
  • Мен жақсы түсіндім.(4 балл)
  • Мен орташа түсіндім.(3 балл)
  • Мен дұрыс түсінген жоқпын.(2 балл)
  • Мен мүлдем түсінген жоқпын.(0-1 балл)

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

(Ж) Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді ретімен орналастырады.

Сөйлемдер

Реті (1,2,3...)

Әділ балмұздақтың орама қағазын жерге тастады.

Анасы Әділге балмұздақ сатып берді.

Анасы: «Әділ, қағазды жерден көтер» - деді.

Әділ анасымен саябаққа келді.

Дескриптор:

- сұрақтарға жауап береді;

- сөйлемдер бойынша оқиғаның ретін анықтайды;

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш,

Көбелекше  ұшамыз,

Гүлдерге біз  қонамыз.

Бір, екі, үш.

Құстар болып ұшамыз,

Орманға біз барамыз.

(Ж) Берілген суретке қатысты сөздерді жазады. Сол сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырады.

Дескриптор:

  • суретке қатысты сөздерді жазады;
  • сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады;
  • тірек сөздерді орынды пайдаланады.

Кері байланыс: Тапсырманы орындау қиын болды ма? Не қиын болды?

Таныстырылым № 5

Қоқыс

Көтер

Таста

Таныстырылым № 6

Таныстырылым № 7

Таныстырылым № 8

Таныстырылым № 9

Таныстырылым № 10

Таныстырылым № 11-12

Сабақтың соңы

(5мин)

Рефлексия:

Үй жұмысы:

Тазалық ережесін құрастыр.

Таныстырылым № 13

Таныстырылым № 14

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу